cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

men❤️‍🩹

оқшау ой. санаға салмақ салар сөз. терең ойдың телміріп соңына ерген. ілім дәриясынан маржан терген. көрген-баққан. оқу-тоқу. жазған-сызған.

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
9 223
المشتركون
+224 ساعات
+517 أيام
+79530 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

егізаяқ: Абай-Ғазали танымында надан деген кім? – есіл уақытын қайырсыз іске арнайтын, өз қолымен от көсеген қамсыз кісі. надан “бас көзімен” ғана ойланады. көңіл көзін шел басқан. ел көзі түсетін жерін жылтыратып сарсаңға түседі. Құдай қарайтын жүректе шатағы жоқ. терең ойдан, сау ақылдан қалған – өліммен бітіп жоғалатын нәрселерді құндылық көреді. сен өлген соң-ақ сені тастай қашатын жылтыраққа алданба. оны іздеп, уақыт арнап, жалғасын таппайтын сағымға салынба… “ғалымның хаты өлмейді” дейді қазақ. қабірден ары қарай да сенің үй жолдасың болатын жақсы амалға серік бол, көңіліңе соны медет тұт. ⏰осы жексенбідегі дәрісте осы іспетті егіз лебіз, егіз ой талданбақ. тіркелем десеңіз.
إظهار الكل...
56 9🔥 5👍 4💘 2
әр қазақ оқуы керек кітап – “Дайағашшы”, Ұларбек Нұрғалым. әр мұғалім оқуы керек кітап – “Ойлау” (“Mindset”) Кэрол Дуек. әр тілші оқуы керек кітап – “Сөздер сөйлейді”, Рәбиға Сыздық. әр оқытушы оқуы керек кітап – “Эмоциональный интеллект”, Д. Гоулман. әр әдебиетші тәпсірлеп бере алуы керек кітап – “Қара сөздер”, Абай. әр ғалым оқуы керек кітап – “Инновация”, Ави Йориш. әр психолог оқуы керек кітап – “Кимиа-и сағадат”, Имам Ғазали. мінезін түзеймін деген әр адам оқуы тиіс кітап – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасы. көркем әдебиеттен жалыққандар оқыса болады – “Дауысыңды естідім”, Рақымжан Отарбай. ғибрат іздеген әр адам оқыса болады – “Тағылым таразысы”, Құдайберді Бағашар. ❣️тиктоктағы тақ-тұқ, түкке пайдасы жоқ шуылдақтан тасыр түсінікті ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. соның алдын алып, санаға салмақ салатын контент жасасам ба дегем – анда-санда кітап талдау. жазылып қойыңыздар.
إظهار الكل...
🔥 107 62 10👍 8❤‍🔥 2🥰 1🤝 1
сөйлеу≠айту тыңдау≠есту тану≠білу шын≠ақиқат 1. көпіріп, лепіріп сөйлейтіндер көп, кесіп айтатындар аз. 2. тыңдаумен ештеңе тынбайды, есті кісі естиді. біріншісі – құлақтың функциясы, екіншісі – парасат-пайым. 3. қазақ тілін бәріміз білеміз, бірақ сөзін танымаймыз. 4. бүгін шындықты жеңгенмен, ертең ақиқаттан жеңілесің. шындық көп, ақиқат жалғыз. 💗осы жексенбі ойордалықтарға алғашқы дәріс өтілмек. сырттан келетіндерге орын бар екен. тіркелу үшін сілтемені басыңыз.
إظهار الكل...
