cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

БІЛІМ БАҚШАСЫ

Ақырет азығына арналған арна

Show more
Advertising posts
3 782
Subscribers
+124 hours
+147 days
+15530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

🤲 Білімді арттыратын бес дұға 1. Арабшасы: ﴿رَبِّ زِدْنِي عِلْمًا﴾. Транскрипциясы: «Робби зидни ‘илмән». Мағынасы: ﴾Уа, Раббым! Менің білімімді арттыра гөр﴿. То-һа сүресі, 114-аят. 2. Арабшасы: ﴿رَبِّ اشْرَحْ لِي صَدْرِي * وَيَسِّرْ لِي أَمْرِي * وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِنْ لِسَانِي * يَفْقَهُوا قَوْلِي﴾. Транскрипциясы: «Робби-шрах ли содри, уә яссир ли әмри, уәхлул ‘уқдәтәм мил лисәни, яфқоhу қоули». Мағынасы: ﴾Раббым! Көкірегімді кеңіте гөр, әрі ісімді жеңілдет және тілімнің түйінін шеш. Олар сөзімді түсінуі үшін﴿. То-һа сүресі, 25-28 аяттар. 3. Арабшасы: اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نَافِعا،ً وَرِزْقاً طَيِّبا،ً وَعَمَلَا مُتَقَبَّلَا. Транскрипциясы: «Аллаһуммә! Инни әс-әлукә ‘илмән нәф’иән, уә ризқон тойибән, уә ‘амәлән мутәқоббәлән». Мағынасы: "Аллаһым! Мен Сенен пайдалы білім, адал ризық және қабыл болатын амал сұраймын". 📚 Ибн Мәжәһ; (925), Ахмад; (26521). 4. Арабшасы: اللَّهُمَّ انْفَعْنِي بِمَا عَلَّمْتَنِي، وَعَلِّمْنِي مَا يَنْفَعُنِي، وَزِدْنِي عِلْمًا. Транскрипциясы: «Аллаhуммә-нфа’ни бимә ‘алләмтани уә ‘әллимни мә йанфә’уни уә зидни ‘илмән». Мағынасы: "Аллаһым! Берген біліміңді мен үшін пайдалы ет, әрі маған пайдалы білім бер және менің білімімді арттыра гөр". 📚 Тирмизи; (3599), Ибн Мәжәһ; (251). 5. Арабшасы: اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عِلْمٍ لَا يَنْفَعُ، وَمِنْ قَلْبٍ لَا يَخْشَعُ، وَمِنْ نَفْسٍ لَا تَشْبَعُ، وَمِنْ دَعْوَةٍ لَا يُسْتَجَابُ لَهَا. Транскрипциясы: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин ‘илмин лә янфә’, уә мин қолбин лә яхшә’, уә мин нәфсин лә тәшбә’, уә мин дә’уәтин лә юстәжәбу ләһә». Мағынасы: "Уа, Аллаһ! Мен Сенен пайда бермейтін білімнен, Өзіңнен қорықпайтын жүректен, тойымсыз нәпсіден және жауапсыз қалатын дұғадан пана сұраймын". 📚 Муслим; (2722). ——————— ❗️Ескерту: Егер алып жатқан білім адамға пайда бермесе, міндетті түрде зиянын тигізетін болады. Аллаһ елшісі ﷺ айтқандай: وَالْقُرْآنُ حُجَّةٌ لَكَ أَوْ عَلَيْكَ. «Құран (шариғи ілім) – не сенің пайдаңа, не сенің зияныңа құжат». 📚 Муслим; (223). Және имам Суфьян ибн ‘Уйейна (рахимаһуллаһ) айтқандай: الْعِلْمُ إِنْ لَمْ يَنْفَعْكَ ضَرَّكَ «Білім егер саған пайдасын тигізбесе, онда ол міндетті түрде зиянын тигізеді». Осы сөзді түсіндіре отыра имам Хатиб әл-Бағдади (рахимаһуллаһ) былай деген: يعني إن لم ينفعه بأن يعمل به ضره بكونه حجة عليه. «Яғни, сол білімге сай амал етуі арқылы білім оған пайдасын бермесе, онда сөзсіз оған қарсы құжат болу арқылы зиянын тигізбек». 📚 Әл-Иқтидо; (1/82). ——————— Осыдан келе, Аллаһтан пайдалы білім сұрау өте маңызды істерден екені түсінікті болды. Ендеше осы дұғаларды жаттап алып, оны жақындарымызбен бөлісіп, бұл дұғаларды әрдайым айтып жүру арқылы пайдалы білімге бет бұрайық. Аллаһ Тағала баршамызға пайдалы білім берсін. Әмин. ––––––– #paidaly_bilim #мотивация #bilim #duga 🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Photo unavailableShow in Telegram
