282
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
- Subscribers
- Post coverage
- ER - engagement ratio
Data loading in progress...
Subscriber growth rate
Data loading in progress...
мен өзі бір сирек жандардың қасында ғана ән айтатын шығармын. соның өзінде әннің сөздерін алмастырып не өз ойымдағы мүлде басқа сөздермен айтып кетем. ол әдетімді жөндейтін екі адам бар. сіңілім мен жігітім. олар түзеткен сайын күлкім келеді, әсіресе сіңілім түзеткен сайын.
үйге көлікпен қайтып бара жатқанда жайлы ән тыңдап, терезеден самал желдің ләззатына бөленгеннен артығы жоқ. жаз сонысымен жайлы.
үйге көлікпен қайтып бара жатқанда жайлы ән тыңдап, терезеден самал желдің ләззатына бөленгеннен артығы жоқ.
үшеу боп теңіз жағада толқынға қарама-қарсы күйде әңгіме айттық. бұрынғыдай жеңіл емес, әңгімелеріміз тереңдеген. бәлкім, шын есейіп жатырмыз.
мысалы, қазір ғана сіңілім екеуміз балмұздақ алуға дүкенге электровелосипедпен бақытты боп, жылы желдің рақатына бөленіп бара жатқанбыз. қайтарда оның қуаты бітіп, зорға тасбақа ұқсап келген жайымыз бар. сонда да езудегі күлкіні айтшы.
:сөйтіп жәшікке қайталанбас бақытты күндер жиып жатырмын💖
үйдегі демалыс күндерім сондай мамыражай өтіп жатыр. асықпай кітап оқу. көруге үлгермеген подкаст, бағдарлама, дорамалардың орнын толтыру. әрине, қанған ұйқы. күннің әдемі шығысы мен батысына тамсану. үйдің дәмді тағамдары. отбасымның жылы-жұмсақ қамқорлығы.
:осының барлығы сондай ғажааап
Choose a Different Plan
Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.