cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Dala Finance

🏭 Нефтегаз, ГМК, химия, автопром 💻 IT, финансы, финтех Қазақша жаңалықтар мен сараптамалар @dalareklanabot

Show more
Advertising posts
623
Subscribers
-124 hours
-37 days
-1530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
Kaspi.kz акцияларын құлдыратқан зерттеуде не айтылды? Kaspi.kz акциялары NASDAQ биржасында бірден 16 пайызға құлдырады. Оған Culper Research компаниясының жасаған зерттеуі себеп болды. Онда Kaspi компаниясы америкалық инвесторлар мен реттеуші органдарды шатыстырып келген деген айып тағылған. Финтех-топ бұл зерттеу жұмысына қатысты ресми жауап беріп, жоққа шығарды. Даудың басы неден шыққанын, неліктен мұндай айып тағылып отырғанын Dalanews.kzтілшісі толығырақ тарқатты. Зерттеу жұмысындағы басты мәселелер Culper Research жасаған көлемді зерттеуде Kaspi.kz компаниясына қатысты негізгі қаржылық және саяси қауіптер тізілді. Оның ішінде Ресеймен арадағы байланысы Қазақстанға қауіпті екенін айтады. Kaspi рубльмен операция жасауға рұқсат бере ме? Зерттеуде айтылған келесі мәселе — Raiffeisenbank арқылы ақша жылыстату. Компания «ресейлік банктер арқылы аударым жасайды» дегенді ресми түрде жоққа шығарды. Бірақ зерттеуде Raiffeisenbank банк арқылы рубльмен операциялар жасалғаны айтылады. Қайрат Сатыбалдының Kaspi-ге қандай қатысы бар? Culper Research Қайрат Сатыбалдының Kaspi арқылы жүздеген миллион долларды жылыстатқанына баса назар аударған. Осылайша компанияның қаржы жүйесінде қылмыстық әрекеттер болған деп топшылаған. Зерттеуде былай дейді: «Сатыбалдының ісі тек Kaspi банкінің қаржылық әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар компания құрылтайшыларының жемқорлыққа қатысын да көрсетеді. Ресеймен тығыз байланыстың тағы бір ұшы «Kaspi-дің ресейлік нарыққа шығуы банктік қызметтермен шектелмейді. Компанияның электрондық коммерция платформасы ресейлік клиенттер мен жеткізушілерге белсенді түрде қызмет көрсетіп жатыр» дейді Culper Research. Санкция салынуы мүмкін бе? Culper Research Ресеймен арадағы байланыстың кесірінен Kaspi екінші реттік санкцияларға ұшырауы мүмкін дейді. Kaspi не деп жауап берді?
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе әлеуметтік желідегі парақшасында былай деді: "Шорт-селлерлерге жылдам табыс табуға жәрдемдесу үшін жасалған әдеттегі шабуыл ғана. Есептің деректері анық емес, инвесторларды екіойлы қылу үшін әдейі жасалған.
Еске сала кетсек, былтыр «шортистер» шабуылына Freedom Holding Corp. та тап болған еді. Hindenburg Research компания есебі жалған жасалды деп айыптаған. Кейіннен шетелдік тәуелсіз фирмалар тексеріс жасап, зерттеу жұмысындағы фактілердің жалған екенін анықтаған. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Қытай Шаньдун провинциясында қазақстандық QazTrade компаниясының өкілдігін ашқысы келеді Қытайдың Шаньдун провинциясының Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сун Цзюнцзи қазақстандық QazTrade компаниясының сауда өкілдігін ашуға ұсыныс тастады. Бұл мәселе ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің ҚХР-ға жасаған іс-сапарында талқыланды. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты негізгі мәселелер сөз болды. Қытай провинциясының өкілі сауда көлемін арттырып, сауда саясатын жетілдіру үшін жұмыс механизмін ойластыруды ұсынды. Осылайша екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық жақсарады дейді. Шаққалиев болса, қытайлық тараптың ұсыныстарын талқылауға дайын екенін білдірді.
