cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

КТК жаңалықтары

Advertising posts
2 018
Subscribers
-224 hours
-37 days
-3430 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Алматыда тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды Наурызбай ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, 20 шаршы метр алаңды жалын шарпып, жиһаз және үй заттары өртенген. Құтқарушылар автосатымен және баспалдақпен 14 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. Одан бөлек 16 адамды эвакуацияланды. «Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі алдын ала болжам бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуы», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Show all...
🌳 Танымал әнші Jony өзіне сыйға тартылған көшетті ботаникалық баққа екті Елордалық әуежайда танымал әндердің авторы, орындаушы Jony-ге көшет сыйға тартылды. Сол күні Jony бұл ағашты қаланың ботаникалық бағына екті.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
✍️ Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Show all...
01:13
Video unavailableShow in Telegram
Үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы оқушыны анасы пышақтап тастады. Жарақат алған қыз Петропавлдағы ауруханаға жатқызылды. Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Show all...
2024.09.19_newskaz6.mp445.00 MB
01:47
Video unavailableShow in Telegram
Қазақстанда енді бүкіл мопед атаулы тіркеуге алынбақ. Ал оның иелері алты айдың ішінде А1 санаттағы жүргізуші куәлігін алуға міндеттеледі. Сенат "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілетін осындай бірнеше өзгертуді мақұлдады.
Show all...
2024.09.19_newskaz3.mp466.57 MB
💬 Қарағанды облысы ауылдарының бірінде карантин жарияланды 2024 жылғы 2-5 қыркүйек аралығында «Айбол» шаруа қожалығының «Сартау» қыстауында 14 бас үш айлық бұзау қырылып қалған. Сараптама актісі және эпизоотологиялық тексеру актісі негізінде ауылы әкімінің шешімімен «Сартау» қыстау аумағында карантиндік шаралар жарияланды.
Show all...
🗣Шығын 650 млн теңгеден асады: алаяқтық жасап, іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды «Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған. Астана қаласында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Show all...
03:02
Video unavailableShow in Telegram
Ел көрмеген видео. Алматыда күйеуінің қолынан қаза тапқан Әл-Бейне Зарипованың өліміне қатысты атышулы іс жалғасып жатыр. Бүгінгі процесте тергеушілер мен криминалистердің мәйітті тексергенде түсірілген кадрлар көрсетілді. Видео марқұмның жақындарын түгел жылатты. Айыпталушы Сабыржан Зариповқа да сөз берілді.
Show all...
2024.09.18_newskaz2.mp4116.12 MB
01:19
Video unavailableShow in Telegram
Төрт құтқарушы қаза тапқан «Майқайыңалтын» кен байыту комбинатының экс-директоры мен тағы бес қызметкері қамауға алынды. Оларға тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деген айып тағылған.
Show all...
2024.09.18_newskaz1.mp450.20 MB
⚡️ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Кешкі жаңалықтар https://www.youtube.com/watch?v=sqzbeukM8SI
Show all...
КТК: Қазақстан жаңалықтары 18.09.2024

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram:

https://instagram.com/aigerimaskarkyzy_ktk?igshid=NzNkNDdiOGI=)

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.