cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Azattyq - Азаттық

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
11 315
المشتركون
+1924 ساعات
+1087 أيام
+10430 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

🗣 Азаттықтың Украин қызметінің "Схемы" деп аталатын жобасы да Ресейдің Тверь облысы Торопец қаласында өртенген әскери қойманың спутниктен түсірілген суреттерін жариялады Суреттерде өрт салдары, жарылған снарядтардан пайда болған 50-90 метрлік шұңқырлар көрінеді. "Схемы" жобасының мәліметінше, 18 қыркүйекке қараған түні Украина дрондары Ресей қорғаныс министрлігі бас зымыран-артиллерия кеңсесінің №11777 әскери бөлім аумағында орналасқан қоймасына шабуыл жасаған. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
إظهار الكل...
IMG_8207.MP44.11 MB
IMG_8208.MP42.49 MB
IMG_8209.MP42.86 MB
00:41
Video unavailableShow in Telegram
💬 Ресей армиясы Украинаның Сумы қаласындағы облыстық қарттар үйіне әуеден соққы жасады деп хабарлады Сумы облысы әкімшілігінің аппарат басшысы Игорь Кальченко өзінің телеграм-арнасында. Бір адам алған жарақатынан ауруханада қаза болды, тағы 12 адам жараланды деп мәлімдеді Украинаның мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі. 📹 "Суспільне" сайтының жазуынша, пансионатта егде жастағы 221 адам тұрған. Телеграм-арнасы соққы жасалған жерде түсірілген видеолар жариялады, солардың бірінде бүлінген пансионат ғимараты маңында жиналған қарт кісілер көрінеді, көбі арбада отыр. Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі соққы салдарынан ғимараттың техникалық және бесінші қабаты бүлінгенін айтты. Ғимараттан 147 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Украина билігінің хабарлауынша, қарттар үйіне басқарылатын әуе бомбасы түскен. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
إظهار الكل...
Обстріл Суми ТГ.mp451.90 MB
🤬 7
❗«Хезболла» тобының (АҚШ пен Батыс елдерінде террорлық ұйым деп танылған) жетекшісі Хасан Нассралла Ливанда пейджерлер мен рациялардың жарылуына Израильді айыптап, мұны «соғыс қылмысы я соғыс жариялау», «қызыл сызықтан аттау» деп атады. Ол Ливанда 4 мың пейджер мен рация жарылғанын, бұл жарылыстан жазықсыз адамдар мен балалар зардап шеккенін айтты. Нассрал кейбір пейджерлер істен шығып, кейбір пейджерлер өшіп, көп адам аман қалды деп отыр. «Хезболла» лидері бұл жағдайға қарамастан Газадағы соғыста ХАМАС ұйымын (АҚШ пен Еуропа одағы террористік ұйым деп таныған) «қолдай береді» деп мәлімдеді. 17-18 қыркүйекте Ливанда «Хезболла» ұйымының пейджерлері мен рациялары жарылып, кемі 37 адам қаза тапқан. Үш мыңнан аса адам жараланған. «Хезболла» мен оны қолдайтын Иран шабуылға Израильді айыптаған еді. Бірақ Израиль тарапы бұл айыптауға қатысты әзірге ештеңе айтқан жоқ. t.me/azattyq
إظهار الكل...
Azattyq - Азаттық

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website:

https://www.azattyq.org

📍Instagram:

