cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Тіл кеспек жоқ

Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://youtube.com/@tilkespekjoq?si=gokZeuGDIQ3Udpnn

Show more
Advertising posts
3 655
Subscribers
-324 hours
+127 days
+2230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Ресей армиясы Украинаның Сумы қаласындағы облыстық қарттар үйін бомбалады. Бір адам қаза болып, 12 адам жараланды. Фото: Медуза Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Show all...
🤬 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
🤩 Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадада үздік үштікте тұр. Олимпиадаға 188 ел қатысып жатыр. Қорытынды нәтиже 22 қыркүйек күні белгілі болады. 45-ші Шахмат олимпиадасы Венгрияда өтіп жатыр. Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Show all...
6🎉 3
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️ «Хезболла» тобының жетекшісі пейжерлер мен рациялардың жарылуына байланысты пікір білдірді Хасан Нассралла Израильді айыптап, оқиғаны «соғыс жариялау», «қызыл сызықтан аттау» деп атады Ол Ливанда жарылған 4 мың пейжер мен рациядан жазықсыз адамдар мен балалар зардап шеккенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, Ливанда «Хезболла» ұйымының пейжерлері мен рациялары жарылды. Жарылыс салдарынан 37 адам қаза тауып, үш мыңнан аса адам жараланды. Израиль әзірге ешқандай пікір білдірмеді. Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Show all...
🤡 2 1
00:48
Video unavailableShow in Telegram
❗️56 жастағы күзетші жергілікті блогерлермен болған жанжалдан кейін көз жұмған еді. Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. 🔗 Толығырақ сілтемеге өтіп көріңіз
Show all...
IMG_1534.MP44.06 MB
🤬 8😢 5 2
00:21
Video unavailableShow in Telegram
Желіде қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың үстелді ұрып, генералдардың жұмысын сынға алып жатқан видео пайда болды. Видеода Руслан Жақсылықов қазақ әскерінде өлім көбейіп жатқанын айтып, қайғылы оқиғалардың алдын алу керегін жеткізген. Қорғаныс министрі жиналыс өткізіп отырғанда Аягөзде әскери қызметкер өзіне қол салды. Офицердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 👀 Қорғаныс министрі әскердегі жағдайды реттеу үшін үстелді ұру емес, нақты реформа қажет екенін қашан түсінеді? Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Show all...
IMG_1533.MP41.74 MB
🤡 30👍 1😨 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Абай облысындағы Орлов кенішінде бір жұмысшы қаза болды Бұл туралы KAZ Minerals тобы хабарлады. Оқиға KAZ Minerals тобына қарасты Орлов жерасты кенішінде болған.
«Қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылған, оқиғаның себебі мен жай-жапсары анықталып жатыр», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Алтыналмас» кен орнында жұмысшы үйінді астында қалып қалды. Қазір жұмысшының іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Show all...
😢 6😱 2
Photo unavailableShow in Telegram
‼️ Журналист Жәния Ұранқаева үкімет үйіне кіруге рұқсат алды Бұл туралы «Әділ сөз» қоры хабарлады. Жәния Ұранқаева үкімет үйіне кіретін болса, нысан ішіндегі режимді және кіру тәртібін сақтап жұмыс істеуі керек. Press.kz журналисі Жәния Ұранқаева желтоқсан айына дейін үкімет үйіне кіру құқынан айырылған еді. Басты себеп — Жәния Ұранқаева министрлер кабинетінің отырысы өтетін үшінші қабатқа көтерілген. Журналистің айтуынша, билік ыңғайсыз сұрақ қоятын журналистерге қысым жасап жатыр. Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Show all...
11🔥 4🥰 1🎉 1
Photo unavailableShow in Telegram
Көкпардан Қазақстан құрамасы реванш ойынға қатыспайды Бұл туралы Қазақстан көкпар федерациясы Informburo.kz редакциясына хабарлаған.
«Федерация Ыстықкөл жағасында өтетін Келісім кубогына қатыса алмайды. Осы күндері басқа да маңызды жарыстар жоспарланып қойған. Сондықтан қазір көкпаршылар осы ойындарға дайындалып жатыр», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан Қазақстанға көкпардан реванш өткізуді ұсынған. 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары кездесіп, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Осы ойында екі құрама спортшылары арасында жанжал туып, ойын уақытша тоқтатылған. Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Show all...
12😁 7👎 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылордада «оқушы қызды жыныстық құлдықта ұстады» деп күдікке ілінген 13 адам анықталып, 11 адам қамауға алынды Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.
«13 адам анықталды, 11-і қамауға алынды. Екеуі үйқамақта. Қазіргі кезде бірқатар баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған», — деді ол.
Вице-министр ұсталғандардың қаншасы кәмелетке толмағанын айтпады. Қызылордада 16 жасар оқушы қызды сыныптастары азаптап, секс қызметке мәжбүрлеген. Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Show all...
8🤔 5🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
Дүниежүзілік көшпенділер ойынына бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінгені есіңізде шығар? Осы 5,7 млрд теңге бөлінген көшпенділер ойыны туристерден 300 миллион теңге ғана пайда тапты. Бұл туралы туризм министрлігі хабарлады. Доданы көруге 250 мыңнан астам адам келген. Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Show all...
🤡 18👎 4👍 3🔥 2 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.