cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

DALA INSIDE

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

Show more
Advertising posts
15 093
Subscribers
-624 hours
-487 days
-11130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Эгида Ш-2. Өмірзақ Естайұлының ресми қызметке оралу шансына нүкте қойылды Кезінде Түркістан, Қостанай, Оңтүстік-Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкімі, Премьер-Министрдің орынбасары болған Өмірзақ Шүкеев енді мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарға оралмайды. Егер жеке бизнеспен айналысса және ол заңды болса, оған ешкім тиіспейді. Ал қоғамдық жұмыспен айналысса, саясат тақырыбынан барынша алыс жүргені абзал. Биыл 60 жасқа толған, зейнет жасына әлі үш жыл уақыты бар, күш-қуаты тасып тұрған Өмірзақ Шөкеевке қатысты «Сол жағалау» ұстанымы осындай болып отыр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Өмірзақ Шөкеев Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетовтермен бір қатарда тұрып, «Ескі Қазақстандағы» ең танымал шенеуіктің бірі болған еді. Ресми мансабын ол 2022 жылы Түркістан облысының әкімі ретінде аяқтады. Қол астына қарайтын Кентау әкімі Дәурен Мақажанов пара алып сотталғанда, заң бойынша Шөкеев отставкаға беруі тиіс болатын.
«Отставка бойынша берілген өтінішті Мемлекет басшысы қанағаттандырды деген хабар жеткенде бұл Өмірзақ Естайұлы үшін шынымен де күтпеген соққы болды. Ол бес күн бойы өз-өзіне келе алмай жүрді», - деп сыр шертеді, дереккөз.
Биыл «Жаңа Қазақстан» Өмірзақ Шөкеевке Түркістан облысының құрметті азаматы атағын берді. Яғни арқадан сипап, жылы шығарып салудың қалыптасқан ишарасын жасады. Енді Естайұлы өз жұмыстарымен тыныш қана айналысып, өмірінің қалған жылдарын мағыналы да мәнді өткізіп, уақытын ұрпақтарына бағыттайтын сияқты. «Эгида Ш» операциясы қайталанбайтын болды 2022 жылы қызық оқиға орын алған. Оңтүстік өңірде белсенділігімен көзге түсіп жүрген саяси технолог Серік Байназаров Түркістан облысында әкім болып отырған Өмірзақ Шөкеевге «Эгида Ш» деп аталатын саяси пиар жоспарын ұсынады. «Осы жоспардың арқасында әкім креслосын сақтап қаласыз» деп үгіттеп, 1 миллион доллар сұраған. Мұның алаяқтық екенін бірден сезген Өмірзақ Естайұлы құқық қорғау органдарына шағымданып, іс «саяси технологтың» 5 жылға шартты сотталуымен аяқталды. Енді Иманғали Тасмағамбетов бір жылдан кейін ОДКБ-дағы төрағалығын басқа елдің өкіліне тапсырғаннан кейін, «Ескі Қазақстандағы» А категориялы шенеуіктердің заманы толығымен аяқталмақ. Буын алмасу процесі биліктің барлық тармақтарында жүрді. DALA INSIDE бұл қызық тарихи процесті бақылап отырады. Бізге жазылып алыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 31👎 1
⚡️ Берлин мен Астананың жасырын одағы: қазақ мұнайы Германияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етпек... Германияның Бранденбургтегі мұнай өңдеу зауыты Қазақстаннан мұнай жеткізуді ұзақ мерзімге созатыны мәлім болды. "Кәнцлер Олаф Шолцтың Астана сапары барысында жария етілген жаңалық екі ел арасындағы энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашады", - деп жазады DALA INSIDE. Бранденбург федералды аймағындағы Шведт қаласында орналасқан Petrolchemisches Kombinat Schwedt (PCK) зауыты бұрын Ресей мұнайына басыбайлы тәуелді болып, елдің солтүстік-шығысын жанармай және басқа да өнімдермен қамтамасыз еткен-ді. Алайда, Кремльдің Украинаға басып кіруі және осыған байланысты санкциялар салдарынан, Берлин ресейлік мұнай импортына шектеу қойып, жаңа тасымал көздерін іздестіре бастады. Нәтижесінде Қазақстанмен арадағы мұнай жеткізу келісімдері маңызды рөл атқарып отыр.
