cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Bugin.kz

Қазақстандағы және әлемдегі кейінгі жаңалықтар

Show more
Advertising posts
1 805
Subscribers
No data24 hours
-117 days
-5630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
😱 Абай облысындағы Орлов шахтасында 2 жұмысшының үстіне тау-кен топырағы опырылып түскен. Алған жарақатының салдарынан бір кенші қаза тапты. KAZ Minerals Тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды. «Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты», - делінген хабарламада. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
Show all...
00:32
Video unavailableShow in Telegram
Алматыда екі автокөлік соқтығысып, оның біреуі жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 18 қыркүйекте сағат 17:00 шамасында болған.
"ЖПҚ кезекші бөлімі мәліметінше, BMW маркалы көлік жүргізушісі Уәлиханов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Сәтбаев көшесімен қиылыста 2.4 "жол бер" жол белгісіне қарамастан қиылысқа шығып, Сәтбаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан Lexus маркалы көлікпен соқтығысқан. Инерциямен Lexus қозғалысын жалғастырып, белгіленген жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстік бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткен", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Салдарынан үш жаяу жүргінші мен Lexus жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлады полиция.
Show all...
Вчера_на_Сатпаева_Уалиханова_произошло_дтп,_подробности_уточняются….mp43.35 MB
😱 2
00:14
Video unavailableShow in Telegram
Семейде машинаға екі сиырды тиеп алған видео желіде тарап, қызу талқыға түсті. Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына “жайғасып” алғанын көруге болады. 35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Show all...
IMG_6717.MP44.83 MB
😁 2
⚡Өтірік мүсіркеп, мемлекеттік тілімізді қорламауларыңызды сұраймын — Ринат Заитов Бүгін Мәжілісте Салық кодексінің жобасын және салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулері таныстырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов құжатты орыс тілінде түсіндіріп айтты. Мәжіліс депутаты Ринат Заитов сұрағынан бұрын шенеуніктерді бұлай істемеуге, мемлекеттік тілді қорламауға шақырды.
"Президет Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында "Әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді" деген. Бәлкім, Евгений Кочетовқа не болмаса Роман Васильевич Склярға, тіпті Ринат Рифхатұлы Заитовқа да кешірілетін шығар. Бірақ атасының аты Әміре, өзінің аты Азамат, атасының аты Біржан, өзінің аты Ержан деген азаматтарға мына жерге келіп шүлдірлеп тұрған жараспайды. Сосын басында екі сөйлем қазақша айтып, соңында екі сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, біздің мемлекеттік тілімізді қорламауларыңызды сұраймын", - деді мәжіліс депутаты.
Show all...
Өтірік мүсіркеп, мемлекеттік тілімізді қорламауларыңызды сұраймын — Ринат Заитов

👍 8
Photo unavailableShow in Telegram
Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан үш адамның денесі табылды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайтыс болған үш адамның екеуі - әкесі мен ұлы. Марқұмдардың туысы оқиғаны Azattyq Rýhy тілшісіне баяндап берді. Туыстарының айтуынша, қайғылы жағдайға ауылдағы су тапшылығы мәселесі себеп болған.
Кегенде сумен проблема бұрыннан бар. Су болмай қалған кезде тұрғындар құдықты өздері ашып, су алудың амалын жасайды. Бұл жолы да сол сумен проблема болып, құдықты ашқан көрінеді. Бірақ олардың қалай түсіп кеткенін ешкім білмейді. Кеш батып, жақындары іздей бастаған кезде, құдықтың ашық тұрғанын көрген. Оларды тапқан кезде құдықтың іші суға толып, аяқ киімдері қалқып жүрген, - дейді Мақпал Шадан есімді ауыл тұрғыны.
Show all...
👍 2
00:44
Video unavailableShow in Telegram
😱 Шымкентте баланы таяқпен ұрып, "тәрбилеймін" деген күзетші бас бостандығынан айырылды Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жеке меншік компанияда жұмыс істейтін күзетші өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, қызмет барысында берілген арнайы құрал, яғни, «резина таяқшасымен» жасөспірімнің басы және кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулыққа «жеңіл» дәрежелі зиян келтіргенін мәлімдеді. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды. И есімді азамат ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Show all...
IMG_9110.MP43.80 MB
👍 2
00:25
Video unavailableShow in Telegram
15 қыркүйекте түнгі сағат 2 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 25-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен ақылы терминалдың бетон қоршауына соғылған, одан ұшып, алдында тұрған Hyundai Sonata көлігімен соқтығысқан. Chevrolet жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. - Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, болжам бойынша Chevrolet көлігін басқарған ер адам тізгінге ие бола алмай қалған, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Show all...
IMG_6632.MP48.88 MB
👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады 📌 Ғани Бейсембаев Президентке өткен жылы 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылғанын баяндады. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен. 📌 Жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. 📌 Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған. 📌 Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған. 📌 Президентке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобалар таныстырылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Show all...
👍 4
Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады 📌 Ғани Бейсембаев Президентке өткен жылы 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылғанын баяндады. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен. 📌 Жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. 📌 Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған. 📌 Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған. 📌 Президентке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобалар таныстырылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Show all...
Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады Мемлекет басшысына еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. 📌 Ғани Бейсембаев Президентке өткен жылы 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылғанын баяндады. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен. 📌 Жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. 📌 Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған. 📌 Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған. 📌 Президентке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобалар таныстырылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Show all...
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.