cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

♫︎ᴇᴜᴘʜᴏʀɪᴀ♫︎

| біздің топтың хикаялары саған ұнайтынына сенімдімін❤тіркелде оқып көр🌹барлық хикаялар тек сен үшін🌸💫 | вп: @qyrsyk_qiz

Show more
Kazakhstan23 048The language is not specifiedThe category is not specified
Advertising posts
115
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Сіз ниет етіп ауыз бекіттіңізбе?Anonymous voting
  • Я әрине 🥰
  • Жоқ осы жылы бекітпедім 🥲
  • Келесі жылға ниет етіп отырмын 😄
0 votes
🌾 Сіздерге қасиетті айда тек қана жақсылық, қуаныш, ізгілік, отбастарыңызға амандық, адал табыс, пайдалы білім, кәміл иман, Алладан шынайы түрде қорқатын жүрек, қабыл болатын дұға, таусылмайтын таза ризық, шынайы тəубе мен Алланың алдында қабыл болған амалдарды тілеймін! Оразаңыз қабыл болсын 🤗🤗❤️
Show all...
Repost from Сағат
Тек Рамазан емес, Өмірді қалай берекелі етеміз? Өміріміз берекелі болуы үшін, оны Алла сүйген іспен толтыруымыз қажет. Бұл өмірдің тек берекесі емес, мәні де кіреді. Алла сүйген істер сұмдық берекелі⬇️ Мысалы, 1⃣100 рет "СубхаанаАллаһ" дегенге қарағанда, 2⃣бізге Инстадан екі видео көрген жеп-жеңіл. Екеуіне кететін уақыт бірдей. Сенбеген адам тексерсін. Бізге бірақ 2⃣ жеңіл, 1⃣ ауыр. Себебі 1⃣ берекеге бай. Бізге 20 минут сериал көру оп-оңай, бірақ 20 минут Құптан оқу қиын. Себебі, ол берекелі. Біреуге қызымен 2-3 сағат сөйлескен дым емес, анасымен 15 минут сөйлесу жұмыс кәдімгі. Қызына табылған әңгіме бағып қаққан анаға шықпай қалды дейсіз бе?! Жоқ, әрине. Тек анаңа көңіл бөлу Құдай сүйген іс. Оның берекесі бар. Ол іс бізге ауыр. Малғұн (Алланың оған лағынеті болсын) сіз бен біздің құндылықтарымызды ауыстырып, өміріміздің берекесін алуда. Рамазан ес жиып, өзімізге толық бір сілкініс жасауға мүмкіндік. Қапы қалмаңыз. Алла сіз бен біздің өмірімізді берекелі етсін. Амин. #Сағаттанхат
Show all...
Каспиан: - Сенімен жүр еді ғой...-деді түсінбей қалып. София осы сәтті пайдаланып, көздерін төмен салып: - Эм...қалай айтсам екен? - деген сөзінен кейін бәрі бастарын қызға бұрады. Алан: - Не дегің келіп тұр? Турасын айтсаңшы! - Ол бағана Джанмен қол ұстасып кетіп бара жатқан, - деді кірпіктерін жиі қағып, мүләйімсіп. Аланның ішінде дауыл тұрғандай, жұдырығын түйіп сыртқа қарай тез кетіп қалады. Артынша Софияда оны тоқтатпақ болып жүгіріп шығады. Адис бетін қолдарымен жауып: - Осы жағдайдан қорқып едім, - деді терең күрсініп. Каспиан: - Алан енді Айлишті ешқашан кешірмес..(басын шайқап) Илона түсінбей: - Не болып жатыр? Біреуің түсіндіріңдерші! Каспиан қызға қарап: - Алан сатқындықты жеккөреді. Бұл оның ата-анасымен байланысты. Сатқындық оның ең осал тұсы, - деді терең ойға батып. Илона сондада ештеңе түсінбей тұрады. *** Джан Айлишті өз үйіне әкелген болатын. Қыз бұнда келгеніне мың өкініп үлгергендей. Әрі жігіт мас болғандықтан Айлиштың үрейін келтіріп тұрды. - Түн болды ғой өтінем, менің қайтуым керек, - деді Айлиш көздері жастана бастап. Джан қыздың жолын бөгеп: - Бүгін сен ешқайда бармайсың! - деп белінен өзіне тартып алады. - Джан, олай жасама өтінем! - деп жігітті итеріп жіберіп. - Маған жолаушы болма! Жігіт қызды тыңдамай үстіндегі костюмын шешіп жерге лақтыра салып, Айлишке жақындап келе жатады. Қыз ендігі жылап жіберіп: - Өтінем сенен олай жасамшы! Өтінем..😭 - деп кері шегініп қабырғаға келіп тіреліп қалады. - Өзің кінәлісің! Менің сезімдерімді қабылдауың керек еді! Мен сенің артыңнан қалай жүгіргенімді білесің бе? Мені ешқашан ешбір қыз кеудемнен итерген емес! Аланның менен несі артық? - деп Джан ашуланып қыздың ернінен сүйіп, көйлегінің сырмасын ағытқалы жатады. Барлығына сәлееем 👋🏻💖өте узак уакытка жок болып кеттім кешірім сұраймын! Өзсебептеріме байланысты хикая мүлде шықпай кетті 🥲
Show all...