87❤‍🔥 9🔥 5🕊 4👍 3
“бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек…” көріп отырсыздар, инфосығаны бар, инфопизнесмені бар, шын саудагері бар, жын саудагері бар бір-бірінің бетін шиедей етіп, артын ашып, күйе жағып, гу-гу өсек... бренд киім, дүрілдеген өмір, бипылдатқан көлік, аспаннан себелеп жауған тиын, аузымен құс тістеген коуч, алтын табақтан ас ішкізем деген көк етіктілер күнде өзгереді. контент үшін не істеуге де бар. дүние – сиқыр ілімін меңгерген Харут пен Маруттан бетер арбайтын нәрсе. ол әуелден оңғақ еді – өңі қашып, түсі оңып, шіріп жоғалатын қоқ. өміршең құндылықтар етегіне жармасу керек енді бізге. ілім, оқу-тоқу, терең ой, діл… жалпы, Құдайдың құзырында шыбынның қанаты құрлы құны жоқ нәрсені күшпен өңін айналдырып, елдің ішіне шоқ түсіріп, апшысын қуырып, қызықтырам деген кісінің өзі сарсаңға түседі…кеше инста ауылдың “аты шулы ақ биесі” ағынан жарылыпты: “жаздым, жаңылдым. өзім қарызданып-қауғаланып жүрсем де елге ақша табуды үйреттім, самооценкам нөл болса да, “самооценка” деген курс саттым. кешірім сұраймын халықтан” деп. о кісіні табаламаймыз. бірақ инста деген рияға толы мекеннің шын келбеті осы…
إظهار الكل...
🔥 79 42❤‍🔥 8 8💘 7👍 4
…өткенде универде кезекшілікке қойыпты. жетіп бардық. түлектер тіркеп жатыр екен. қалың нөпір, есі шыққан жеткіншек, ата-ана. консультация бердік мамандыққа қатысты. жүз отыз бірдеңе, жүз пәлен ұпай жинаған оқушылар келді. бір жапырақ қағазды толтыра алмай, кібіртіктеп, өте қарапайым нәрселерге он ойланып, тоғыз толғанып отырғанын көргенде…біздегі ұбт-ның мақсаты бөлек, бағыты бұлыңғырлау екенін түсіндім. ұбт білім-біліктен гөрі, оқудың техникалық жағын түгендейтін сарт-сұрт жүйе екенін аңғардым. …кітап көндірудің құралы боп кетті. жалаң ақпарат тықпаланған жерде мән күңгірттенеді. құр сан мен сипат ой-өрісті кеңейтіп, қиялымызды ұштамайды. балаға факт қана жаттатқан соң ол балаңыз сенгіш, көнгіш, ергіш келеді. бұны бүгінгі кітап жәрмеңкесінде Ескендір ағамыз Бестай да баса айтты. сыни ойлау, ішкі сарап, терең талқы себеп-салдар қатынасын сақтаған кісіде ғана болады. әдебиетте де сол – сюжет пен композицияны мазмұндау мақсат емес. сюжет-композицияны жалаң мазмұндатып шығатын, салдары мен себебін, мәнін талқыламайтын тіл-әдебиет мұғалімі – ортаңқол мұғалім. біздің ұбт нені тексереді? білім, таным, парасат, ой-сана ма? жоқ. ұбт есте сақтау қабілетін тексереді, соны ұштайды. енді жад жағынан бізді он орайтын жасанды интеллектіні қайда қоясыз? өлшем жаттау емес еді ғой. университетте емтиханды көбіне ауызша алатыным да содан. балаға Google, ChatGPT сартылдатып жауабын төге салатын сұрақтар қоймау, ойын түрткілеу, тереңге беттеу… сонда біз нені көксейміз? жаттау қабілетін дамыту ма, формаға “табыну” ма?! мектеп формула жаттап, қасаң қағидаларды зәуілдетіп жаттап шығатын жер емес…мектеп баланың талабын ұштап, табандылығын нығайтар мекен. 📚kitap festтен оймақтай ой-сарқыт. 14.08.24 mooz.
إظهار الكل...
171👍 36🔥 13 10💘 9🕊 4❤‍🔥 2
🔑 қолданып жүрген кілт қана жалтырап тұрады. құлып ашпаған кілтті тот басады. жігіт те сол – жауапкершілік алмаса, санаға салмақ салмаса, қарайып қалады. бауырым, ой еңбегін ұмытпайық. оңғаққа құмартпайық. жеңіл іс=жеңіліс.