2023 жылдан бері PCK зауыты төмен қуатта жұмыс істеп келгенімен, Қазақстаннан келетін мұнай көлемін біртіндеп арттыру жоспары жүзеге асырылуда.
Былтыр еліміз осы зауытқа 1 миллион тонна мұнай жеткізген, биыл бұл көлемді 1,4 миллион тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Жаңа келісімдер қазақ "қара алтынын" 2024 жылдан кейін де үздіксіз жеткізуді көздейді. Айта кетсек, PCK мұнай өңдеу зауытының көп бөлігі "Роснефттің" неміс жеріндегі еншілес ұйымдарына тиесілі болғанымен (54%), Берлин 2022 жылы бұлардың бақылау пакетін сенімгерлік басқаруға алған. Бұл қадам Мәскеумен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында жасалған болатын. Қазір неміс шенділері Қазақстанмен Rosneft Germany арқылы қосымша келісімшартқа қол қойып жатыр. Осынау келісім мұнай тасымалын қауіпсіз ету және Rosneft Germany, PCK Schwedt, Miro және Bayernoil мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жасалуда.
Келіссөз нәтижесіне екі тараптың та көңілі толған тәрізді: немістерге 2025 жылдың аяғына дейін ай сайын 100 мың тонна мұнай жеткізіп тұруды мойнымызға алдық. Алдағы уақытта бұл көлемді ұлғайту мүмкіндігі де қарастырылуда.
Өз кезегінде Берлин "Роснефттің" Германиядағы еншілес кәсіпорындарына жаңа қожайын іздеп жатқан жайы бар. Жаңа меншік иесі табылса, Еурокомиссия тарапынан 400 млн еуро көлемінде қомақты субсидия бөлініп, Росток портынан Шведтке дейін созылып жатқан мұнай құбыры толық жаңарады. Бұл Қазақстаннан келетін мұнай көлемін арттыруға және жеткізу процесін жеңілдетуге ықпал етпек. Алайда, әлгі ақша тек "Роснефт" меншік иесі болмаған жағдайда ғана беріледі деген шарт бар. Қазақстаннан Германияға жеткізілетін мұнай Ресей аумағы арқылы өтеді. Мұнай тасымалы үшін қолданылатын негізгі маршрут — Ресейдегі "Дружба" мұнай құбыры. DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 63🔥 4💯 3👏 2🙏 2
🤜🔥 Қарашадағы шайқас: Қазақстан баж салығы үшін Ресей мен Беларусьпен айқаспақ Мәскеу мен Киев Қазақстанның ЕАЭС-тегі импорт пошлинасы мәселесін биыл тағы да комиссияға шығаруға деген ниетін жақтырмай отыр. 2022 жылы бұл тақырыпты Астана дұрыс көтере алмаған болатын. Енді біздің тарап есептеудің жаңа методикасын дайындап, осы методиканы Еуразиялық экономикалық комиссияда бекітіп алмақ.
"Жаңа методика қабылданса, Қазақстан үлесі біршама өседі. Сондықтан Ресей мен Беларусь тарапы жаңа методиканы қабылдатпауға тырысары анық. Біздің делегацияның келіссөздердегі дайындығы мен мысы сол кезде белгілі болады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Жаңа методикамен Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі айналысуда. Қазіргі үлес бойынша Еуразиялық экономикалық аймаққа импортталатын тауарлардан жиналатын баж түсімдерінен Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь – 4,86%, Ресей – 85,065% алып отыр. Бірақ ол бірнеше жыл бұрынғы картинаны есепке алып қабылданған еді. Қазір жағдай өзгерді және бұл үлес пропорциялары Қазақстан үшін мүлде тиімсіз. Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібі бойынша соңғы екі жыл статистикасы қаралады. 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ доллар деңгейінде тұрса, 2022 жылдан бастап динамикасы күрт өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға артқан. Оның ішінде кедендік баж салығы төленген импорт 61 миллиард долларды көрсетті. Қазақстанға келетін импорт бір жылда 20 пайызға артқан. Ал Ресейде осы кезеңде сыртқы сауда айналымы 16 пайызға қысқарған. DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 144😁 8💯 2🔥 1