https://www.instagram.com/azattyq/

👍 11😁 4😱 2
Photo unavailableShow in Telegram
🗣 Журналист Жәния Ұранқаева үкімет үйіне кіруге рұқсат алды Бұл туралы "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры хабарлады. Үкіметтің баспасөз қызметі журналиске қойылған шектеуді 31 желтоқсанға дейін қайта қарауға келіскен. 🧾 Ұранқаева үкімет үйіне кіретін болса, нысан ішіндегі режимді және кіру тәртібін сақтап, үкімет ғимаратында БАҚ өкілдері қызметін реттейтін өзге де құжат бойынша жұмыс істеуі керек. Қазақстанның ақпарат министрлігі тамыздың аяғында аккредитацияға қатысты жаңа ереже қабылдаған. Құжатта "ғимарат ішінде журналистердің жүріп-тұру тәртібін мемлекеттік органдардың өзі белгілейді" деп көрсетілген. Үкіметтің баспасөз қызметі журналистердің жұмыс істеу тәртібін осы ережеге сүйеніп өзгерткен. ❗️ Журналистер мен медиақауымдастық бұл ереже "сөз еркіндігін өрескел бұзу" деп дабыл қаққан. Ақпарат министрі Аида Балаева бұл ережеден "драма жасамауға" шақырған. Қыркүйектің басында Press.kz интернет басылымының Астанадағы тілшісі Жәния Ұранқаева жыл біткенше үкімет үйіне кіру құқынан айырылған еді. Бұған тілшінің министрлер кабинетінің отырысы өтетін үшінші қабатқа көтерілгені себеп болған. t.me/azattyq
إظهار الكل...
👍 19👎 1🔥 1🤡 1
Photo unavailableShow in Telegram
💬 Қырғызстанның экономика министрлігі Қазақстан жағына Ыстықкөлдегі пансионаттарды 3-4 жұлдызды қонақүйлердің деңгейіне жеткізуге 5 жыл уақыт беруді ұсынды. Шарттар орындалмаса, пансионаттар Қырғызстанға қайтарылады. 🇰🇬🇰🇿 2006 жылы Қырғызстан Қазақстанға "Олимп", "Самал", "Қазақстан" және "Университет" деп аталатын төрт пансионатты 49 жылға берген. Шартқа сәйкес, Қазақстан жағы оларды 3-4 жұлдызды қонақүйлерге айналдыруға тиіс болған. Бұдан бөлек, қызметкерлердің 80 пайызы Қырғызстан азаматы болуы керек еді. ⌛️ Бірақ келісімде оның уақыт жағы нақты жазылмаған. Төрт нысанның үшеуі қазір жабық, "Қазақстан" пансионаты ғана жұмыс істеп тұр. Бұған дейін Қазақстан үкіметі пансионаттарды жөндеуге және жақсартуға қаржы қарастырылмаған деген. ℹ️ 2008 жылы сәуірде Бішкекте Қырғызстан оппозициясы наразылық шеруін ұйымдастырып, Қазақстанға Шу және Талас облыстарындағы даулы жер телімдері мен төрт пансионатты бермеуді талап еткен. Ыстықкөлдегі төрт пансионат Совет одағы кезінде Қазақстан бюджеті қаржысына салынған. Бішкек полициясы ол шеруге шыққандардың біразын тұтқындаған. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
إظهار الكل...
🤡 11🤬 4👍 2👎 1
Photo unavailableShow in Telegram
🗣 БҰҰ Бас ассамблеясы Израильден 12 ай ішінде "басып алынған Палестина аумағынан кетуді талап еткен" қарар қабылдады БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарынан айырмашылығы мұнда құжаттың орындалуын міндеттейтін күші жоқ. Қарар Израильдің 1967 жылдан бергі Палестина аумағын басып алуын "заңсыз" деп таныған Халықаралық БҰҰ сотының консультативті қорытындысына негізделген. 🇮🇱 Израиль қарарды үзілді-кесілді айыптап, бұл Таяу Шығыстағы жағдайды онан сайын ушықтырады деп мәлімдеді. 124 ел құжатты қолдап дауыс берген. 14 ел қарсы болған, 43 қалыс қалған. 🇺🇸 Құжатқа АҚШ қарсы дауыс берген. АҚШ-тың БҰҰ-дағы уәкілі Линда Томас-Гринфилд ұсынылған қарар Таяу Шығыстағы бейбітшілікке жетелемейді және ол былтыр 7 қазанда Израильге шабуыл жасаған (дәл осы шабуылдан кейін Израиль Газа секторында әскери операция бастаған) ХАМАС тобын айыптамайтынын сынады. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
إظهار الكل...
👍 18🤬 2
Photo unavailableShow in Telegram
