cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

Show more
Advertising posts
14 363
Subscribers
-824 hours
-517 days
-30130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
Аягөзде тағы бір әскери қызметкер көз жұмды Аягөздегі 10810 әскери бөлімінде жоғарғы оқу орынын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Ол Қызылордада университетте оқып, әскери кафедраны бітірген. Запастағы лейтенант болып шыққан. Осы жылдың 7 қыркүйегінде әке-шешесі, әжесі, атасы – барлығы жолға шығарып салған. 9 қыркүйекте жұмысын бастағанын хабарлаған. Айта кетейік, 10810 әскери бөлімі  Аягөз қаласында орналасқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Show all...
😭 8👎 2
Photo unavailableShow in Telegram
Шахтадағы жарылыс: Жамбыл облысында жұмысшы үйінді астында қалды Оқиға «Алтыналмас АК» АҚ тау-кен байыту кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды  Qaz365.kz. Тау жынысы опырылған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Тастардың жылжуы мен қиын географиялық жағдайға байланысты опырылған аймаққа кіру қиындап жатыр.  Компания апатты тергей бастады. Арнайы комиссияя төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Show all...
💔 1😭 1
Жетісу облысында елімізде теңдесі жоқ жаңа заманауи волейбол орталығы ашылды Бүгін Талдықорғанда «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған заманауи волейбол орталығының, спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылуы өтті. Мұндай жаңа орталықтың Қазақстанда баламасы жоқ екенін айта кету керек. Волейбол орталығында ерлер мен әйелдер құрамаларының негізгі командалары, жастардың қос командалары үшін екі бөлек жаттығу залы бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.
– Мемлекет басшысы бізге бұқаралық спортты дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау міндетін жүктеді. Осы орайда, «Жетісу» клубы үшін заманауи волейбол орталығының ашылуы спортшыларымыздың кәсіби өсуіне, өзіміздің жас кадрларды тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызуда. Алдағы уақытта «Жетісу» волейбол клубының Академиясын құрамыз. Оған орта мектептерден волейболға қабілеті бар балалар іріктеліп алынады. Бұл академияда олар жалпы білім беру бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, волейболмен қарқынды түрде айналысатын болады.
Толығырақ
Show all...
1
Photo unavailableShow in Telegram
Басында екі, соңында екі сөйлем қазақша айтып, мүсіркеп қорламаңдар – Ринат Зайытов Бүгін Мәжілісте Салық кодексінің жобасын және салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулері таныстырылды. Бірақ баяндама жасаған Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов көбіне орыс тілінде сөйлеуі депутат Ринат Зайытовқа ұнаған жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Президет Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында «Әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді» деп анық айтқан. Бәлкім, Евгений Кочетовқа, Роман Васильевич Склярға, тіпті Ринат Рифхатұлы Зайытовқа да кешірілетін шығар. Бірақ атасының аты Әміре, өзінің аты Азамат, әкесінің аты Біржан, өзінің аты Ержан деген азаматтарға мына жерге келіп шүлдірлеп тұрған жараспайды. Басында 2 сөйлем, соңында 2 сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, біздің мемлекеттік тілімізді қорламауға шақырамын», - деді Ринат Зайытов.
Азамат Әмрин бұған жауап бермесе, ал Біржанов мемлекеттік тілді меңгергенін жеткізді Видео
Show all...
👏 15👍 8
Photo unavailableShow in Telegram
«Олар бостандықта жүр»: Түркістан облысында кісі қолынан мерт болған такси жүргізушісінің туыстары әділ тергеу талап етті Түркістан облысында екі ай бұрын кісі қолынан мерт болған такси жүргізушісінің туыстары тергеудің әділ өтуін талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Такси жүргізген Қайсар Керімбаевты үш жолаушы тепкінің астына алып, көлігін тартып алмақ болған. Марқұмның туыстары осылай дейді. Іс бойынша тек бір адам қамауға алынған. Соққыдан ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында жан тапсырған. Бірақ қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір ғана адам қамалған.Қара жамылған отбасы осы жайтқа наразы. «Денесін өзім жуындырдым. Басынан миға қарай кіріп кеткен басы. Ешкім көріп жүрегі шыдай алмайды. Денесінің бәрі көгерген. Қолдарының барлығын жіппен байлаған. Бір адамның шамасы жетпейді ол істі істеуге. Үш адам істеген», – деді ол.