🚀 Ресей 2025 жылдан бастап Байқоңырды қаржыландыруға қиналып отыр Роскосмос келесі жылдан бастап Байқоңыр ғарыш айлағын консервациялау туралы жабық консультациялар өткізе бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Роскосмос мекемелері, әсіресе маңызды болып саналатын жер серіктерін жасайтын «Хруничев орталығы» мен зымыран құрастыратын РКЦ «Прогресс» санкцияға ұшырағалы бері, Ресейдің ғарыш ведомствосы ауыр қаржылық жағдайға душар болды. Барлық халықаралық тапсырыстар тоқтағандықтан, ал Ресей әскерилері спутниктерін Плесецк ғарыш айлағынан ұшырып жүргендіктен, Байқоңырдан Роскосмосқа шығыннан басқа ештеңе түспей отыр. Ресей онсыз да Байқоңырда барынша қысқарып, 234 нысанды Қазақстанға қайтарып берген болатын. Өзіне тек ғарышқа зымыран ұшыратын инфрақұрылымды сақтап қалған. Бірақ оның өзін ұстап тұруға қажет шығындарды жаба алмайтыны байқалады. Ресей Федерациясы 2050 жылға дейін созылған келісім бойынша Байқоңырды жалға алғаны үшін Қазақстанға жылына 115 миллион доллардан төлеп отыруы тиіс. Биыл Ресейдегі бюджет дефициті 2 триллион рубльден асатыны болжанып отыр. Ол ішкі жалпы өнімнің 1,1 пайызы болады. Роскосмостың жағдайы өте мүшкіл. Оған не мемлекет көмектесуі керек, немесе нарықтан қарыз алуы тиіс. Биылдан бастап Роскосмос облигация шығару құқығына ие болды. Ол Ресей Қаржы министрлігінің «мекеме нарықтан өзі қарыз алсын, біздің оған тікелей субсидия беретін жағдайымыз жоқ» ишарасын білдіреді.
«Бюджетті қысқартқанда, Роскосмостың ең бірінші ойланатыны Байқоңыр», - дейді дереккөз. «Ал Роскосмос қазіргі соғыс жағдайында әскери бағдарламалардан басқа барлық бюджетті қысқартуға мәжбүр. Сондықтан келесі жылды Байқоңырдағы зымыран айлақтарының техникалық қамтылуы екіталай. Ресей Байқоңырды тек стратегиялық жағынан ғана сақтап қалуға тырыспаса, былайынша, қазір еш практикалық қажеті жоқ».
Ресей кетіп қалған жағдайда, Қазақстан өз бетінше Байқоңырды тек музейге айналдыра алады. Себебі қазір біз жыл сайын ғарышқа бөліп отырған 1 миллиард теңге ештеңеге жетпейді. «Восточный» әуежайын сақтап қалып, дамытып, Байқоңырды шетелдік туристер келетін культті орынға айналдыру идеясы жаман емес. Немесе Байқоңырды кәдімгі ғарыш старты ретінде сақтап, дамыту үшін Қытай, әлде Илон Маскқа жүгіну ғана қалып отыр. DALA INSIDE Роскосмостың 2024 жылғы қаржылық аһуалын мониторингте ұстап отырады. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 130😁 14🔥 4👏 4💯 4
⚡️ Менде ешқандай фобия жоқ! Тоқаев Жаңа Қазақстанның жауларына жауап қатты... Президент Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанға сес көрсетуге тырысатын түрлі теріс пиғылды күштерге жауап қатты. DALA INSIDE Тоқаевтың фобия деген сөзге ерекше акцент бергеніне назар аударды.
Президент осы арқылы қазіргі биліктің ескі Қазақстан өкілдерінен де, Кремль пропагандасынан да және басқа да радикалдарды тараптардан қаймықпайтынын көрсетті.
"Кейбір теріс пиғылды күштер, оның ішінде шетелде жүргендер де бар, мәселені ушықтыру арқылы қоғамдық пікірге ықпал еткісі келеді, елімізге орынсыз шүйлігеді", - деді Мемлекет басшысы. Тоқаевтың атап өткеніндей қазіргі жүйе әлгіндей провокацияларға төтеп беретін иммунитетке ие. "Қазақстанның қоғамында да, билігінде де ешқандай "фобия" болған емес, қазір де жоқ, болашақта да болмайды. Сондықтан ақша үшін ел ішіне іріткі салуды көздейтін мұндай жымысқы әрекеттерден түк шықпайды", - деді ол. Тоқаев әділетті қоғам құрудағы күресті тоқтатпайтынын тағы бір рет шегелеп, халықты түрлі арандатушылық әрекеттерден биік тұруға шақырды.
