cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Zakon.qaz

Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!

Show more
Advertising posts
1 544
Subscribers
-324 hours
-77 days
-1530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

02:03
Video unavailableShow in Telegram
😳 Қорғаныс министрі қол астындағыларды ұрысты Руслан Жақсылықов генералдар мен әскери шенділердің жайбарақаттылығын сынға алып, әскердегі өлім-жітімді азайтуды талап етті. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
IMG_1306.MP410.75 MB
😁 2👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿 Жыл басынан бері 12 325 қандас елге оралған Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин айтты. «Жыл басынан бері елге барлығы 12 325 қандас келді. Былтыр қандастарды елге қоныстандыру саясаты түбгейлі өзгерді. Осының нәтижесінде солтүстікке қоныс аударған қандастардың саны өсіп келеді, ал оңтүстікке келетін қандастардың саны азайып жатыр. Атап айтқанда, былтыр қандастардың тек 6 пайызы солтүстікке барса, биыл осы көрсеткіш 36 пайызға жетті», – деді ол. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
👍 1 1🔥 1👏 1
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿 Футзалдан Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші туры аяқталды. Плей-офф кезеңге әр топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады. Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шықты. Қазіргі таңда 1/8 финалға Аргентина, Бразилия, Иран, Испания, Қазақстан, Марокко, Парагвай, Португалия, Таиланд, Франция командалары шықты. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
⚜️Тимур Әбілқасымов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
2
Photo unavailableShow in Telegram
🤔 Рамзан Қадыров Илон Маскқа ренжулі 17 тамызда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Илон Маск үстінде автоматы бар Cybertruck көлігін сыйға бергенін және оны Украинадағы соғысқа жіберетінін хабарлаған. Алайда 19 тамызда Илон Маск мұны жоққа шығарып, Cybertruck көлігін қашықтықтан өшіріп тастаған. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
😁 2🔥 1🤣 1
Photo unavailableShow in Telegram
😍 Паралимпиада ойындарының чемпиондарына пәтер мен ақшалай сыйақы берілді Айталық, елімізге алтын сыйлаған Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтер мен 30 млн теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 млн теңге табыс етілді. Күміс әкелген Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтер мен 25 млн теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 млн теңге берілді. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
👏 3👍 2
😍 Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы қашан аяқталатынын айтты «Қазіргі уақытта көпір құрылысы аяқталуға жақын. Екі бірдей облыстың, 6 ауданның арасын жалғайтын стратегиялық нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», – деп жазды ол желідегі парақшасында. Бұл көпір жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш, сүйіншілейтін үлкен жаңалық болайын деп тұр. Өйткені Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының Марқакөл, Күршім, Катонқарағай және Көкпекті аудандарының тұрғындары 50 жыл бойы жол азабын тартты. «Жазғы уақытта паром арқылы, қыс мезгілінде мұз үстімен жүрді. Талай адамның суға кеткені де жасырын емес. Сондықтан бұл көпірді салудың маңызы жоғары еді. Бұл – еліміздегі ең ұзын көпір болмақ. Екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1 316 метрді құрайды. Тәулігіне 80 мың көлікке дейін өткізе алады», – деді Берік Уәли. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
3👏 2🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚜️Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады Берік Асылов еліміздегі заңдылықтың сақталуы мен құқықтық тәртіптің жай-күйі, қадағалау органының басым бағыттардағы қызметі жөнінде мәлімет берді. Инвестициялық жобаларды қолдау туралы баяндады. Ел экономикасына 8,3 триллион теңге қаржы құйған 445 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген. «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында мемлекеттік органдардың инвесторларға қарсы 500 шешімі бекітілген жоқ. Қабылданған шаралар инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыра түсуге мүмкіндік берген. Биыл прокуратура органдары жалпы құны 262 миллиард теңге, соның ішінде шетелден 205 миллион долларға бағаланған активтерді қайтарған. Активтерді басқару компаниясына кәсіпорындардағы құны 82 миллиард теңге болатын мүлік пен үлестер берілген. Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданған. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
2
⚜️Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
👍 1 1
01:00
Video unavailableShow in Telegram
🥺 Ақтөбеде 9 жасар бала әткеншектен құлап, қаза тапты Оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді. «Қойылған диагноз: ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы. Сонымен бірге 103 қызметі жеткенше жүрекке массаж жасалғаны белгілі. Сол кезде қабырғасы зақымданып, өкпеге ауа жетпей қалған», – делінген хабарламада.  👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Show all...
IMG_1231.MP420.86 MB
😢 2💔 2 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.