Илона бірден телефонын алып хабарласайын деп жатқанда Алан: - Телефоны сөндірулі, - деді жынданардай болып. - Не? Сөндірулі? Ол..кайда кетуі мүмкін?.. - деп Илонаның жүрегі дүрсілдеп кетеді. Адис: - Осында бір жерде шығар, бөлініп іздеп көрейік, - деп жатқанда жандарына Каспиан мен София келеді. Алан бірден екеуіне қарап: - Айлишті көрдіңдер ме?
Show all...
- Изольда, болды енді, қызыңды құдды соғысқа жіберіп жатқандайсың, - деді жұбатуға тырысып. - Қайтем енді? Өзі айналдырған екі ғана қызымыз бар. Олар Айлишты ренжітпейтін болар солай ма? Егер ренжітер болса... - Уайымдама, бұл отбасын мен жақсы білемін ғой. Олар тым жақсы адамдар...- деп әйелді сендіруге тырысты. Алан ортада Адольф мырза мен Сюзана ханымның жанында тұрады. Жігіт жан-жағына көз салып тұрып, есіктен кіріп келе жатқан қара көйлектегі Софияны көзі шалып қалады. Қыз басын тік көтеріп ортаға қарай келе жатады. Аланның жүзінде түсінбеушілік пен қобалжу пайда болады. Ол Софияның ашуланса не істеп қойғанын білмей қалатынын білетін. Адольф микрафонды қолына алып: - Құрметті ханымдар мен мырзалар! Бүгін сіздерді жинаған себебіміз әулетіміз бір жанға көбейіп жатыр. Дәл бүгін сіздерге әулетіміздің келіні - Айлишті таныстырмақпыз! Қане қызым, келе ғой, - деді шетте тұрған қызға қарап. Айлиш қобалжығанын көрсетпеуге тырысып, сәл жымиып жоғарыға көтерілді де, Аланның жанына барып тұрды. Барлығы қол шапалақтап құттықтап жатты. Алан жанында тұрған қызды өзіне қаратып маңдайынан сүйген уақытта сахнаға қарай келе жатқан София тоқтап қалып, ашулана қолындағы клатчн қысып, сыртқа шығып кетеді. Қыз сыртқа шықса Джан сансыз жұлдыздарға қарап шылым шегіп тұр екен. София бұлармен бірге өскендіктен бәрін бес саусағындай білетін. Джанның тек қиналғанда ғана шылым шегетінінде ол жақсы білетін. София: - Соңғы қашан шылым шегіп едің?...- деп жігіттің жанына келіп тұрады. - Мені аяуға келсең кеткенің жөн! Әйтпесе бар ашуымды қазір сенен аламын, - деді Джан қызға бұрылмастан. София жігіттің сөзін елемей: - Мен білсем сенің бір ойлағаның бар, солай ма? Джан біраз үнсіздіктен соң қызға бұрылып: - Бар, бірақ сол ойлағанымды іске асырсам, мен Аланнан мәңгіге айырылатын сияқтымын...- деді шарасыз күйге түскендей. София жігіттің не ойлағанын білмеседе: - Алан ол қызды сүймейді. Меніңше жәй ойнап жүр. Сондықтан не істесеңде ол ренжімейді, - деп отқа май құйғысы келіп тұрғандай. Джан сәл ойланып қалып: - Сенің айтқаныңда дұрыс шығар, - деп кері бұрылып, ішке кіріп кетеді. Аланды көп қыздар қоршап алып, құттықтап жатады. Нақтырак айтқанда, одан естері кетіп жүрген қыздар жақында үйленетініне қарамастан қылмыңдап тұрады. Айлиш бір бұрышта жалғыз өзі көп қыздардың арасында күліп тұрған Аланға қарап, қабағы түйіліп тұрады. - Оңбаған! Бұл шынайы атастырылу