cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Show more
Advertising posts
53 039
Subscribers
+2524 hours
-1607 days
-1 24230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

00:19
Video unavailableShow in Telegram
⚡️Қызылордада көше шамдарын қасақана сындырған қыз балалардың үстінен іс қозғалды 12 және 16 жастағы бұзақылардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тергеу басталды. Кәмелетке толмаған балаларының мұндай әрекеті үшін ата-аналары да жауапқа тартылуы мүмкін. 📺@qazaqstantv
Show all...
ШАМ.mp427.20 MB
2🤣 2
00:19
Video unavailableShow in Telegram
⚡️Қызылордада көше самдарын қасақана сындырған қыз балалардың үстінен іс қозғалды 12 және 16 жастағы бұзақылардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тергеу басталды. Кәмелетке толмаған балаларының мұндай әрекеті үшін ата-аналары да жауапқа тартылуы мүмкін. 📺@qazaqstantv
Show all...
ҚЫЗЫЛ.mp427.21 MB
00:41
Video unavailableShow in Telegram
ДДСҰ: Ливанда пейджерлердің жарылуы денсаулық сақтау жүйесін әлсіретті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Аталған ұйым сол жарылыстан зардап шеккендерге қажетті қан мен медициналық құралдарды үлестірген. Соңғы мәліметтерге сай, Ливанда пейджерлер жарылысынан 37 адам қаза тауып, 3 мыңнан астамы жараланды. 📺@qazaqstantv
Show all...
ливан.mp459.28 MB
😢 7😭 1
00:35
Video unavailableShow in Telegram
🌊Мажарстан астанасын су басты Ел астанасы Будапештте Дунай өзені арнасынан асып, қала орталығындағы жағалауларды су басты. Апта басынан бері елдің шығыс жазығындағы төменгі жағалаулар көлік қозғалысы үшін жабылған. Су деңгейі бір метрге жуық көтерілген. Мажарстан парламенті ғимаратының алдын да су басқан. Осыдан бірер күн бұрын Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан елдің су тасқынының ең ауыр кезеңінде тұрғанын мәлімдеген болатын. Жалпы, Мажарстаннан бөлек толассыз жауған жаңбыр салдарынан Орталық Еуропаның бірнеше мемлекеттерін су басты. Оның қатарында Чехия, Австрия, Польша, Румыния елдері бар. 📺@qazaqstantv
Show all...
мажар.mp456.28 MB
👍 5😢 2😱 1🤣 1
👮‍♂️Астананың нарколабораториясында 24 келіден астам психотроптық заттар тәркіленді Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды. Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млн теңге жер телімін сатып алып, аталған контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған. ✔️Елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. 📺@qazaqstantv
Show all...
😱 5😢 2👍 1👀 1😨 1
Аягөзде әскери қызметші көз жұмды Офицердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген ақпаратта.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Show all...
😭 6😢 1😨 1
Photo unavailableShow in Telegram
Тимур Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды 📺@qazaqstantv
Show all...
3👍 1
Оқушы сабаққа бармай, шахтадан алтын іздеген Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйекте Степногор қалалық полиция басқармасына 17 жастағы жасөспірімнің жоғалғандығы туралы хабар түскен.
«Оқушы 13 қыркүйектен бері мектепке бармаған. Жедел іздестіру шарасы барысында жоғалған жасөспірімнің ата-анасы, жақын туыстары мен таныстары, достары анықталып, сұрастырылды. Нәтижесінде жасөспірімнің Бестөбе кенті аумағындағы шахтаға түскені анықталды. Бала шахтадан шығарылып, туыстарына аман-есен тапсырылды», — деді ведомстводан.
Баланың сөзінше, ол шахтаға алтын іздеуге түскен.
Show all...
🤣 11😁 4🤔 2👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚽️Футзалдан Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші туры аяқталды. Плей-офф кезеңге әр топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады. Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шықты. Қазіргі таңда 1/8 финалға Аргентина, Бразилия, Иран, Испания, Қазақстан, Марокко, Парагвай, Португалия (чемпион), Таиланд, Франция командалары шықты. 📌Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақыты бойынша 17:20-да басталады. 📺@qazaqstantv
Show all...
🔥 19👍 3🎉 3😍 3👏 2
Photo unavailableShow in Telegram
❗️Абай облысындағы қайғылы жағдай: Бір адам қаза тапты Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды.
«Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды. 📺@qazaqstantv
Show all...
👍 4😱 4
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.