cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Шылғау

Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
1 851
المشتركون
+224 ساعات
+97 أيام
+3530 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

30 адам "келісемін" десе ертеңге жинай берсек болады.
إظهار الكل...
19
Ертең жұма, бәлкім садақа бергісі келетіндер болар. Мүмкін бәріміз жиналып кітаптар алсақ қалай? Бір ауылға жіберсек сосын. Айына 50-60 кітап ала алар едік. Телеграм каналы бар біраз қыз жігіттер бар ғой, бәріміз қосылсақ. Жақсылықты ұрпаққа жасайық. Садақаны білімге берейік.
إظهار الكل...
👍 29 11
Өткенде соңғы он жылдан бері садақасын мектепке беріп келе жатқан кісіні көрдім. Меніңше осындай адамдар қоғамға үлгі болу керек.
إظهار الكل...
24👍 4
Кринждың қазақшасы "Көтті құрыстырмаш" Oskar Gasta
إظهار الكل...
👍 10 7
Мұраттың эфирін көремін деп внимание жетпей келіншегіммен қырылып қалдым #хаха
إظهار الكل...
🤣 32 3
Соңғы рет бір жыл бұрын контент салған тикток аккаунтыма кіріп қалсам іші қызып жатыр екен. Адамдар жазылып жатыр, пікір жазып у-шу. 18к адам қалыпты, 22 мың кезінде тастап кетіп едім.
إظهار الكل...
18
Жақында осы жігіттің әйелі өмірден өтті. Бір ауылда тұратын едік. Орталарында бала болмады. Әйелімен еріп келген ұлды өз кіндігінен шыққандай жақсы көретін. Арасында видеолардан әкеге қолғанат болып жүрген ұлды көріп, "ұлымыз қолғанат боп қалды" деген махаббатқа толы толқыныспен түсіріп тұрған ананың дауысын естіп риза боп жүретін едім. Жаздың басында ұзақ науқастан әйелі бақилық болды. Кейде бір адамға сынақ пен қайғыны неге молынан береді екен деп таң қаласың. Тағдыры ауыр адамдар болады. Бір қиындықтан сергіп бас көтере берсе екіншісі келіп аяқтан шалады. Өмірге келген кезде әкесінің ағасы баласы болмай бауырына салып алған жігіт екен. Дүниенің таршылығын да жоқшылығын да көп көрді. Бірінші үйленген жары бала болмай тастап кетті. Артынан асырап алған шешемен сиыспай одан да кетті. Енді өзі тірлік қылып, бас құрап мал жиып бастаған еді. Өмірдің көрсетері әлі таусылмаған екен. Жары өмірден өтті. Қайғыдан опырылып отырғанда қайын жұрты "сенен тышқақ лақ та келген жоқ деп, бүкіл малын сатып, артатын артып әкетіп қалыпты". Үйді де сатып ақшасын бер деген көрінеді. Жүре алмайтын бір қой бір лақ қалды қорада. Бір сиырды алып қалған екен балдызы" жемдеп қой соғымға сойып алып кетем" деген көрінеді. Не деген бітпейтін шытырман тағдыр еді. Жөні түзу, сөзі дұрыс жігіт еді. Соңғы естігенім ауылда күнде мас жүрген көрінеді. Тағдыр дейміз ау. Кейбір жанға зіл батпанды неге үйіп қояды екен?!
إظهار الكل...
😢 43 6
Repost from Шылғау
Аязда қойнына тығып әкелген гүліне қарап отырмыз. Сондай жылы сезім. Көздерінде қуаныш сезіледі. Гүлдерді байыппен орналастырып, іштей толқыныспен отыр. "Сегізінші мартта сыйлық алуға ақшамның реті келмей қалып еді. Бүгін осыны әдейі сатып алдым." дейді. Жылы жүзбен, қуанышпен, толқыныспен айтты. Екі горшоктағы тірі гүл сатып алыпты. Кішкентай гүлдер. Біреуі тіптен алақанға сыйып кететіндей ғана. Ол ұлыныкі. Аспандағы айды әперем. Сен үшін теңізді кешіп өтемін де емес қой мәселе. Көңілде. Шынайы ықыласта. Пейіліңді білдіру үшін бір құшақ роза мен бір түйір ромашканың айырмашылығы жоқ. Телефонмен әйеліне көрсетіп жатыр. Екеуі мәз. Бұл қалай алғанын айтып жатыр. "Бастары сәл үсіп қапты ештеңе етпейтін шығар" деп қояды, сәл кінәлі дауыспен. Телефонның ар жағынан әйелінің "жоға түк етпейт. Тамыры аман болса болды ғой. Өсіріп аламыз. Әдемі гүлдер алыпсың. Жазда гүлдейді ғой." деген жайдары, сүйіспеншілікке толы үні естіледі. Әлеуметтік желінің бір зияны осы шығар. Бәрімізге бақыт дегенің бай-салтаң өмір сияқты көрсетеді. Біреуі Дубайда, енді бірі Голливудта қыдырып жүр. Бірі геликпен, бірі бехамен серуендейді. Қызыл жасылға толы өмір. "Бәріміз" соған асығатындаймыз. Бақыттың бір кілі сол сияқты көрінеді... Жердің бір жерінде екі адам екі штук гүл алғандарына бақытты. Езулерінде күлкі. Тым арзан дүниелер. Жай ғана горшоктағы гүлдер. Бақыт- бәлки, жүректің тыныштығында. Солай, Джони
إظهار الكل...
45👍 4
Осы жылғы Барселона ұнайды. Өздеріне сенімді бола бастаған сияқты.
إظهار الكل...
10
Келіншегімнің пиндоштан маған заказ берген заттарының қызығын інілерім көріп жүр. Әр жолы берген төрт бес киімнің бір екеуі ғана шақ келеді. Қалғаны кішкентай боп қалады. Оны таратып береміз сосын #хаха
إظهار الكل...
😁 29🤣 7 1
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.