cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

KzNews

Ең соңғы жаңалықтар

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
529
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
لا توجد بيانات7 أيام
-1130 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Photo unavailableShow in Telegram
Ақтөбе облысында шекара заставасында әскери қызметшіні атып өлтірген әскери қызметкерге үкім шығарылды. Оқиға 2023 жылғы 2 желтоқсанда Ақтөбе облысы ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің «Қиялы» шекара заставасында орын алды. Бастапқыда әскери қызметшіге «кісі өлтіру» бабы бойынша айып тағылды, бірақ кейінірек қылмыстық іс «аффекті әсерінен жасалған кісі өлтіру» бабы бойынша қайта жіктелді. Сот өлтірілген адамның айыпталушыға қатысты жүйелі түрде заңсыз әрекеттер жасағанын анықтады. Жағдайларды куәгерлер растады. Сондай-ақ тергеушілер сот-психологиялық, психиатриялық сараптамалар жүргізді. Мамандар шекарашаны қылмыс жасауға мәжбүр еткен деген қорытындыға келді. 13 қыркүйекте сот әріптесін атып өлтірген азаматты кінәлі деп тауып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Одан моральдық зиян да өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Танымал әнші Мейрамбек Беспаев жақында тағы бір мәрте әке атанбақ. Қуанышты жаңалықты әншінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.  «Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі — ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», — деп жазды әншінің әйелі Мархабат Беспаева.
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Қырғызстанның «Көкбөрі» федерациясы Қазақстанға қарымта ойын өткізуді ұсынған еді, деп хабарлайды Kznews.kz Қырғыз көкпаршылары Ыстықкөл жағасында 1 қарашада қарымта матч өткізуді ұсынып, Қазақстан құрамасын шақырған. Алайда, Қазақстанның көкпар құрамасы бұл матчқа қатыса алмайтынын мәлімдеді. Қазақстан федерациясының мәліметінше ол уақытта көкпаршылар басқа жарысқа қатысады. «Біздің көкпаршылар Ыстықкөл жағасындағы Келісім кубогына қатыса алмайды, өйткені көрсетілген күндерде басқа маңызды жарыстар жоспарланған. Қазіргі уақытта көкпаршылар сол ойындарға дайындалып жатыр», – делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 12 қыркүйек күні Астанада көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен ұтқан болатын.  Финалдық ойын барысында екі елдің көкпаршылары арасында қақтығыс орын алған. Артынша екінші орын алған қырғыз спортшылары марапаттау рәсімі аяқталмай жатып, трибунадан кетіп қалған.
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасының басшысына үндеу жолдады, деп хабарлайды  Kznews.kz ПРЕЗИДЕНТКЕ ҮНДЕУ Желіде тараған видеода қазақ ұлтына қарата бейәдеп сөздерді қарша боратқан екі қырғыз азаматын көруге болады. Сол бейнені бір көрсетіп алған Мейірмен Шекеев сөзін қырғыз басшысына қарата бастады. “Құрметті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мырза! Бірнеше күн бойы қырғыз азаматтарының әлеуметтік желіде көкпарға қатысты реніші қазақ азаматтарының намысына тиюде. Осыған байланысты сізден өтініш! Қазақ-қырғыз бір туған. Екі елдің арасына іріткі салып бүкіл қазақ халқына тіл тигізген екі тентекті тауып, өздеріңіз жазаға тартуды сұраймын,”- деді заңгер. Толығырақ
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Арона есімді жапон жігіті Қазақстанға мопедпен келген, деп хабарлайды Kznews.kz. Алыстан келген мейманды түнде көшеде көріп қалып, үйіне ертіп апарған жігіттің айтуынша, ол қазақ жеріне, соның ішінде Шымкентке бабасының сүйегін іздеу үшін келіпті. Түнде адасып жүрген жерінен видеоавторы кездесіп, жөн сұрасқан екен. Қазақша бірауыз сөз білмейді. Түнде адасып жүрген жерінен тауып алдық. Атасының сүйегін іздеп жүр екен. Мопедпен келіпті, — дейді TikTok желісін қолданушы. Үйіне әкеліп жуындырып, тамағын берген  ол енді Аронамен бірге оның бабасының сүйегін бірге іздемекші. Еске салсақ, Қазақстан жеріне жапондар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұтқын ретінде жеткізілген. Оларды совет билігі Қазақстанның өндіріс орындарында еңбек күші ретінде пайдаланған. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жапондардың зираты бар. Ал таяуда Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында да жапондар жерленген мола табылған.
