cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Advertising posts
5 280
Subscribers
+324 hours
No data7 days
+3130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
♦️4️⃣2️⃣9️⃣-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Астында көлігі бар адам жаяу адамға, жаяу адам отырған адамға, қатарында кісі саны аз топ өздерінен әлдеқайда қарасы мол топқа бірінші болып сәлем береді», – деп айтты», – деген. Имам Бұхаридің риуаятында: «Жасы кіші болған жасы үлкенге сәлем береді» – делінген. (Бұхари, истизан 5-7; Муслим, сәләм 1). 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Show all...
14👍 5🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
📌 Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі". (Әбу Дәуіт/1531) 📌 Пайғамбарымыз ﷺ: «Кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады», – деген (имам Муслим). 📌 Пайғамбарымыз ﷺ: «Кім маған бір салауат айтса, оған Алла он салауат айтады және оның он қателігін кешіреді әрі оның дәрежесін он есеге көтереді», – деген. (имам Насаи). 📌 Пайғамбарымыз ﷺ: «Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», – деген. (имам Тирмизи). https://t.me/turtip_algandarym
Show all...
👍 5 3
✍️ 📌ПАЙҒАМБАРДЫ ﷺ КӨРУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН САЛАУАТ اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى رُوحِ مُحَمَّدٍ فِي الْأَرْوَاحِ ، وَعَلَى جَسَدِهِ فِي الْأَجْسَادِ، وَعَلَى قَبْرِهِ فِي الْقُبُورِ. Аллаһумма солли ‘әлә руухи Мухәммәдин фил әруах, уә 'әлә жәсәдиһи фил әжсәәд, уә 'әлә қабриһи фил қубуур. Уа, Аллаһым, рухтардың ішінен Мұхаммедтің рухына, денелердің ішінен Оның денесіне, қабірлердің ішінен Оның қабіріне салауат ете гөр! Имам Шағрани: Пайғамбарымыз ﷺ былай деген еді: «Кімде-кім салауаттың осы түрін айтатын болса, мені түсінде көреді. Ал кім мені түсінде көрсе, қиямет күні де көретін болады. Ал кімде-кім мені қиямет күні көретін болса, мен оған шапағат етемін. Ал кімге шапағат етер болсам, ол менің хауызымнан ішеді және Алла оның денесіне тозақты харам етеді». Кейбір «Дәләил» кітабына түсіндірме жасаған ғалымдар «жетпіс мәрте айтса» сөзін қосып айтады. «Афдалу салауат ғала сайиди садат» кітабының авторы Юсуф Набаһани: «Мен бұл салауатты жатар алдын тәжірибеден өткізу мақсатында ұйықтағанға дейін айттым. Сонда ай ішінен Пайғамбарымыздың ﷺ мүбарак жүзін көрдім. Онымен сөйлескен соң, айдан ғайып болды. Мен ұлы Алладан Пайғамбарымыздың ﷺ осы хадисте уәде еткен нығметтерінен қалғанын нәсіп етуін сұраймын». [«Афдалу салауат ғала сайиди садат», 123 бет] ©Ұстаз Бағлан Шежімбай 📗"Сырға толы салауат" (Дәләилу Хайрат) https://t.me/turtip_algandarym
Show all...
14👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
😢 2 1
♦️4️⃣2️⃣8️⃣-ХАДИС: Имран ибн әл-Хусайн (р.а.): «Бірде біреу Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Әссәләму аләйкум» – деп сәлем бергенде, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) де онымен солай амандасты. Әлгі кісі отырғанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Он» – деді дауыстап. Содан кейін тағы бір кісі келіп: «Әссәләму аләйкум уә рахматуллаһ» – деп сәлем бергенде, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) онымен де солай амандасты. Ол отырғанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жиырма» – деді дауыстап. Біраздан соң және бір кісі келіп: «Әссәләму аләйкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу» – деп сәлем бергенде, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған да дәл солай амандасып, ол отырғанда: «Отыз» – деді дауыстап», – деген. (Әбу Дәуіт, әдәб 132; Тирмизи, истизан 2). 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Show all...
9👍 3🔥 2
✍️ 📌 ШАПАҒАТҚА СЕБЕП БОЛАТЫН САЛАУАТ اللَّهُمَّ صَلَّ عَلَى مُحَمَّدٍ ، وَأَنْزِلْهُ المَنْزِلَ المُقَرَّبَ مِنْكَ يَوْمَ القِيَامَةِ. Аллаһумма солли 'әлә Мухәммәдин, уә әнзилһул мәнзиләл муқаррабә минкә йәумәл қиямати. "Уа, Аллаһым, хазіреті Мұхаммедке салауат ете гөр және Қиямет күні Өзіңе жақын дәрежеге (мәртебеге) көтере гөр!" Руайфағ ибн Сәбит әл-Ансариден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Кімде-кім: «Уа, Аллаһым, Мұхаммедке салауат ете гөр және Қиямет күні Өзіңе жақын дәрежеге көтере гөр» деп айтатын болса, менің оған шапағат етуім міндет болады». Ибн Кәсир бұл хадистің тізбегі жақсы екенін айтады. Басқа риуаятта: «Өзіңнің құзырыңнан жақын орын бер», - делінеді. [«Афдалу салауат ғала сайиди садат», 110 бет] ©Ұстаз Бағлан Шежімбай 📗"Сырға толы салауат" (Дәләилу Хайрат) https://t.me/turtip_algandarym
Show all...
13👍 5
♦️4️⃣2️⃣7️⃣-ХАДИС: Абдуллаһ ибн Сәләм (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, адамдар! Өзара сәлемдесуді (бір-бірлеріңе бейбітшілік, береке тілеуді) кеңінен жайыңдар. Мұқтаждарды және бір-бірлеріңді тамақтандырыңдар. Араларыңдағы туыстық қатынасты үзбеңдер және ел-жұрт терең ұйқыда жатқанда тұрып намаз оқыңдар. Сонда аман-есен жұмаққа кіресіңдер», – деп айтқанын естідім», – деген. (Тирмизи, қиямә 42). 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Show all...
27👍 3🥰 3
♦️4️⃣2️⃣6️⃣-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сендер толық иман келтірмейінше, жұмаққа кіре алмайсыңдар. Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша, толық иманға келмейсіңдер. Ендеше, араларыңда сүйіспеншілік тудыратын істі айтайын ба? Өзара сәлемдесіп, амандық сұрасуды кеңінен жайыңдар», – деп айтты» – делінген. (Муслим, иман 93). 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Show all...
24👍 7🔥 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.