إظهار الكل...
178🔥 25😍 7 3👍 3🕊 3💔 3❤‍🔥 2🤗 1
👀 екі көзі көрмегенді жоқ деп ойлайтындар – бар ақылы көзінде тұрған ниһаятлы* кісілер. бұл Абай айтқан меже – “көзінен басқа ойы жоқтар”. оның екі көзі материалдық әлемге байланып, жанын “тәннің түрмесіне” қамаған. екі қолыңмен екі көзіңді көлегейлесең, мына жарық жалған көрінбейді ғой. сен көрмеген екен деп мына әлемді жоқ дей алмаймыз. екі қолыңды түсір, көзің ашылсын, жол көрінсін, күн күлімдесін…өз нәпсісінің шырмауынан шыға алмай жүрген пенде пақырдың халі осы. “тән түрмесі” дегеніміз – ақиқатты көлегейлеген нәпсі қалаулары, “ішсем, жесем, жылтырасам, асасам”. басқа аңсары жоқ. бұны Шәкәрім әулие материализмнің сандырағы дейді: “затшылдық көзiн байлады, адастырып айдады. жан билемей, тән билеп, ақылдың соры қайнады”. көзін ғана ойлаған құлқынбай, бар ақылы көзіндегі затшыл-атеист, тән қамын күйттеген қарынбайдың мысалы осы. гүлдің иісін сезбесең, мәселе гүлде емес, мұрында деген сөз… *ниһаятлы – шектеулі, тар.
إظهار الكل...
❤‍🔥 50 19👍 14💘 5🕊 3 2🔥 1
зайырлы ел ≠ дінсіз ел. зайырлы қоғам = менің, сенің діни құндылықтарымыз, сеніміміз кемсітілмейді. керісінше, еркіндік беріледі. қорғалады. “светское государство” деп саусақ шошайтқыш, заң соққыш сүйрікауыздардың көбі “зайырлы” деген ұғымның терминдік мағынасына бойлай бермейді. сосын сіресіп бой бермейді. кісінің киіміне қарап кемсітіп, оның жұмыс істеп, оқуға түсуіне, еркіндігіне есі дұрыс адам қол сұқпайды. өткенде бір әйел ұялмай-қызармай “халал тамақты ұмытыңдар, қазақтар, заң соқпаңдар. мектепте халал тамақ деу деген не сөз?!” деп шатып отыр. сонда біздің қазақ атам заманнан арам асап келген бе…көрдіңіз бе, “зайырлы мемлекетпіз” деп түр жасап, тілін бұрап көкитіндердің көкейін тескен нәрсе елдің бірлігі, ынтымақ, толЭранттық емес, керісінше исламнан үрку, ұстанатындарға қыр көрсетіп, кекжию. қауғадай болған басында саңылау болса зерттер еді. олардікі сан ғасырғы қазақтың асыл дінін тұқырту, қыспақ кәдімгі. ондай қыспақты “зайырлы” деген өзі жете түсінбеген ұғыммен жылтыратады…
إظهار الكل...
153👍 26🔥 20 8🤩 5🕊 3❤‍🔥 2💔 2😍 1
🔑ақыл-айна ❤️сөзге шешен кісі үнсіз келеді. үнсіз тыңдайды. біз көп сөйлегенді шешен деп қаламыз. олай емес… оның шешендігі тілінде емес, құлағында. сиырдың сүті тілінде болатыны секілді. желінінде емес. ❤️бос уақытың көп болу үшін уақытты бос жібермеу керек. ал уақыттың тізгіні шықылдаған сағат емес, ниет-пейілге байланысты. ықылас қойған кісінің уақыты кең. ❤️тынығу дегеніміздің өзі жұмыс істеу, жұмыс дегеннің өзі тынығу болғаны абзал. ❤️әдепті әдепсізден үйренесің. ❤️өмірдің қадірін өлілер жақсырақ біледі. ❤️пешенеңе жақсылық та, жамандықта жазылған. нүктені өзің қоясың. қалай қоятының да белгілі. бірақ өзің қоясың. ❤️өзің үшін өмір сүргің келсе, біреулер үшін өмір сүр. кісі болатын кісінің кісіменен ісі болады.