(Жалғасы): Дегенмен де, мəуліт тойлайтындар: «Мəулітте тұрған не бар? Бар болғаны Аллаһ елшісін (ﷺ) еске алу емес пе?» деп шығады. Біз оларға айтамыз: Егер сол нəрседе (мəуліт тойлауда) жақлысық болғанда, олар (сахабалар) бізді оны жасауда озып кеткен болар еді. Ал, Аллаһ елшісі (ﷺ) олар жайында Бухари мен Муслимде келген хадисте: خير الناس قرني، ثم الذين يلونهم، ثم الذين يلونهم «Адамдардың ең жақсылары – менің дəуірімдегілер. Сосын олардан кейін келетіндер, сосын олардан кейін келетіндер»,- деп кеткенін сен тым жақсы білесіңғой. Пайғамбарымыздың (ﷺ) дəуірі – өзі жəне сахабалары ғұмыр кешкен дəуір. Ал, одан кейінгілер – табиғиндер, ал одан кейінгілер – таба табиғиндер. Бұл нəрседе де ешбір талас жоқ. Олай болса, біз сахабаларды, табиғиндер мен таба табиғиндерді білім немесе амал бабындағы жақсылықтың түрінде озып кеттік деген нәрсе ақылға қонама? Ол нәрсе мүмкін бе жалпы? Біз жаңа ғана егер бір жақсылық болған болса, онда сәләф-солихтарымыз (алдыңғы өткен ізгілеріміз); олардың басында Аллаһ елшісі (ﷺ) сол жақсылықты білуде әрі оны жасауда бізді озған болар еді деген ортақ ойға келістік, солай ма, әлде бұл нәрседе күмәнің бар ма? – Қарсыласы: Дәл солай, ода еш күмән жоқ. – Шейх Альбани: Кәзіргі кезде тойланып жатқан мәуліт пайғамбарымыздың (ﷺ) заманында болмағандығына барлық адамдар бірауыздан келіседі. Демек, бұл жақсылық Аллаһ елшісінің (ﷺ) заманында да, сахабалардың заманында да, табиғиндердің заманында да, мұжтаһид ғалымдардың (мазһаб имамдарының) заманында да болмаған екен. Осы жерде: сен айтып жатқан жақсылық (мәуліт тойлау) олсылардың барлығына қалай ғана жасырын қалды екен? Сен маған осы сұраққа: «Олар бізден әлдеқайда білімді болғандары себепті оны білген. Не болмаса олар оны білмей өткен» деген екі нәрсенің бірімен жауап бересің. Егер олардың өзі білмей қалса, біз оның жақсылық екеннін қайдан ғана біліп қалдық? (Бізге дін солар арқылы ғана жеткен жоқ па?) Егер олар білген деп айтсақ, негізі осы жауап – мәулітті тойлауға рұқсат беретіндер үшін (олар оны білмей өткен деген жауаптан қарағанда) дұрысырық әрі абзалырақ жауап болып саналады. (Себебі, Аллаһ елшісін (ﷺ) дінде бір жақсылықты білмей өткен деп айыптау – күпір келтіру болып есептеледі. Ал, олар оны біле тұра жеткізбей кетті деу – Аллаһ елшісінің (ﷺ) және сахабалардың аманатшылдығына тіл тигізу болып саналады). Біз айтамыз: Егер білген болса, онда неге олардың, яғни, сахабалардың немесе