«Біз былтырдан бері Қытаймен сауда-саттықты аймақтандыру принципі бойынша, әр өңірмен оның ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істеп жатырмыз», — деді министр.
Министрдің сөзіне сүйенсек, Қазақстан Шаньдунға агроөнеркәсіп кешені өнімдерін, ет және басқа да тауарларды экспорттай алады. Мысалы қаңтар-шілде аралығында Қазақстан мен аталған провинция арасындағы сауда-саттық $869,1 млн болған. Оның ішінде экспорт көлемі $348 млн болса, импорт —$521 млн. Қазіргі таңда QazTrade кеңселері Сычуань, Хубэй және Шыңжаң провинциялары мен Ұйғыр автономдық округінде жұмыс істеп тұр. Ал QazTrade болса, Сауда министрлігіне тиесілі. Мемлекеттік компания экспортшыларға шығынының кей бөлігін өтеуге, орта және шағын бизнес иелеріне қазақстандық шикізат емес өнімдерді өткізуге көмектеседі. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
⌨️Мектептер мен ауруханалардың электр қуатын пайдаланған майнерлер құрықталды Қаржылық мониторинг агенттігі Рудныйда 27 орта мектеп пен 13 аурухана тұтынатындай электр қуатын пайдаланған майниң фермасын анықтады. Майнерлердің бұл қылмыстық айналымы шамамен 100 млн теңгеге бағаланды деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі. Рудныйдағы топ Bitcoin криптовалютасын тиісті лицензиясыз өндірген. Агенттік биржада криптовалюта түсіп тұрған аккаунттар мен күдіктілер ақша шығарып алып отырған банктердегі шоттарды анықтады. Аймақтың электр желілеріне келтірілген зиян салыстырмалы түрде айтқанда 27 мектеп пен 13 аурухана пайдаланатындай мөлшерде деп бағаланды. Заңсыз ферманың қызметі осылайша жергілікті электр желілеріне әжептәуір зиян тигізген. Күдіктілердің кім екені анықталды. Олардың шотттары, мүліктері мен заңсыз өндірілген дижитал активтері сот арқылы тәркіленді. Тінту кезінде Қаржылық мониторинг агенттігі 150-ден астам майниң жабдығын (ASIC), желдету және суыту құрылғыларын, Wi-Fi мен роутерлер, телефондар мен ноутбуктар тапқан.
«Алдын-ала жасалған есепке сүйенсек, қылмыс жолымен түскен табыс пен айналым 100 000 000 теңге», — деп жазды Агенттік.
Биыл мамырда агенттік айналымы осы шамалас майниң фермасын Шымкентте де анықтаған еді. Олар 10 айға жуық уақыт бойы криптовалютаны заңсыз жолмен өндіріп отырған. Сонымен бірге Қостанай облысында да бірнеше азамат 230 млн теңгелік майниң жабдығын Ресейге заңсыз өткізуге тырысқан. Сот барлық жүкті тәркілеген еді. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
⚠️Қазақстандықтар кредитке белшеден батқан: Дүниежүзілік банк деректері солай дейді Дүниежүзілік банк 2024 жылдың бірінші жартысында қазақстандықтардың қарызы көбейгенін көрсететін деректер жариялады деп хабарлайды Dalanews.kz. Қаржы нарығын қанша жерден реттеуге тырысқанымен, жағдай мәз емес болып тұр. Себебі тұрмыстық несие алатын адам көп, инфляция шарықтап барады, ал пайыз мөлшерлемесінің жоғары болғаны біраз отбасының әл-ауқатыны кері әсер етіп жатыр.  Жылдың екінші тоқсаны тәмамдалды. Осы жарты жыл ішінде қарапайым азаматтар қарызының жалақыға қатынасы 47,7 пайызға жеткен. Бұл шама сонау 2008-2009 жылдардағы кризиске дейінгі деңгейден асып түскен. Демек, қазақстандықтар күн көріс қамымен қазір қарызды бұрынғыдан бетер көп алатын болғанын көрсетеді.