إظهار الكل...
❤‍🔥 116 56👍 16🔥 13🥰 5💘 3
🤾‍♂️ сабақ басталуға таяды. жыл жемісті болғай! студентке оқытушыдан бірнеше кеңес: 1. ерте тұрып, ерте жат. күш-қуат пен шабытты таңнан аласың. таңның берекесі бүтін болуы кешті қалай өткізгеніңе байланысты. әбден кешке доп тепсең, түнімен көше кезіп, ойын ойнап, бөлме аралап, “сығаншылыққа” салынсаң таңға таяу делі-құлы боласың. 2. жатақхананың алдында қиялданып гитара шертіп, күшеніп ән айтқаннан түк пайда жоғын біл. желікке ергіш, талтаң қаққыш, дөнер жегіштерден аулақ. 3. староста болам деп тыраштанба. “балл қояды-ау” деп те арамтер болма. өз басым “аа, ыстарыста екенсің, қарағым” деп балл қойған, көз қысқан жерім жоқ. болып жатсаң, ниетің өзгелерге пайдаң тиіп, лидерлігіңді ұштау болсын. басқасы – кеудемсоқ домбыттық. 4. шама келсе, ұйымдарға тіркелмей қоя тұр (әсіресе, казгушниктер). би билеп жүріп қалатын “өнерауруы” барлар болады. оларды “өнер университетіне” қайқайту керек. орны сол… не оқып, не жазарыңды біліп ал. кітап алып алмасаң, оқулық бітіп қап, сандаласың. 5. кітапханадан шықпа. сонда “қон”. алғашқы семинарды бірінші боп айт. ешкімге кітап берме сосын. берген адамың ұстатпай кетеді. 6. шар ұстатып, қол соқтырып қоятын іс-шараларға қызықпасаң барма. кәнсерт деп еліріп жүргенде жеті аптаң зу етіп өте шығады. 7. группаластарыңды дұшпан көрме, сыйлас, тілектес бол. сан үшін сандалма. бөлмелесің ауатепкіш, темекішеккіш, сандалбай дарақы болса, қаш. ертең күн көрсетпейді саған. сен=ортаң. 8. өмір мен өлім мәселесі болмаса (фонетикадан дәріс оқыған Съезд ағайдың сөзі) сабақтан қалма, кешікпе. сабақтан қалу = ұпайсыз қалу. 9. су іш. семіріп кететініңді білесің. дұрыс тамақтан. тез дайындалатын кеспе жей берме. (түк көрмегендей) фюс ти, макси чай т.с.с. ішпе, жолама. таңғы асты тастама! екі жұмыртқаны суға қайнатып, жасымыққа қосып жегеннен қалтаң тесілмейді. тұра сала аш қарынға 7 қара мейіз жесең зейінің ашылады. әжуа құрмасын қорабымен алып, күн сайын екі-үшеуден шайнай жүрсең асқазаның ырақыметін айтады. жұтқан жұтамайды. 10. бөтен қаладасың. Алматыда адамның ала-құласы көп. кім көрінген, көк аттысы бар, көк етіктісі бар, әйтеу жігіт-мігіт, қыз-мызды қоя тұрған дұрыс. қалаға кеп, “мақабат табам, қол ұстасам, шашты жаям наканес” дегенді қою керек, қарғам. “мәһһаббәт, қызық, мол жылдар” әлі алдааааа… 0-шіні ұмытыптым: құлшылық! тілің дұға-зікірден, ойың шүкір-пікірден құрғамасын. бос басты шайтан сипайды, бос қалма, еңбек ет!
إظهار الكل...
464👍 51🤩 14🕊 12 9🔥 8❤‍🔥 6🤗 4🎉 3💘 3🤝 1
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.