табиғиндердің немесе ғибадатшылдардың біреуі қателесіп болса да сол жақсылықты істемеген? Жоқ әлде біз олардан қарағанда Аллаһқа жақынырақпыз ба? Олардың саны қаншама миллион бола тұра, бізден қарағанда Аллаһқа жақынырақ бола тұра, олардың біреуі де, бірде-бір рет оны жасамай өткендігі ақылыңа сыяма? Сен Аллаһ елшісінің (ﷺ): لا تسبوا أصحابي، فوالذي نفس محمد بيده لو أنفق أحدكم مثل جبل أحد ذهبا ما بلغ مد أحدهم ولا نصيفه «Менің сахабаларымды сөкпеңдер. Мұхаммедтің жаны Оның қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етейін! Сендердің біреулерің «Ухуд» тауындай алтынды Аллаһ жолында жұмсаса да, менің сахабаларымның берген бір уыс садақасына жете алмайды»,- деген сөзін білесіңғой. Осыдан келе, біз бен сахабалардың арасындағы айырмашшылықты аңғарған шығарсың?! Өйткені, олар Аллаһ елшісімен (ﷺ) бірге Аллаһ жолында күресіп, дінді одан тікелей, ешбір дәнекерсіз үйренген. Демек, біз сәләф-солихтарымыз; олардың басында тұрған сахабалар (Аллаһ олардан разы болсын) Аллаһқа бізден жақын бола тұра, әрі Аллаһқа жақындататын жақсылықты біле тұра, оны жасамай кеткен деген нәрсені мүлде елестете алмайды екенбіз. (Себебі, ол нәрсе мүмкін емес). Олай болса, мен бағанадан бері айтып жатқан нәрсем (яғни, мәуліттің дінде жоқ іс екендігі), Аллаһ қаласа, саған түсінікті болған шығар?! – Қарсыласы: Иә, әлхамдулилләһ, толық түсінікті болды!!! 🔖 Бұл пікірталас үстідегі жазбадан қысқартылып алынған 🔍 https://t.me/bilim_baqshasy
Show all...
БІЛІМ БАҚШАСЫ

Ақырет азығына арналған арна

📌 Имам Альбани мен мəуліт өткізуді дұрыс санайтын адамның арасында орын алған пікірталас – Шейх Альбани: Пайғамбарымыздың (ﷺ) туған күнін (мəуліт) тойлау жақсы іс пе, жоқ əлде жаман іс пе? – Қарсыласы: Əлбетте, жақсы іс. – Шейх Альбани: Тамаша. Ендеше, осы жақсылықты Аллаһ елшісі (ﷺ) жəне оның сахабалары білмей өткен бе? – Қарсыласы: Жоқ. – Шейх Албани: Мен сенің жоқ деген жауабыңмен қанағаттанбаймын. Негізінде, сен бірден: Əлбетте, жоқ! Аллаһ елшісі (ﷺ) жəне оның сахабалары осы бір жақсылықты білмей қалулары мүмкін емес. Өйткені, біз Ислам мен Иманды пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) жолы арқылы ғана үйрендік, қалайша енді біз ол білмейтін жақсылықты біліп қалдық? Бұл мүлде ақылға қонымсыз əрі болымсыз нəрсе деп жауап беруің керек еді. – Қарсыласы: Бірақ та, пайғамбарымыздың (ﷺ) мəулітін өткізу - оны еске алу баптан болғандықтан, ол нəрседе оны құрметтеу барғой! – Шейх Альбани: Сен айтып тұрған нəрсе - пəлсəпа (философия, ақылға берілу). Біз ол нəрсені де жəне ол нəрселерді айтқандарды да білеміз. Əрі олардың кітаптарын оқып та көргенбіз! (Бұның бəрі бос сөз). Алайда, Аллаһ елшісі (ﷺ) адамдарға дағуат қылған кезде Исламға толықтай шақырды ма, жоқ əлде таухидке (бірқұдайшылдыққа) шақырды ма? – Қарсыласы: Таухидке шақырды. – Шейх Альбани: Шақырған