болмасада сәл рөлге кіріп менің жанымда болса қайтер еді? - деп қыз өз-өзімен күбірмелеп тұрған уақытта біреу қолынан сүйрелей артқы есік арқылы сыртқа алып шығады. - Эй! Жындысың ба? Жібер! - деді Айлиш өзін жұлқып әкеле жатқан Джанға қарап. - Мені тында, - деді Джан қызға бұрылып екі иғынан ұстап алып. - менен құтылғың келеді ғой иә? (Айлиш біраз тұрып қалып басын изейді) олай болса бүгін менің айтқаныммен жүріп, менің айтқаныиды орындайсың! - деді бұйрық бергендей сөйлеп. - Ал егер істемесем ше? - Онда мен қазір барамында бәріне сені сүйетінімді айтамын. Сосын бұл атастырылу бұзылып, сенің отбасың мазаққа қалады! Қалай? Келесесің бе?(қастарын көтеріп). - Джан...сен олай жасамайсың... - Солай ма? Онда тек бақыла! - деп үйге қарай кетіп бара жатады. Айлиштің жүрегі аузынан шығардай болып: - Жақсы! Жақсы келісемін...- деді жігіттің артынан айқайлап. Джан езу тарта жымиып, қайта қыздың алдына келіп: - Жүр, - деп көлігіне қарай алып бара жатады. Айлиш үйден біреу шығып қалса екен деген үмітпен артына қарайлап, әзер келе жатады. Бірақ қырсыққанда ешкім шықпады. Қыз Джанның күштеуімен көлікке отырған бетте жігіт рульге отырып айдап кетіп қалады. *** Жарты сағаттан бері барлық жерден Айлишті іздеп жүрген Алан, Адис пен Илона отырған столға келді де: - Айлишті көрдіңдер ме? - деді сабырсызданып. Илона орнынан атып тұрып: - Не болды? Оған бірдеңе болды ма? Алан терең күрсініп: - Жоқ...тек еш жерден таппай қойдым.
Show all...
- Ақ көйлек саған сондай жарасады екен(жымиып) неге ақ алдым білесің бе? - деді сұрақ қойғандай. - Эм...неге? - Себебі сен періштеге ұқсайсың, - деп Алан қызды өзіне тартып құшақтап алады. Айлиштің жүрегі дүрсілдеп кетсе де, жігітті итеріп жіберуге асықпады. Сол сәтте: - Алан, біз...- деп Каспиан есікті ашып қалады. Алан бірден Айлишті құшағынан босатып, достарына бұрылады. Адис: - Эм...біз орынсыз уақытта келген сияқтымыз ғой, - деді басын қасып. Айлиш ұяттан кірер тесік таппай төмен қарап тұрады. Ал Джан қызғаныштан жарылғалы тұрғандай дірілдеп кеткен қолдарын тас жұдырық қылып түйіп алып тұрады. Алан: - Жоқ, бәрі дұрыс, онсызда сендерді іздеп жүргенмін, - деді достарын ішке кіргізіп. Каспиан: - Біз негізі сендерді құттықтау үшін келгенбіз. Арамыздан ең бірінші мен үйленемба деп жүргенде алдымды орап кеттің ғой! - деп күліп Аланның арқасынан ұрады. Адис күліп: - Әр қыздың юбкасының артынан жүгіріп жүрсең әзір үйленбессің! - деді әдейі жынына тиіп. Каспиан Адистың мойнынан ұстап алып, шаштарының ұйпа-тұйпасын шығарып: - Эй, қашан мені мазақ етуді қоясың а? - деп белінен қытықтап жатады. Айлиш екі ересек жігіттің садиктегі баладан жаман екеніне күлкісі күліп тұрғандай. Осыларды да универдегі ең салмақты, ең әдемі ұлдар диді - ау. Алан қолдарын қалтасына салып: - Эу, бар шығыңдар! Мені ұятқа қалдырып жатырсыңдар! - деп Айлишке қарайды. Адис пен Каспиан күлкілерін әзер тыйып, бір-бірін қуалай бөлмеден шығып кетеді. Айлиш енді тек Джан мен Аланның жанында қалып қойғанын түсініп, тезірек шығып кеткісі келіп: - Алан, мен төменде боламын, - деп жігітке бір қарап, шығар есікке беттеп бара жатқанда Джан қолынан тартып құшақтап алады. Айлиштың жүрегі тоқтап қалардай болып, көздері бақырайып кетсе, Аланның бұл көріністен қабағы түйіліп кетті бірден. - Құтты болсын, Айлиш! - деп Джан қыздың құлағының түбіне сөйлеп, сосын ақырын босатады. Айлиш Аланның өзгеріп кеткен жанарын байқап, ештеңе білдірмеуге тырысып: - Рахмет...- деп бірден бөлмеден шығып кетеді. Қыз шыққан бетте Джан Аланның жанына келіп, оныда құшақтап алады. Екеуі бала - бақшадан бастап дос болғандықтан бір - біріне тым жақын еді. - Құтты болсын, бауырым! Алан басын изеп: - Рахмет. Келгеніңе рахмет, - деді арқасынан қағып. Джан: - Сен үйленгенде мен қатты қуанып, асыр сала билеймін деп ойлайтынмын. Адис пен Каспианмен бірге сенің костюмыңды жасырып жынды қылып ойнаймыз деп те елестететін едім. Сосын бірге от шашу атып, бала кезіміздегіндей бірге тілек тілейміз деп армандайтынмын, - деді мұңая жымиып. Алан түсінбей қалып: - Неге енді ол тек арманда қалатын бос қиял сияқты сөйлейсің? Джан шарасыздықтан күліп жіберіп: - Ұмыт. Мен негізі аздап масайып қалдым, - деп есікке қарай беттеп бара жатады. Сосын есіне бірдеңе түскендей кері бұрылып. - Айтқандай, есіңдеме бала - бақшада сен менің ең жақсы көретін ойыншық көлігімді алып қойып, абайсызда сындырып алғансың. Сосын орнына менің көңілімді қалдырмау үшін өзіңдікін бергенсің. Дәл қазір сен тағыда менің ең қымбат ойыншығымды алып қойдың. Егер мен қайта сұрасам қайтарып бере аласың ба? Мен ол ойыншықты(Айлишті) қатты жақсы көремін. Алан оның не деп кеткенін түсінбей: - Сен көп ішіп қойған сияқтысың, сәл демалып ал, - деп бөлмеден шығып кетеді. Айлиш төменде өзіне қараған қаншама көздерден қысылып, кайда қарарын да білмей тұрғандай. Жан-жақтан бәрі оны өсектеп сыбырласып жатты. Біреулер оны Аланға керемет жұп деп санаса, біреулер олар жараспайды деп жатты. Сол сәтте қыздың жанына Алан келіп, қолынан ұстап ортаға қарай алып бара жатады. - Өзіңді бос ұста. Мен жаныңдамын, - деді Алан қыздың құлағына сыбырлап. Айлиш мазасызданып тұрсада, терең жұтынып басын изеді. Қыз қалың қонақтардың арасынан Илона мен әкесін және Изольда тәтесін көргенде азда болсын жүрегі орнына түскендей болады. Осындай күні ол жалғыз емес екенін сезінді. Изольда қатал болып көрінгенімен тым көңілшек жан еді, сондықтан көз жасына ерік беріп жылап тұрады. Қанша дегенмен 7-жасынан бастап Айлишті туған қызынан кем көрмей өсірген еді. Лео әйелді иғынан құшақтап:
Show all...
