cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Margulan Aqan

Show more
Advertising posts
910
Subscribers
No data24 hours
-57 days
-2330 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
🤔🤔🤔
Show all...
⚡️Көшпенділер ойындары қазақ пен қырғызға ғана керек пе? Олимпиада қазақ пен өзбектің бәсекесі болды емес пе? 13 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми жабылу салтанаты өткен болатын. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасы 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медальмен көш бастады. 19 алтын, 21 күміс, 25 қоламен Қырғызстан екінші орында, Ресей спортшылары үштікті түйіндеді. Ал Өзбекстан мен Түркия құрамалары үздік бестік қатарынан көрінді. Бұл жарыстың ең қызықты сәті – 12 қыркүйекте өткен көкпар бәсекесінде орын алды. Қырғыз-қазақ көкпаршыларының эль-классикосы тағы бір мәрте үлкен шуға ұласты. Әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсіп, тіпті бірін-бірі балағаттауға дейін барды. Ақырында көкпарды Қазақстан құрамасы жеңсе, көк бөріні Қырғызстан құрамасы өз қанжығасына байлады.  Келесі Дүниежүзіліік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді. Осыған дейін 3 мәрте осы аймақта өткен ойындар тек қырғыз бен қазақтың көкпар бәсекесімен жанданған еді. Алдағы ойындарда да тек осы екі елдің сынға түскенін тамашалайтын секілдіміз.
Show all...
Шешесі баққан Тоныкөк Кеше ғана 3 жасқа келген ұлымды осы үш жыл ішінде бағып-қағып өсірген — анасы. Оған жеке алғыс айтқым келеді. Алматыдан Астанаға көшіп келгелі тынымсыз еңбек етіп келемін. Өліп қалмау үшін емес, өмірді адам секілді сүру үшін осылай шештім. таңда кетіп, түнде үйге ораламын. Осылай шапқылап жүрген кезде әйеліме, сосын балама қараймын. Алғаш қырқынан шыққанша қолымда өскен Тоныкөктің тез есейіп жатқанын көргенім болмаса, оның күнделікті үйде не істеп жатқанын байқамаймын. Бәрін көретін, ауыртпалығы мен жауапкершілігін арқалайтын сол анасы. Түнде жұмыстан оралғанда сілесі қатып ұйықтап жатқанын көремін. «Тамақ қайда?» деп айтқың келеді, бірақ мен жұмыстың базарынан қайтсам, шешесі үй ішіндегі күйбең тірліктің базарынан шыға алмай жүр ғой… «Неге қарамайсың?» деп айтқан кездерім болды. Сол кезде «сен неге қарамайсың?» деп екіленген әйелімді көрген жоқпын. Түсіндіруге тырысып, жайын айтатын. Қазір осындай келіншегімнің барына, осындай ұлдың анасы барына шүкір етіп, құдайға тәу етемін. Үгітіліп кетпей, үкілеген үмітке иек артып келе жатқан әйелдің дем беріп тұрғаны осы. Қай бір Марғұлан дейсіздер ол энергиясы бітпейтін. Артында осындай адамы бар. Маған «бәрі туып жатыр, бәрі бағып отыр» дейтін әңгіме ұнамайды. Бәрі баға ма, туа ма менің шаруам жоқ. Тек бір кішкентай ғана тағдырдың іштегі екі үлкен тағдырға әсер еткенін көріп, жұрт айта беретін «бәрі сондай болған» дейтін сөздің ең әлсіз аргумент екенін ұқтым. Ұлым, туған күніңмен! Сен маған менің әкемнің мен үшін ӘКЕ деген атқа лайық болу үшін тер төккенін түсіндірдің. Мен де саған лайық болу үшін бәрін жасаймын. Рақмет саған, жүрегімнің жартысы.
Show all...
🔥 10 3
⚡️ВАКАНСИЯ - Орыс тілінде спорт тақырыбында материал жазатын журналист іздеймін. Астана қаласы.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
😍 9 3
Былтыр Тоныкөкті балабақшаға бердік. Күзде. Шешесі үй жақтан іздеп жүріп, тек қазақша тәрбие беретін әрі ішкі жағдайы жақсы деген соң келістім. Барып көрдім. Ұнады. Бағасы 125 мың теңге. Өліп-тірілсем де сол ақшаны тауып беріп отырамын деп өзіме серт еттім. Таптым. Бірақ... Бірақ 3 ай өткен соң келіншегім әдеттегідей “Тонның видеосы” деп жібере салған видеоны көрдім. Қаным басыма шапты. 7-8 кішкентай бүлдіршіндерді айналдыра отырғызып қойып, ортада жүзі қазақ апайым орысша ертегі оқып отыр. Ана балалардың ішінде 2-3 бала, соның қатарында менің ұлым да бар, не айтып жатқанын түсінбей, біресе желкелерін қасып, біресе бір-біріне қарап таңданып отыр. Әкімшілігіне қоңырау шалдым: - Кешіріңіз, мен қазір бір видео алдым. Неге кішкентай балаларға орысша ертегі оқып отыр? - дедім. - Бізде қазақша түсінбейтін балалар да бар, бәрі түсінетін болған соң солай оқып жатыр, - деді. - Мен 125 мың теңгені “бәрі қазақша” деген үшін ғана төлеп отырмын, жай ма сіздердікі? - Жоқ, оның үстіне ол орыс халық ертегісі ғой, орысша оқиды ғой, - деген кезде даусым қатты шықты білем: - Әй, көке! Сіздің есіңіз дұрыс па? Сонда француз халық ертегісін француз тілінде оқисыздар ма? Мыналарыңыз тіпті басыну ғой, - деп едім. “Келесіде ескереміз” деп жауап берді де, телефонды қоя салды. Жұмыстан шықтым да, балабақшаға барып, баламды алып кеттім. “Ақша қайтпайды” деп арсылдап тұр. “Ақшаны табам, бірақ ертең қазақша сөйлейтін бала таппай қалам” дедім де шығып кеттім. Қазір басқа, тек қазақша оқытатын балабақшаға барып жүрміз. Бүгін заттарын алдық. “Әке” деп дүкеннің ішінде айғайлап жүр. Жаның кіреді.
Show all...
🔥 17👏 3 2👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Бірдеңені соңына дейін қазақша жасап шығу деген бізге арман болып тұр. Мынау енді 9 күннен кейін басталатын БЕСІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ" сайтындағы басты беттегі нұсқаулық. Өзгертер деп ойлаймын.
Show all...
⚡️Telegram-да сақталған маңызды ақпаратты қорғап, оны жүктеп алыңыз, себебі кез келген сәтте АҚШ пен Амстердамдағы серверлерді тәркілеу басталуы мүмкін — Red Shield VPN жасаушысы Владислав Здольников.
Show all...
👍 1
⚡️Оян, қазақ! Телеграмға қауіп төніп тұр! Дуровқа әлем таласып жатыр, біз шетте қарап тұра алмаймыз! Аттан! … десем тым пафос боп кетеді ә 😂
Show all...
🤣 5 1
🇫🇷 Француздық BFMTV телесетьі Павел Дуров ордер шығарылғаннан кейін Франция мен Еуропаға бармағанын хабарлайды. Ол көбінесе Біріккен Араб Әмірліктерінде, бұрынғы КСРО елдерінде және Оңтүстік Америкада болған. Ле Бурже әуежайына келуінің себебі әлі де белгісіз. Саяси ойын? Дуров ондай ақымақ емес шығар?!
Show all...
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.