ең алғашқы нəрсесі – таухид. Сосын барып намаз парыз етілді, сосын барып ораза парыз етілді, сосын барып қажылық парыз етілді, сосын барып Исламның басқа да парыздары мен амалдары шариғат етілді. Демек, сен де дағуат қылуда (Аллаһ елшісі ﷺ көрсеткен) осы жолмен жүр. Біз қазір ғана сенімен Исламда Аллаһ елшісі (ﷺ) білмей өткен жақлысықтың болуы мүмкін емес екендігіне келістік. Себебі, біз жақсылықтың барлығын Аллаһ елшісі (ﷺ) арқылы білдік. Негізінде, бұл – ешбір адам дауласа қолмайтын мəселе. Əрі мен осы нəрседе күмəн келтірген адамды (яғни, Аллаһ елшісі ﷺ дінді жеткізгенде кейбір нəрселерді білмей қалған дейтін адамды) мұсылман емес деп білемін. Аллаһ елшісі (ﷺ) дінге қатысты барлық нəрсені жеткізіп кеткендігін бекітіп, күшейте түсетін хадистердің бірі – пайғамбарымыздың (ﷺ) келесі сөзі: ما تركت شيئا يقربكم إلى الله إلا وأمرتكم به «Аллаһқа жақындататын жақсылықтардың ешбірін де қалдырмастан, сендерге оны толық жеткіздім». Демек, егер мəуліт жақсылық əрі бізді Аллаһқа жақындататын ізгі амал болғанында, Аллаһ елшісі (ﷺ) оны бізге жеткізген болар еді, солай ма, əлде жоқ па? Сосын, мен айтып жатқан əрбір əріпте сен менімен қанағаттанбастан келісуіңді қаламаймын. Сондықтан, қанағаттанбай қалған жеріңде: Мен мына жерде қанағаттанбадым, кеңірек түсіндіріп жіберңізші деп айтуға сен толық еріктісің. Ендеше, осы жерге дейін айтқан нəрселеріме сен менімен толықтай келісесің бе? – Қарсыласы: Иə, толықтай сізбен біргемін. – Шейх Альбани: Аллаһ саған жақсылықтан жазсын! Олай болса, хадисте: «Аллаһқа жақындататын жақсылықтардың ешбірін де қалдырмастан, сендерге оны толық жеткіздім» делінген. Осыдан келе, біз мəуліт жасау рұқсат деп санайтындардың барлығына айтарымыз: Сендердің пайымдауларыңша; мəуліт – жақсы іс екен. Ендеше, не сол жақсылықты Аллаһ елшісі (ﷺ) бізге айтып кеткен немесе айтпаған. Егер, айтып кеткен деп жауап берсеңдер, онда сендерге Аллаһ бізге үйреткендей: ﴿هَاتُوا۟ بُرۡهَـٰنَكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَـٰدِقِینَ﴾ ﴾Егер шыншыл болсаңдар, онда құжаттарыңды (дəлелдеріңді) келтіріңдер﴿ деп айтамыз. Сөзсіз, сендер мəулітке ешуақытта ешбір дəлел келтіре алмайсыңдар! Біз (мəулітке рұқсат беретін) 'Алəуидің де жəне 'Алəуиден басқалардың да кітаптарын оқыдық. Олардың барлығының айтатын бар дəлелдері: мəуліт тойлау – жақсы бидғат деген бос сөз ғана. Негізінде, мəуліт тойлау рұқсат дейтіндер де, рұқсат емес дейтіндер де, барлығы да мəуліттің Аллаһ елшісінің (ﷺ) жəне сахабалардың уақытында, тіпті, төрт мазһаб имамдарының кезінде де болмағандығына бірауыздан келіседі. (Жалғасы астында)⬇️⬇️⬇️
Show all...
🎙Имам Альбани (рахимаһуллаһ): Мәуліт тойлау – дінімізде жоқ іс 📌 Имам Альбани мен мәулітті дұрыс санайтын адамның арасында орын алған ғылыми пікірталас ⬇️Аудармасы астында⬇️ 🔗 t.me/bilim_baqshasy
Show all...