Соның ішінде тұрмыстық несиенің үлесі жоғары. Бір алып, ұзақ қолданатын тауарларды несиеге алатындар мен дижитал платформалар арқылы айлыққа дейін қарыз ала тұратындар қарасы көп. Ал ондай несиелердің пайыз мөлшерлемесі инфляция деңгейінен 3-5 еседей асып түседі. Соған қарамастан, жұрт тәуекелге бел буып несие ала беретін болып тұр.
Бұған не себеп? Тауарлар мен қызметтер құны қымбаттаса, тұрғындардың алуға шамасы келмеуі мүмкін. Сондықтан күн көру үшін амалсыздан кредит рәсімдейді. Одан қала берді пайыз мөлшерлемелері тым жоғары болғандықтан қарыз алатындардың жүктемесін ауырлата түседі. Бұған қоса азаматтардың алатын айлығы шайлығы жете бермейді. Себебі тұрғындардың табысы өте баяу өсіп жатқанын көріп отырмыз. Соның кесірінен қарыздарын ертерек жабуға шамасы келмей, ол аздай жаңасын ала береді. Оған дижитал қаржы құралының көбейгені мен кей кредиторлардың қолданатын маркетиң саясатын қосыңыз. Осының бәрі онсыз да күйі нашар халыққа әсер етпей қоймайды. ⁉️Салдары қандай? Осы аталған фактордың бәрі қатардағы қарапайым қазақтандықтарға ғана емес, экономикалық институттарға да әсер етеді. Олай дейтініміз — төленбеген қарыз көбейген сайын банктердің кредит қоржыны да нашарлай түседі. соныме нбірге тұтынушылық белсенділіктің де түсіп жатқанын айта кету керек. Қарызы өскен сайын тұрғындар кей тауар мен қызметтерді алмай қояды. Бұл экономикалық өсімге әсер береді. Түптің түбінде әлеуметтік жағдай қиындайды. Яғни проблемалық қарыз алушыларға саны артса, бұл әлеуметтік қақтығыстар мен кедейлікке әкеп соғуы мүмкін. Қазақстандықтардың кредитке белшеден батқанына реттеушілер мен қаржы институттары мән бермесе болмайды. Сарапшылар мұндайда кредит алуды қиындатып, тұрғындардың қаржы сауатын арттыру керегін алға тартады. Сонымен бірге балама қаржы көздерін дамыту қажет деген пікір бар. Яғни тұрмысы төмен тұрғындарға арнап банк кредитінің орнына микроқаржыландыру және кооперативтер сияқты құралдар қосу керек. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️fcbk 2024: Қаржы секторына жаңашылдық енгені қауіп-қатерді көбейте түспей ме? Бірінші кредиттік бюроның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «fcbk 2024: Бизнеске қарай» конференциясында Қазақстанның қаржы секторының болашағы жайлы талқы жасалды. Сол жиында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова бірқатар маңызды мәселені көтерді. Dalanews тілшісі сол мәселелерге шолу жасады. Стресс-активтердің салдары ауыр ⠀ Әбілқасымованың мәлімдемесіне сәйкес, кейінгі бес жылда Қазақстан банктерінің активтері екі есеге жуық өсіп, 56,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл елдегі ЖІӨ-нің 54%-ына тең. Дегенмен осы сандардың астарында қаржы жүйесіндегі талай мәселе тасаланып жатса керек. Шетелдік банк бәсекелес бола ма әлде жол жаба ма? ⠀ Әбілқасымова көтерген келесі мәселе — шетелдік ойыншыларды отандық нарыққа кіргізу. Агенттік төрайымының айтуынша, бәсекелестікті күшейтуге жақсы әдіс болғанымен, шетелдік банктерді оңды-солды кіргізудің тәуекелі барын ұмытпауымыз керек. Микроқаржы ұйымдарына қатысты не айтты? ⠀ Агенттік төрайымы микроқаржы ұйымдарының банктерге айналу мүмкіндігі нарықта жаңа банк құрылымдарының пайда болуына әкелуі мүмкін деп отыр. Бірақ бұл экономиканың дамуына нақты үлес қосатын құралға айнала ма, әлде жаңа шағын банктердің көптеп пайда болғаны мен олардың