Show all...
👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
506 млрд теңге: «Жасыл даму» утилалымнан түскен қаражатты қайда жұмсады? «Жас даму» зауыттарды неге қыспаққа алып жатыр? «Жасыл даму» акционерлік қоғамына 2022 жылдың қаңтар айынан бастап 2024 жылдың 1-ші тоқсанын қоса есептегенде кәдеге жарату төлемінен 506,2 млрд теңге түсті. Оның ішінде көлік құралдарын импорттаушылардан түскен сома 230,3 млрд теңге. Халықтан жиналған бұл сомаға қандай жұмыстар атқарылып жатыр? «Жасыл даму» АҚ-ның редакцияға берген ресми жауабында былай делінген: «2022-2023 жылдары «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы жеңілдікпен қаржыландыру үшін отандық өндірістен шығарылған автокөлік сатып алатын жеке тұлғаларға 100 млрд теңге, автобустар лизингіне 30 млрд теңге және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 30 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді».  Толығырақ @qaz365.kz-ке жазылыңыз!
Show all...
👍 8👎 1
Photo unavailableShow in Telegram
Саясаттанушы: Бақылаушысыз – ешбір электоралды науқан әділ өтпейді 6 қазан елімізде АЭС құрылысы жөніндегі жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Тоқаев пәрмен беріп, Қазақстан қоғамы үшін аса маңызға ие осы электоралды процесс өтетін болып бекітілді. АЭС құрылысына қатысты қоғам пікірі әртүрлі. Оны жақтаушылар да, оған қарсылар да бар және тараптар өз пікірлерін қоғам талқысына ашық салуда. Десе де, «АЭС құрылысы туралы шешімді референдум арқылы, халық пікірімен санаса отырып қабылдаймыз», - деген саяси билік маңызды саяси науқанды бастап кетті. Кез келген саяси науқанның тағы бір ажырамас бөлігі – тәуелсіз бақылаушылар екені анық. Тәуелсіз бақылаушысыз өткен сайлауды заңды, әділетті әрі шынайы деп айтуға болмайды. Референдумға байланысты ел бойынша бақылаушылық жасайтын ұйымдар мен бастамашыл топтардың саны артуда. Бақылаушылық жасаймыз деп бастама көтергендердің бірі саясаттанушы Нұрболат Нышанбай болды.  Толығырақ
Show all...
👍 8 2🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Полиция басшысының ұсталуы – ІІМ пікір білдірді Әлеуметтік желіде Шымкент ҰҚКД қызметкерлері ПД ҚҚЕ бастығы (қаржылық қамтамасыз ету басқармасы) мен полицияның аға лейтенантын аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. Таратылған ақпаратта келтірілген шығын көлемі – шамамен 370 миллион теңге делінген. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратқанымен, бұл тұлғалардың шын мәнінде ұсталған-ұсталмағанын нақтыламады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.
«Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданады және кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. ІІМ кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік бойынша қағидатты ұстанымда», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз.
Show all...
3
Photo unavailableShow in Telegram
Парасат Танен: Мақсатымыз балалар контентімен табыс табу емес Телефонға телмірген жас бүлдіршіндердің ертегіге қызығушылығы – ғибраттан бұрын, эстетикалық ләззат беретін дүниеге ауып тұр. Осы мақсатта балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту үшін сапалы контент әзірлеп жүрген кәсіпкерлер аз емес. Солардың бірі – Парасат Танен. «Ordagen» жобасының жетекшісі Qaz365.kz тілшісіне алдағы жоспарымен бөлісті. - Балаларға арналған жоба авторы кім?
- Парасаттың карантин кезінде мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған сәтті жобасынан кейін, ата-аналар тарапынан «кішкентай бүлдіршіндерге де қазақша контент керек» деген ұсыныс түскен. Айтуынша, көп жылдардан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған анимациялық жобалар, әңгімелер мен ертегілерді топтастырып мобильді қосымша жасауды ойға алған идея авторы – Айбек Қуатбай. Сол жылдары өзі де кішкентайлы болған Парасат өскелең ұрпақтың ертеңіне алаңдап, қазақша мазмұнды контент жасау идеясын бірден құптаған көрінеді.
Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз.
Show all...
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.