Мәуліт.mp38.40 MB
📌 Ілім ізденушіге айтылған маңызды насихат Үлкен ғұлама шейх Солих әли-Шейх (хафизаһуллаһ) айтты: لو كل يوم تأخذ تفسير آية واحدة فقط، وحديث وشرحه، ومسألة فقهية واحدة، فقط ثلاث في اليوم اجتمع عندك في السنة كم؟ تفسير ٣٦٠ آية وتفسير ٣٦٠ حديث في سنة و ٣٦٠ مسألة فقهية... كيف خمس سنين،عشر سنين؟ تُصبِح طالب علم. «Егер күн сайын бір аяттың тәпсірін, бір хадистің түсіндірмесін және бір фиқһи (арам мен адал және ғибадат) мәселені алып, осы үшеуін ғана үйреніп отыратын болсаң, онда бір жылда сенде біршама білім жиналып қалады. Яғни, 360 аяттың тәпсірін, 360 хадистің түсіндірмесін және 360 фиқһи мәселені білетін боласың. Егер бір жылда осынша білім жинасаң, онда бес жыл, он жыл жиналатын білім қандай болмақ десеңші?! Сөзсіз, ілімі мол ілім ізденушіге (шейхқа, ғалымға) айналасың». 📚الأجوبة والبحوث (٥/٣٠٣). ——————— Сол сияқты Құран мен хадис жаттағысы келетіндер де күніне бір аяттан және бір хадистен тоқтамай жаттап отыратын болса, онда бірнеше жылдарда Құранды толық жаттап біткен қариға және біршама хадис кітаптарды жаттап шыққан хафизға айналатын болады. Алайда, адамдарды бұдан тосатын нәрсе – бір аят пен бір хадисті азырқанушылық. Себебі адам баласы Аллаһ Тағала айтқандай: ﴿وَكَانَ ٱلۡإِنسَـٰنُ عَجُولࣰا﴾. ﴾Адам баласы – тым тағатсыз﴿. Исра сүресі, 11-аят. Сондықтан, барлық білімді бір сәтте алғысы келеді. Сосын бір күнде бірнеше аят, біршама хадис жаттап, кейін көптеген айлар бойы жаттай алмай кетеді. Сөйтіп соңында ештеңеге қол жеткізбейді. Ал, негізінде сол өтіп жатқан уақыт бәрібір де өтіп жатыр. Арамызда намаз бастағандарына он жылдан, жиырма жылдан асқандар бар. Бірақ та Құранды толық жаттау былай тұрсын, тіпті Құранды арабша оқи алмайды. Сол үшін Араб елдеріне барып, бір күнде, бір жылда ғалым болып кетемін деген қияли сеніммен емес, өмірге шынайы көзбен қарай білу керек. Барлығын бүгін және аз-аздан үздіксіз режимде бастаңыз!!! Хадисте келгендей:  أَحَبُّ الْأَعْمَالِ إِلَى اللهِ تَعَالَى أَدْوَمُهَا وَإِنْ قَلَّ. «Аллаһқа ең сүйікті амалдар – аз болса да, жалғасымды болғандары». 📚 Бұхари; (5861), Муслим; (783). #paidaly_maqala #bilim 🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Show all...
📜 Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында ата-аналарға айтылған өте əсерлі өсиет Шейх Солих Фаузан (хафизаһуллаһ) айтты: Қазір жаңа оқу жылы басталуда. Соған орай ата-аналар балаларын мектепке тапсырумен білек түре шұғылдануда. Соған байланысты əкесі баласын өз көлігімен мектепке тасып жатады немесе оны таситын бір жүргізушіні жалдайды немесе мектепке барып-келу үшін баласына жеке көлік сатып алып береді. Бастысы, əкесі баласының дүниелік жағдайын немқұрайлы тастап қойған жоқ. Алайда, əкесі баласын мешітке алып келуге мəн берді ме? Немесе мешіттен кешігіп қалса, оны іздеп-сұрастырды ма? Немесе баласының иманы мен дініне пайдалы болған діни дəрістерді өзі беруге не болмаса салихалы адамдарға бергізуге көңіл бөлді ме? Немесе баласын Аллаһты еске алатын орындарға (мешіт-медреселерге) алып баруды ойластырды ма? Əлбетте жоқ. Өйткені, оның бар уайымы баласының мектепке барып-қайтуы жəне сабақтарында үздік болып шығуы ғана. Бұл (яғни, оқушының сабақты жақсы оқуы) — негізінде жақсы нəрсе əрі оның ешбір жазығы жоқ. Бірақ та, ата-ана баласының тек дүниелік сабақтарына ғана мəн берумен шектеліп қалмау керек. Себебі, одан да маңыздырақ нəрсе бар. Ол нəрсе — əкесі баласын мешіт-медреселерге, діни дəрістерге алып бару жəне оны жаман достардан сақтау. Өйткені, кəзіргі таңда адамдардың арасында арсыз да арам ойлар кең таралуда. Есірткілер мен ішімдіктер ашық та жасырын түрде кеңінен сатылуда. Сендер осының барлығын көріп-біле тұра, балаларың мен елдеріңе көңіл бөлуден қайда қалдыңдар? Елдерің сана-сезім, мінез-құлық жəне дін тұрғысынан астан-кестен болып, құрдымға ұшырауда. Ал, сендер болса осының барлығын тамашалап қарап тұрмақшысыңдар ма немесе жауапкершілікті басқа біреулерге жүктемекшісіңдер ме?! ——————— ✔️ Оқимыз әрі бөлісеміз #aserli_nasihat 🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Show all...