жеткіліксіз пруденциялық нормалармен жұмыс істегені қосымша мәселелер тудыра ма? Оны да уақыт көрсетеді. Синдикатталған несие: жаңа мүмкіндік пе, әлде тәжірибе ме? ⠀ Қаржы секторының жаңа тренді — синдикатталған несиенің енгізілуі. Әбілқасымова төрт ірі жоба бойынша 444 млрд теңге көлемінде қаржыландыру басталғанын хабарлады. Бұл бастама болашағы зор болып көрінгенімен, нарықтың синдикатталған несиелендіруге қаншалықты дайын екені белгісіз. Банк секторындағы реформа: жаңа заң үміт отын жаға ала ма? ⠀ Әбілқасымова банктер туралы жаңа заңның қабылданатынын жариялады. Онда финтех секторын дамыту және банк саласына инновациялар енгізу қарастырылған. Алайда, бұл заң қаржы секторын модернизациялауға қаншалықты ықпал ететініне қатысты нақты жауап жоқ. Мақаланың толық нұсқасы — сайтымызда Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
Талғат Ысқақов: Отандық өндірісті дамыту үшін ішкі нарықты қорғау қажет Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауда терең өңдеу тәсілдерін меңгеру қажет екенін ерекше атап өткен еді. Инвестор тартып, аймақтарды өркендету үшін қандай әрекет жасалуы керегін Bal Tekstil кілем фабрикасының бас директоры Талғат Ысқақовтан сұрадық.
Кәсіпкердің айтуынша, отандық өндірісті дамытып, инвестор тарту үшін бірінші кезекте ішкі нарықты қорғау қажет. «Мысалы көршілес Өзбекстанда ішкі нарық қорғалғандықтан, өндірісі жақсы дамып жатыр. Ол жақта шетелден келетін дайын өнімдерге кедендік баж салығы жоғары. Ал бізде импорттық тауарларға баж салығы төмен. Осы себепті бізге шетелден дайын өнім әкеліп сатқан тиімді. Отандық өндірісті дамытып, өз бұйымдарымызды шығару қиын. Шетелдік өндірушілермен бәсекелесу оңай емес. Сондықтан өзімізден шығатын өнімдердің шетелдік баламасы болса, жолына акциз не қосымша салық секілді кедергі қою керек. Оны белгілі бір мерзімге, 5-10 жылға қойса болады. Яғни бастысы аяққа тұрып кетуге көмектесу қажет» дейді Талғат Ысқақов. 
«Жалпы алғанда бізде мемлекет тарапынан отандық өндірушілерге қолдау жақсы. Жеңілдетілген несиелер, жер телімдері — бәрі бар. Жетпей тұрғаны — ішкі нарықты қорғау ғана. Осы әрекет болмағандықтан, инвесторлар қызықпайды. Келесі бір айтатын жайт: шикізат күйінде шетелге сатуға тыйым салған жөн. Мәселен оңтүстікте мақта егіледі. Соны шикілей сатуға тыйым салу керек. Сонда ғана мақтадан — жіп, жіптен мата жасалады. Сол кезде мемлекеттен тікелей қолдау керек болады. Қолда бар затты тереңдетіп өңдеуге мүмкіндік қажет». Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👏 6🍌 1
Photo unavailableShow in Telegram
Жолдау: Салық төлемегендердің есепшоты толық бұғатталмайтын болады Енді қарызы бар салық төлеушілердің барлық есепшоты бұғатталмайтын болады. Берешекке белгілі бір шек қойылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында айтты. 
«Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеті туындап отыр. Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеп әрекет етпей-ақ, өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін хабарлама жіберу арқылы көтеруге болады деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, салық берешегі шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс.
«Яғни, борышкердің банктегі есепшоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қойғанын талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет», - деді Президент.
Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Президент: Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет Үкімет 17 ірі жобаның тізімін жасады. Онда терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдаланып, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. «Мен жақында Қарағанды облысында болдым. Сол кезде Qarmet металлургия комбинатына бардым. Отандық инвестор келген соң, ондағы ахуал едәуір тұрақталған. Кәсіпорын жаңғыра бастады. Бұл қадам өндірілетін өнім көлемін айтарлықтай арттыруға тиіс. Саран қаласының экономикасын әртараптандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда автокөлік доңғалағы мен тұрмыстық техника шығаратын өндірістер іске қосылды. Соның арқасында бұл елді мекен моноқалалар санатынан шығарылды. Басқа да моноқалаларға дем беру үшін осы тәжірибені қолдану қажет. Жалпы аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту керек. Биыл арнайы Жарлықпен Алатау қаласы құрылғанын білесіздер. Бұл қала қарқынды дамитын, инновация кеңінен қолданылатын әрі білікті мамандар жұмыс істейтін орынға айналуы қажет. Үкімет онда жайлы өмір сүріп, табысты еңбек етуге, инвестиция салуға қолайлы жағдай жасауға тиіс. Автокөлік құрастыру ісінде оң нәтижелер бар. Осы қарқынды сақтап, жергілікті өндіріс көлемін ұдайы арттыру керек. Мемлекеттің автокөлік өнеркәсібіне көрсетіп жатқан жан-жақты қолдауы түптің түбінде толыққанды автокөлік құрастыру кластері ретінде елдің игілігіне айналуы қажет» деді Мемлекет басшысы. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
💡Қазақстан Тәжікстаннан электр энергиясын импорттауға келісім жасасып жатыр ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Тәжікстан Премьер-Министрінің орынбасары Усмонзода Усмоналимен және Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрінің орынбасары Манучехр Сафарзодамен энергетикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында Сәтқалиев Тәжікстан тарапының электр энергетикасындағы ынтымақтастық ниетіне оң көзқараста екенін атап өтті. Тараптар былтыр 2023-2032 жылдар аралығында «Рогунская ГЭС» ашық акционерлік қоғамы өндіретін электр энергиясын жеткізу бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойған еді.
«Меморандум шеңберінде Өзбекстан Республикасының электр желілері бойынша электр энергиясын транзиттеудің техникалық мүмкіндігі мен келісілген режимдері барын ескере отырып, Рогунск ГЭС-інен Қазақстанға электр энергиясының ықтимал экспортының техникалық параметрлері мен коммерциялық шарттарын қарастыру жоспарланғанын атап өткім келеді», - деп атап өтті А.Сәтқалиев.
Тараптар 2024 жылғы 15 қазанға дейін Орталық Азия елдерінің мүдделі ұйымдарымен іргелес мемлекеттердің энергия жүйелері арасындағы электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеуге шарттар жасасу мүмкіндігін пысықтауға келісті. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
Қарашығанақ пен Қашағанда екі газ өңдейтін зауыт салынады Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Shell компаниясының «мұнай мен газды барлау және өндіру» бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен және Қазақстандағы Shell концернінің аға вице-президенті және төрағасы Али Әл-Жанабимен кездесу өткізіп, Қашаған мен Қарашығанақты одан әрі игеру мәселелерін талқылады. Shell компаниясы Қазақстанның стратегиялық серіктесі екені белгілі. Сәтқалиев осы серіктестің алдағы уақытта жалғасын тауып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенім білдіретінін айтты. Кездесу барысында тараптар Қашаған мен Қарашығанақты әрмен қарай қалай игеруге болатынын талқыға салды. Сонымен бірге Қашағанда өнімділігі жылына 2,5 млрд текше метр болатын газ өңдейтін зауыты концепциясының 2А фазасын жүзеге асыру мәселесі де айтылды. Ал Қарашығанақ жобасы бойынша оны алдағы уақытта дамытып, жылына 4,5 млрд текше метр өңдей алатын ГӨЗ құрылысы талқыланды. Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Шелл арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш салынады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👍 7
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.