💬 Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан шақырған "Бірлік кубогына" қатыса алмайды Бұл туралы Қазақстан көкпар федерациясы Informburo.kz сайтына берген жауабында айтты. 🗣 "Федерация Ыстықкөл жағалауында өтетін "Бірлік кубогына" қатыса алмайды, себебі ол күндері басқа маңызды жарыстар жоспарланған. Көкпаршылар қазір сол ойындарға дайындалып жатыр" деп жауап қатқан. 16 қыркүйекте Қырғызстанның көкбөрі федерациясы Қазақстан көкпар құрамасының ойыншыларын 1 қарашада Ыстықкөл облысы Шолпан-Ата қаласында болатын "Бірлік кубогына" шақырған еді. Қырғызстан турнирді қауіпсіздік үшін көрермендерсіз өткізіп, төрешіні үшінші елден шақырмақ. 🇰🇬 Көрші елдегі федерация басшысы "төрешілер шешіміне я бірнеше ойыншының әрекетіне бола екі ел араздаспауы керек" деп мәлімдеген еді. 🔸 Көкпардағы дау неден шықты? Жақында Астанада өткен бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезіндегі көкпар финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстаннан 5:4 есебімен басым түскен. Ойын кезінде Қазақстан ойыншысы Қырғызстан ойыншысын қамшымен салып жіберген. "Төрешілер қол көтерген спортшыға шара қолданбады" деген қырғыз шабандоздары ойнаудан бас тартқан. Жай-жапсарды тексере келе қамшы сілтеген қазақ спортшысы ойыннан уақытша шеттетіліп, көкпар жалғасқан. Матчтан соң қырғыз көрермені ойын әділ өтпеді деді. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
إظهار الكل...
👍 23🤣 14🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
🔴 Жамбыл облысындағы тау-кен байыту кешенінде алтын өндіретін "Алтыналмас АК" компаниясында 18 қыркүйекте төтенше оқиға болды. Онда тау-кен массасы опырылып түскен. Топырақ астында болжам бойынша, бір жұмысшы қалған. Оқиғаны "өндірістегі қайғылы жағдай" деп атаған компания ақпаратты 19 қыркүйекте таратты. Оқиға орнында құтқарушылар істеп жатыр. ❌ Компанияның баспасөз қызметі Азаттыққа топырақ астында қалған жұмысшы әлі шығарылмады деді. Жұмыс тобы құрылып, арнайы комиссия оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатқаны хабарланды. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
إظهار الكل...
😭 5😱 4
Photo unavailableShow in Telegram
🗣 АҚШ вице-президенті, алдағы президент сайлауына Демократиялық партия атынан қатысатын Камала Харрис келесі аптада Украина президенті Владимир Зеленскиймен Вашингтонда кездесуі мүмкін 🇺🇸 Бұл туралы құпия дереккөзге сүйенген CNN арнасы хабарлады. Дереккөзге сүйенген Bloomberg агенттігі де бұл жөнінде жазды. Харристің Зеленскиймен кездесуі мүмкін екенін бұрынғы президент Дональд Трамп та Reuters агенттігі сұрақтарына жауап бергенде айтқан. 🗽 Зеленский келесі аптада Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына барады. Онда АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, оған Киевтің "жеңіс жоспарын" ұсынбақ. Тамызда Зеленский бұл жоспарды АҚШ президенттігіне кандидаттармен де талқылауға ниетті екенін айтқан. Жоспардың жай-жапсары құпия. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
إظهار الكل...
👍 22
💬 Кремль қарсылығына қарамастан Украинаға Үндістан снарядтары жеткізіліп жатыр Бұл туралы Reuters агенттігі жазды. Үндістан үкіметі мен қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі Reuters дереккөздері әңгіме аздаған оқ-дәрі туралы жөнінде болып отырғанын, оның көлемі Украинаның әскери импортының бір пайызына да жетпейтінін айтты. 🇨🇿🇮🇹 Снарядтар Киевке тікелей емес, Еуропа елдері, нақты айтқанда Чехия мен Италия арқылы жеткізіледі. 🇪🇸🇸🇮 Испания мен Словения арқылы Украинаға оқ-дәрі өндіруге арналған үнді компоненттері тасымалданған болуы мүмкін. Мәскеу Үндістаннан мұндай әрекетті тоқтатуды кемі екі рет сұраған, бірақ тасымалдау тыйылмаған. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
إظهار الكل...
👍 44😁 2👎 1
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.