Ескі Қазақстан? Президенттің пайымдауынша өткенмен өмір сүруге болмайды. Ескі жүйеден кінә іздей беру адамның еңсесін түсіріп, өзгеге өкпе артуға алып келеді.
Президент төңірегіндегі менеджерлерге Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстан құру туралы талап қойған. Бектенов үкіметі осы бір стратегиялық мақсатқа жету үшін тынбай әрекет етуі тиіс. Жолдауды олигархат өкілдері де мұқият тыңдағаны анық. "Өткен отыз жылдағы дүние-мүлкіңізді заңдастырам дейсіз бе? Онда Қазақстан экономикасына ақша құй! Әр теңге үшін саудаласпай, қажетті шараның бәрін өз еріктеріңізбен жасаңыздар. Мұндай кәсіпкерлердің есімі жомарт жандардың "алтын тізіміне" жазылады. Ал одан бас тартқан немесе сөзбұйдаға салған кәсіпкерлерге қатысты әңгіме қысқа болады", - деді Президент. Бүгінгі мәлімдемеден кейін "комфорт зонадан" шыққысы жоқ кейбір олигархтардан маза қашты деседі. Бұл туралы алдағы күні айтамыз. Бізге қосылыңыз👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 87🤮 28👏 6🔥 4😁 2🙏 2💯 1
Photo unavailableShow in Telegram
🏦 «Тарифті өзің жинақта»: Bereke Bank кәсіпкерлерге қолайлы өнім ұсынды Bereke Bank жеке кәсіпкерлерге банктік қызметтерді өз бетінше таңдап, өзгертетін және банк комиссияларын 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей қызметтін ұсынып отыр. Бұл қызмет «Тарифті өзің жинақта» деп аталады. Кәсіпкерлер үшін маңызды қызметті қосу үшін сізге бірінші кезекте Bereke Bank B-Business қосымшасын жүктеп, тіркеліп, шот ашу (бұл қызметті онлай режимде тегін пайдаланасыз) керек. Бұдан кейін қосымшадағы «Тарифтер» бөліміне өтіп, әрі қарай, «Тарифті өзің жинақта» блогына кіріп, қажетті тарифтер мен лимиттерді таңдайсыз. Қажет болған жағдайда автоматты жаңарту функциясын қосып алуға да болады. Комиссияны төлеу үшін есептік жазбаны таңдап, өтінімге қол қойыңыз. Бар болғаны осы. 👉 Толық ақпарат https://dalanews.kz/kz/article/bereke-bank-tin-taryfti-ozin-jynaqta-qizmeti-jeke-kasipkerlerdi-artiq-shiginnan-qutqaradi.html
Show all...
👍 15😁 5😡 2
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз активтерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz. "Былтыр бизнес өкілдерімен өткен кездесуде бұл мәселе бойынша мен нақты ұстанымды айттым. Біз кәсіп иелерімен өзара келісімге келдік, яғни «капиталды заңдастыру» үшін міндетті түрде Қазақстан экономикасына қаржы салу қажет болады. Ең бастысы, салынған қаржы ел игілігіне жарауы керек. Бұл талапты нормативтік тұрғыдан бекітіп алу қажет. https://dalanews.kz/kz/article/toqaev-zansiz-aktyvterge-qatisti-malimdeme-jasadi.html
Show all...
Тоқаев заңсыз активтерге қатысты мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз активтерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

👍 51😁 7👏 4
👉 Экспортты күшейту бойынша тапсырма да қарқынды орындалуда. Жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлерді құру нәтижесінде 26 мың жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті. Оларды жүзеге асыру бірқатар маңызды экономикалық нәтиже береді деп күтілуде. 👉 Су бойынша жүктелген міндет абыроймен атқарылды. Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды. Барлық көлдер мен тоғандар суға толды. Қазақстан су державасына айналды.
Біздегі жер асты суларының қоры шамамен 40 текше километрді құрайды. Оның 15 текше километрі қазіргі таңда пайдалануға дайын. Бүгінде ел экономикасында бұл ресурстардың 7-10%-ы ғана қолданылады. Енді еліміз ауызсумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жерлерін суару және жайылымдық мал шаруашылығын қолдау үшін жер асты суларын белсенді түрде пайдалану, бұл ретте қорлардың сарқылуына және ластануына жол бермеу үшін қатаң бақылау тәртібін орнатпақ.
