cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

AZYQ

Жазбаларым азық болар әркімге. t.me/anonaskbot?start=azyq_bot

Show more
Advertising posts
369
Subscribers
No data24 hours
-67 days
-3530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Жақсылықтың соңы – өкініш пе? Кейде адам жанын жеп, барын салып, қолын созып, жан-жағына көмектескенімен, ақырында өзің кінәлі болып қаласың. Жақсылығыңды міндет санап, сенің жасаған істеріңді ештеңеге татымайтындай көретіндер бар. Тіпті сенің жанкешті еңбегің мен ықыласың оларға әу бастан солай болуы тиіс секілді болып көрінеді. "Жақсылық жасағаным үшін қарыздар болып қалармын" деп емес, шын көңілден көмектесесің, бірақ соның артынан тізіліп кінә таққандарды көргенде, жүрегің мұздайды. Баяғыда ата-бабамыз "Жақсылық етсең де, адамнан қайыр күтпе" дегенді текке айтпаған. Бірақ сол айтылған өсиет бүгінгі күнде тіпті өзекке айналды. Қазір кімге жақсылық жасасаң да, арқасына мінгізіп алғысы келмей, керісінше сені құл қылып қойғандай әсерде қаласың. Адамдар сенің барыңды сыпырып алып, қайырымдылықтың шапағатын сезінбейді, керісінше, тағы да "тағы қандай пайда бар?" деген сұрақпен тұрады. Менің жан дүниемде бір ауырлық бар. Өзіме емес, өзгелерге арнаған әрбір жақсылығым артынан өзімді таппайтын жолға жетелейді. Әрбір рет көмектескен сайын, алғыс емес, қарыздар боласың. Бүгінгі қоғамға мейірімділік тек әлсіздіктің белгісі секілді көрінеді, ал жақсылық жасаған адам сол әлсіздіктің құрбаны болып, адамдардың міндетін атқарушыға айналады. Ешкім саған рақмет айтпайды, сенің жақсылығың олардың заңды құқығы секілді көрінеді. Сонда адам не үшін жақсылық жасайды? Өзгелердің төбесіне шығып, жаныңа салмақ салу үшін бе? Әлде жүрегіңдегі мейірімді аяқасты ету үшін бе? Жоқ! Адам жақсылық жасағанда, алдымен өзін алға сүйреп, өз жүрегін күшейту үшін жасайды. Бірақ осы қоғамда жүрекке, мейірімге орын азайып барады...
Show all...
4
Кеңінен қазбай, тереңінен қазып үйрену керек. #подкасттан
Show all...
4👍 1
Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде: من كذب علي متعمدا فليتبوأ مقعده من النار “Кім менің атымнан әдейі жалған сөйлейтін болса, өзіне тозақтан орын дайындай берсін” – дейді. Бұрын көптеген жалған хадистерді ойдан тоқыған каррамиттер ағымы өздерінің сол бір сорақы амалын ақтап алу үшін осы хадистен қате тұжырым жасап: “Хадисте “علي"(маған қарсы) деп келсе, біз Алла елшісіне ‎ﷺ қарсы емес, біз оған пайдамыз тисін деген ниетте ғана жалған хадистерді тоқимыз»,- деп өздерін ақтап алғысы келген. Алла баршамызды сол секілді бұзақылықтан сақтасын. Қазіргі таңда осы бір дерт қайта өршіп тұрғандай. Қарапайым халықты еш негізі жоқ істерге баулып, оның дұрыс еместігін айтсаң: “Онда тұрған не бар? Әйтеуір, адамдарды дінге тартып жүрміз ғой”- деп, өздерін ақтап алғысы келетіндердің саны артуда. Дін оған мұқтаж емес. Жақсылыққа шақырамын десең асыл негізі бар болған құран-хадиске әрі сол екеуіне сүйенген ізгілердің сөздерімен-ақ шақыруға болады. Ойдан бірнәрсе құрап әуре болма. Ұлы сахаба Абдулла ибн Мәсғудтың (Алла оған разы болсын) керемет бір сөзі бар: «Сүннетті жеткілікті мөлшерде ұстану (мейлі аз болса да) – (еш негізі болмаған) бидғат істі беріліп жасаудан әлде қайда хайырлы». (Мустадрак әл-Хаким, сунан әд-Дәрими📚) #архив2023
Show all...
3
Өткенге топырақ шашсаң, келешек саған тас атады. #подкасттан
Show all...
4
Сапар-ризықты арттырады. #подкасттан
Show all...
9
Сапар-ризықты артырады. #подкасттан
Show all...
Шүкір-барды байлау, жоқты қармау. #дәрістен
Show all...
6
Repost from Beisenali Olzhas
Ер адам өз ақшасын әрдайым жасырын ұстағаны жөн, егер де дүниесінің берекелі болуын қаласа. Тіпті өз баласы мен әйелінен жасырғаны жөн имам Ғазали айтпақшы.
Show all...
👍 3🐳 2 1👾 1
Repost from N/a
Исламтанушы мамандығын оқитындарға ‟Болашағы барма?” деп емес ‟Болашағы күшті иә?”деген сұрақты қоюу керек.
Show all...
9😭 4🐳 2👍 1👾 1
-Балам,араласып жүрген достарың қайда кеткен? -Анашым оларға ақыретін ойлайтын дос керек емес екен!
Show all...
6🔥 2👍 1🐳 1👾 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.