БІЛІМ БАҚШАСЫ

Ақырет азығына арналған арна

📚Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында ата-аналарға айтылған өте əсерлі өсиет 🎙 Имам Солих Фаузан (хафизаһуллаһ) ⬇️ Аудармасы астында ⬇️ ✔️ t.me/bilim_baqshasy
Show all...
жаңа оқу жылы.mp31.65 MB
📌 Құран оқудың сыйы мен артықшылығы Аллаһ Тағала Құран-Кəрімде былай дейді: ﴿إِنَّ ٱلَّذِینَ یَتۡلُونَ كِتَـٰبَ الله وَأَقَامُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَأَنفَقُوا۟ مِمَّا رَزَقۡنَـٰهُمۡ سِرࣰّا وَعَلَانِیَةࣰ یَرۡجُونَ تِجَـٰرَةࣰ لَّن تَبُورَ * لِیُوَفِّیَهُمۡ أُجُورَهُمۡ وَیَزِیدَهُم مِّن فَضۡلِهِۦۤ إِنَّهُۥ غَفُورࣱ شَكُورࣱ ﴾. ﴾Аллаһтың Кітабын оқитын, намазды орындайтын жəне Біз берген ризықтан (дүниден) жасырын əрі ашық түрде садақа беретіндер – ұтылмайтын саудадан үміт етеді. Аллаһ олардың сыйларын толық береді жəне оларға Өзінің кеңшілігін арттырады. Сөзсіз, Ол – Ғафур (Кешірімді), Шəкур (қайтарым сый Беруші)﴿. Фатыр сүресі, 29-30 аяттар. Осман Ибн Аффан (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген: خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ الْقُرْآنَ وَعَلَّمَهُ. «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің». 📚 Бұхари; (5027). Жəне Айша анамыздан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз ﷺ келесідей айтқан: الْمَاهِرُ بِالْقُرْآنِ مَعَالسَّفَرَةِ الْكِرَامِ الْبَرَرَةِ، وَالَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ، وَيَتَتَعْتَعُ فِيهِ، وَهُوَ عَلَيْهِ شَاقٌّ لَهُ أَجْرَانِ. «Құран оқудың шебері өте ізгі (құрметті) періштелердің деңгейінде болады. Ал, Құранды ежерлеп, қайта-қайта қиналып, оқитын адам екі сауапқа ие болады». 📚 Бұхари; (4937), Муслим; (798). Жəне Абу Умама əл-Бəһили (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ айтады: اقْرَءُوا الْقُرْآنَ؛ فَإِنَّهُ يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَفِيعًا لِأَصْحَابِهِ. «Құран оқыңыздар! Өйткені, қияметте ол – өзін оқыған адам үшін шапағатшы болып келеді». 📚 Муслим; (804). Жəне Уқба ибн ‘Амир (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай дейді: أَفَلَا يَغْدُو أَحَدُكُمْ إِلَى الْمَسْجِدِ فَيَعْلَمُ أَوْ يَقْرَأُ آيَتَيْنِ مِنْ كِتَابِ الله عَزَّ وَجَلَّ خَيْرٌ لَهُ مِنْ نَاقَتَيْنِ، وَثَلَاثٌ خَيْرٌ لَهُ مِنْ ثَلَاثٍ، وَأَرْبَعٌ خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَرْبَعٍ، وَمِنْ أَعْدَادِهِنَّ مِنَ الْإِبِلِ. «Сендердің біреулерің мешітке барып, Аллаһтың Кітабынан екі аят үйренсе немесе оқып қайтса, ол үшін екі түйеге қол жеткізгеннен қайырлы емес пе?! Егер үш аят үйренсе немесе оқыса үш түйеден жəне төрт аят оқыса немесе төрт түйеден, əрі қанша аят болса, сонша түйеден де қайырлы емес пе?!». 📚 Муслим; (803). Жəне Абдуллаһ ибн Масғудтың (Аллаһ одан разы болсын) хадисінде ардақты пайғамбарымыз ﷺ былай деп айтқан: مَنْ قَرَأَ حَرْفًا مِنْ كِتَابِ الله فَلَهُ بِهِ حَسَنَةٌ، وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا. «Аллаһтың Кітабынан бір əріп оқыған адамға бір жақсылық (сауап) жазылады. Жəне əрбір жақсылық он есеге артады». 📚 Тирмизи; (2910). #Quran 🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Show all...
БІЛІМ БАҚШАСЫ

Ақырет азығына арналған арна

Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.