👉 Әлеуметтік көмек бойынша тапсырма шешімін тапты. 9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды. Жыл басында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру үшін Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Осылайша былтырғы Жолдаудың барлық баптары орындалды. DALA INSIDE өз кезегінде биылғы Жолдау мен оның орындалуына мониторинг жасайтын болады. Бізге жазылыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 37🤮 25😁 15👏 3🔥 2
🇰🇿 Үкімет Президенттің былтырғы Жолдауын 100% орындап бітті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы Жолдауының Үкіметке қатысты барлық тапсырмалары орындалды. Енді Үкімет, келесі аптада берілетін жаңа міндеттерді атқаруға толық дайын. DALA INSIDE былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдаудың тапсырмаларын шолып, орындалуын тексеріп шықты. 👉 Ең алдымен, бизнесті қолдау тапсырмалары орындалған екен. Үкімет жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдады.
Ол бойынша енді, жаңа жобаларды субсидиялауда негізінен өңдеу өнеркәсібі саласына басымдық (шамамен 50%) беріледі. Сондай-ақ бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды. Несиелер бойынша кепілдік беру құралы кеңейтіліп, атап айтқанда, кепілдіктер сомалары ұлғайтылды. Бизнес субъектілеріне 1 млрд теңгеден асатын несие сомаларына нарықтық шарттар бойынша кепілдік алу мүмкіндігі берілді.
👉 Экономиканы әртараптандыру бойынша тапсырмалар жақсы орындалды. Отандық өндірісті ынталандыру және офтейк-келісімшарттар жүйесін толық іске қосу бойынша бірқатар жүйелі шаралар қабылданған. Үкімет биыл өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін заңнаманы жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту, жеңілдетілген қаржыландыруды бөлу және отандық өндірісті ынталандырудың жаңа құралдарын енгізу жөнінде шаралар қабылдады. Машина жасау, мұнай химиясы, металдарды терең өңдеу және автомобиль жасау сияқты келешегі бар салаларға ерекше назар аударылады. Соның нәтижесінде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аталған секторда жиынтық көрсеткіші 105,1% болатын оң динамика байқалады. ЖІӨ-ге қосқан үлесі бойынша өңдеу өнеркәсібі бүгінде тау-кен өндірісі мен саудадан кейінгі үшінші орынды сақтап отыр – 13,3%.
Заңнамадағы өзгерістердің арқасында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары мен ірі тау-кен өндірісі компаниялары бастапқы алюминий мен мыс шикізатын ішкі қайта өңдеуді қамтамасыз ететін 25 келісімге қол қойды.
👉 Экономиканы дамыту жолында өңірлердің дербестігін күшейту бойынша тапсырма да толық атқарылды. Жергілікті билік органдарына бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымдық жобаларды басқару және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруда үлкен өкілеттіктер нақты берілді. Бұл халықтың өтініштері мен қажеттіліктеріне тез және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік ресурстарды икемді басқарып, өз облыстарының стратегиялық дамуына, атап айтқанда, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті білім мен денсаулық сақтау деңгейін көтеруге қатысты шешімдер қабылдай алады. 👉 Логистика, жолдар бойынша тапсырма артығымен орындалды. 2024 жылы жол-құрылыс жұмыстарының көлемі рекордты 12 мың шақырымға жетеді, оның 8 мың шақырымы еліміздің өңірлерін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар көлік күре жолдарын қамтамасыз ететін республикалық жолдарды құрайды.
Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың құрылысы, реконструкциясы және жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.
Ал халықаралық логистика – Транскаспий жобасына келсек, Үкімет Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан мен Грузия арасындағы 2027 жылға дейінгі кедергілерді жою және Орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша белсенді қимылдауда. Бұл дәліздің өткізу мүмкіндігін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Шығыстан Батысқа транзиттік жүктердің жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы қарашада Қытаймен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, соның ішінде Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік пойыздар бойынша бірқатар келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер 2024 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды. Бағыттың тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның бүкіл бойында бірыңғай мультимодальды сервис құрылды.
Show all...
DALA INSIDE

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

👍 31👎 23😁 20🤮 10💯 1
Photo unavailableShow in Telegram
🎁 Розыгрыш Apple Watch Series 9 и 100 000 ₸ фрибетами Болей за наших теннисистов на US Open и выигрывай топовые подарки 🎾 Для участия подпишись на 👉🏻 PIN-UP Bet Казахстан
Show all...
🤮 17👍 4
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.