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірінің соңғы күндерін қайда өткізіп, жаназасы қайда шыққаны белгілі болды, — деп хабарлайды Kznews.kz Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында танымал әнші Индира Елемес айтып берді. Марқұм Арман Дүйсенов өмірінің соңғы айларында танымал әнші Индира Елемеске тиесілі жертөледе орналасқан ән жазу студиясында тұрыпты. Өкінішке қарай, өнер иесінің ақтық демі де осы жерде таусылған. Индира Елемес Арман Дүйсеновті туған ағасындай көргенін айтады. «Жүрегі тоқтап қалып, бір сәтте өмірден кетіп қалды. Қатты қиналған да жоқ. Ауырып, төсек тартып жатып та қалмады. Студиядағы балалар айтады, су ішті, бәріміз «қалайсыз? бәрі жақсы ма?» деп сұрағанда «иә, бәрі жақсы» деп су ішті де жатып қалды. Сол жатқаннан бір сәтте кетіп қалыпты. Таңғы сағат 8-9-дар шамасы екен», — деп есіне алды Индира Елемес Арман Дүйсеновтің өмірден өткен күнін. Индира Елемес үшін Арман Дүйсеновтен айырылған сәт қорқынышты түстей.
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Қазір ел ішінде әскердегі сарбаздардың жағдайы қызу талқыланып жатыр. Жас жігіттер сау болып барып, мүгедек болып қайтып, тіпті сорақысы, табытпен оралып жатқан жайттар бар. Бұл жағжайлар баласы ер жетіп отырған ата-ананың уайымына айналып, тыныштық берер емес. Бұл сұмдықты қалай тоқтатамыз, осыдан кейін ата-аналарға қалай сенім ұялатып, әскерге өз еркімен баратын жастарды қалай жинаймыз? Осы туралы Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ринат Зайытов Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Kznews.kz Ринат Зайытов Қоғамдық бақылау туралы Заңның жұмыс тобында болған кезде Еділ Жаңбыршин және Қорғаныс министрлігінің өкілімен болған талқыны еске алды. «Қоғамдық ұйымдар, әскери бөлімшелерге кіруге рұқсат берілу керек дегенде жауапты министрлік «сендер шпиондарға жол ашып беріп отырсыңдар» деп уәж айтқан. Ол сенің қару қойылған қоймаңа бармайды, құжаттарыңа қол сұқпайды. Ол тек сенің казармаңды тексеріп, әскердегі сарбаздармен сөйлеседі. Толығырақ
إظهار الكل...
1
Photo unavailableShow in Telegram
Екі күнде 70 мыңға жуық адам жиналған Димаш Құдайбергеннің концертін ел жарыса талқылауда. Әлемнің 80 елінен 10 мыңға Тарта жанкүйерлері келген. Димаштың «Stranger» атты жеке концертін ұйымдастыруға 200-ден астам кәсіпқой маман атсалысты. Сонымен қатар 300-ден астам адамнан тұратын халықаралық өнерпаздар тобы өнер көрсетті. Олар Қытай, Ресей, Камерун, Гана, Уганда, Мексика секілді алыс-жақын елдерден келді. Димаш 3 сағат бойы тек жанды дауыста ән шырқады.
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Қайрат Сатыбалдыұлы қазақстандықтардан кешірім сұрады, — деп хабарлайды Kznews.kz «Құрметті сот,қадірлі қазақ елі. Кез келген азамат үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік болуы тиіс. Халқымызда сөз бар: «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» деген. Мен жасаған қателіктерімді мойындаймын. Маған қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдарға көмектесіп, бүкіл заңсыз қаржыны қайтарып жатырмын. Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару — елдің ырысын өзіне қайтару деп білемін. Бұл мемлекет басшысы қабылдаған маңызды шешімдердің бірі. Толығырақ
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Ақтау тұрғындарын пышақпен қаруланған адамдар туралы хабарламар қорқытты. WhatsApp-та қолына пышақ ұстаған адамдардың фотосы таралуда. Тіпті олардың 29 шағын ауданда үш адамды өлтіргені туралы жазылған. Фотода ер адам мен әйелдің бар екенін аңғаруға болады. Ал әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылар оларды діни ұйымның өкілдері деп тануда. Өңірдің полиция департаменті басылымға бұл хабарламалардың жалған екенін және Азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін жаза тағайындалғанын ескертті.
إظهار الكل...
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.