cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Аслан Орақбай

Мен көбірек пайдалы ақпарат шығарғым келеді, оны көбейтетін факторлардың бірі кітаптарымды сатып алу/біреуге сатып алып беру

Show more
Advertising posts
7 265
Subscribers
-824 hours
-217 days
-9030 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Көп ойға салынып өз-өзіңді жей берме.   Қанша есік жабық, жол қараңғы болса да Алланың әмірі күмәнсіз орындалады.   Сенің міндетің тек қозғалу, алға жылжу, бір орында тоқтап қалмау ғана.   Ал мақсатқа қашан жетесің, қалай жетесің ол Алланың Өзі ғана білетін дүние.     Жақыным, бір нәрсені ұмытпа.   Кейбір жауапкершіліктер таңдаудан кейін болады.   Алла Өз жолына тазаларды ғана таңдайды.   Біз өз қажеттіліктерімізді атқару үшін қолданған не кірленген нәрселерді пайдаланбаймыз ғой ...!   Біз адамдар сондаймыз, ал Алла өз жолына кім болса соны таңдайды, салады деп ойлайсың ба?   Алла сені өз жолына пайдаланып жатыр екен, онда Ол сенің жүрегіңе, кіршіксіз көңіліңе қарап таңдаған. Осыдан кейін сенің көңіліңде не нәрсе құлазытуы мүмкін?!   Жақыным, күресу өте ауыр.   Бірақ мен жақсы білетін нәрсе «Алла мықтыларды ғана ауыр нәрсеге салады».   «сенің қамқор ағаң» кітабынан
Show all...
127👍 11🔥 8💔 6
Досым! Кейде өмірде бір нәрсені ұстап қалудан гөрі сол нәрсені қолдан шығарып алу үлкен күшті қажет етеді. Біз нәрселерді жоғалтып алудан қорқамыз. Себебі онсыз қалай өмір сүретініміз бізге беймәлім. Бірақ, маған сенсең, қашан қолыңды бір сілтеуге шешім қабылдап, солай жасасаң, алдын сезбеген күштілікті сезесің. Сен «нағыз бақытты таппаймын» деп ойлаған едің. Қазір оны тауып отырсың, себебі сен өзіңді таптың! 📘 “сенің қамқор ағаң” кітабынан
Show all...
70👍 4🔥 4
00:45
Video unavailableShow in Telegram
Шәкіртім ғой😻 Дем салып жатыр😸 Скрытая съемка
Show all...
IMG_4665.MOV13.85 MB
1
Осы жерде өзіңнен сұрап көрші, аятта келгендей, өміріңде мұқтажға: «Ешкім менен бұрын жәрдем бермей тұрғанда бірінші барып қажетіне жараймын», – деп жан бере жүгіріп барған сәтің болды ма? Үнемі асығасың, жұмысқа барарда асығасың, қайтарда кешігем деп қапыласың. Дұға етіп, жауабы тезірек келсе екен деп тағы асығасың. Бірақ өміріңде қанша мәрте туралықтан тайған бауырыңды естігенде оны дұрыс жолға бастауға асығып, жанына жетіп бардың? Сыртынан қалай құлайтынын тамашалап отырғанша, неге бауырыңа жанашырлығыңды танытып, жақсылықта жарыспайсың?! Оның жолдан таюына немқұрайлы қарауыңды берілген үлкен мүмкіндікті қолдан тайдырып алу деп ойлап көрмедің бе… 📖”40:60” кітабынан үзінді
Show all...
63💔 13👍 8👏 3🏆 2💯 1
Өмірін жүрекжарды дұғасымен өрнектейтін адам тәуекелшіл әлі батыл келеді. Басқаның көзі қорқып, қолы бармаған істеріне қорықпастан қадам басып, батыл шешімдер қабылдайды. Себебі Жаратқанға еткен дұғасынан күш пен сенімділік алады. Жетпесін Жаратушының жеткізетінін, ниетіндегі істің берекесін кіргізетінін біледі. Күйзеліс пен терең уайымнан алыс болады. Бір кедергіге бола томсырайып, өмірдің басқа жақсылықтарын сезінуден тосылып қалмайды. Өйткені Жәббардың жақын арада жанына ауыр батқан істің шешімін тарту ететінін сеніммен күтеді. Жамандықтың жолын дұғамен кесіп, мәселесін дұғамен шешкен адамның өмірі қандай жеңіл әрі жайлы еді! Алладан біздің де олардың қатарынан болуын сұраймыз.
Show all...
54👍 13🔥 2🕊 1
Шексіздің мүмкіндіктерін шектеулі санаңмен шектеме 📖”40:60” кітабынан үзінді
Show all...
👍 48 24🕊 2
Сары уайымға салынып, уайымға шомып кете беретін болсаң, дүниеде қиналып, жүрегің қысылса Алланың өте жақын екенін есіңе ал. Есігінің алдында тұрып, табалдырығын тоздыр. Күнә-қателігіңнің көптігін айтып, шайтанның арбауынан пана тілеп жатып жалбарын. Шәһәуатқа беріліп, шектен шығып, нәпсі қалауыңа ілесіп кеткеніңді мойыныңа ал. Алланың жақындығын сезінген сәтте пендеде жалындаған үміт, сөнбес сенім, ерекше ар-ұят пайда болады. Ал дұғаңды қабыл етуі саған үмітсіздік қабырғасын жарып шығуға көмектеседі. Аллаға қарай бет бұрып, Оған қарай жүру адамның жүрегіне берік иман дәнін егіп, нәтижесі мен жемісін көруге септігін тигізеді. "компас" кітабынан үзінді
Show all...
78🤝 6👍 2💔 1💊 1
Қазақтың маған мүлдем ұнамайтын, сасып, шіріп кеткен менталитеті бар: • Қашан үйленесің? • Көтермеді ма? • Өзі босанды ма, пышаққа түсті ма? Әлде де көп. Дәл қазір есіме түспей тұр. Тағы бір түрі бар: «Мына бала сөйлей ма?» — Ау, ақұдай! Адам боп жаралған соң бір күні сөйлер, әйтеуір. Маймыл емес қой. Қазір сөйлемесе, ертең қартайғанда, өлер шағында сөйлер. Оның сөйлеп-сөйлемегенінен саған не пайда?! Жалпы, осындай менталитеттегі жұртты «мүгедек» деймін. Мүгедектіктің үш тобы болса, мен «IV топ мүгедек» деп әлдеқашан диагноз қойғам.
Show all...
66🔥 10👍 3❤‍🔥 1
Мәуліт айы мүбарак болсын! Мәуліт жайлы жан-жақты, толық мағлұматты осы жақтан ала аласыздар.
Show all...
48👍 4🔥 1
Show all...
МӘУЛІТ ТАРИХЫ

МӘУЛІТ ТАРИХЫ 💡Мұсылмандар үшін әрбір күн мереке мен жаңа мүмкіндік, нығмет екендігі белгілі. Десекте, сол күндер ішінде ерекше аталып өтілетін күндердің болатыны сөзсіз.  📌 Солардың бірі ислам үмбетінің Пайғамбарға (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігін дәлелдейтін – мәуліт мерекесі. ▶️ «Мәуліт» - «туған күн», «дүние есігін ашу» мағыналарын білдіреді.  ▶️ Терминдік мағынада Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне, туған айына, сол себепті…

3👍 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.