- Жаным деме дедім ғой! - деді жігітке қабағын түйе қарап. Алан көздерін айналдырып: - Мынаны киесіңде күлімдеп қонақтардың алдына шығып, өз рөліңді ойнайсың, жаным, - деді соңғы сөзді қыздың ашуына одан сайын тию үшін айтып. - Олай айтпа деймін! - деп Айлиш жігітті ұру үшін алға қадам басқанда аяқтары тайғанап, өзін ұстап қалмақ болған Аланмен бірге хауызға құлап кетеді. Қыздың қолындағы қорап ұшып барып жерге құлайды. Ал Айлиш судың астынан атып шығып, өзінің белінен ұстап тұрған жігіттің мойнынан ұстап алады. Алан қыздың өзіне жабысып алғанына күлкісі келіп: - Саған құшақтасқан ұнайтынын білемін, бірақ мына түріңмен мені өлтіресің, - деді қыздың көздеріне қарап. Айлиш қайта қызарып: - Не? Қайдағыны айтпа! Жібер! - деп өзі жігітке жабысып трғанын ұмытқандай Аланды кеудесінен итере салады. Сосын батып бара жатқанын түсініп, қайта мойнына жармасып: - Жоқ жіберме, - деп дірілдеп тұрады. Алан күліп қыздың белінен ұстап сыртқа алып шығады. Сосын шезлонгта тұрған ақ орамалды алып үстіне жауып: - Тезірек сүртін, ауырып қаласың, - деді күлкісін әзер ұстап. Айлиш суықтан дірілдеп: - Бұл байқаусызда болды...сен жаман ойлап қалма, - деді астыңғы еріндерін тістеп, көздерін төмен салып. Алан қызға қарап: - Олай жасама, - деді ескерткендей. Айлиш түсінбей қалып, басын көтеріп: - Қалай? - Еріндеріңді тістеме, әйтпесе мен өзімді ұстай алмауым мүмкін (көздеріне қарап тұрып). Айлиш бірден қолымен ерінін жауып: - Айщ.. ұятсызсың сен! - деп қызарып тезірек тайғанай - майғанай жүгіріп кетіп қалады. Алан күліп жібереді: - Сонша ұялшақ болармысың, Айлиш... *** Үлкен жеке - жайдың іші минут сайын қонақтарға толып жатқандай. Әрлі - берлі сусындар ұсынып жүрген даяшылар, сәнді киінген айтулы қонақтар, тіпті тілшілерге дейін қаптап жүр. Осының бәріне жоғарыдан қарап тұрған Алан, көзімен достарын іздеп тұрғандай болды. Жігіттің үстіне киген қара смокингі өзіне ерекше жарасып, құдды ертегіден шыққан ханзада сияқты көрсетіп тұрғандай. Алан достарын көп адамның арасынан таба алмаған соң кері бұрылып кетейін деп жатқанда алдынан Фернандес шығады. - Мырза, Айлиш ханым дайын болған сияқты. Барлығы тек сіздерді күтіп отыр, - деді басын иіп. Алан: - Жақсы. 10 минуттан кейін барамыз, - деп Айлиштің бөлмесіне қарай кетіп қалады. Төменде Джан бардың жанында тоқтаусыз ішіп отырады. Қонақтарға өтірік жымиып, ештеңе білдірмеуге тырысып жүрген Каспиан Джанның жанына келіп стақанын алып қояды: - Есің дұрыс па? Бәрінің көзі сенде! Басталмай жатып ішіп отырғаның не? - Тууу, Каспиан! Бері әкелші! - Жоқ, жүр Аланды құттықтауға барамыз! - деп Джанды орнынан тұрғызып алады. Джан қаламасада ызыңнан құтылу үшін досының артынан ереді. Екеуі қонақтардың арасынан өтіп бара жатқанда бір столда отырған Илона мен Адисонды көреді. Екеуінің әңгімелері жарасып отырғандай күліп отыр. Каспианның қабағы түйіле бірден екеуінің жанына келіп: - Адис, Аланға бармайсың ба? - деді суық дауыста. Кеше Илонаны үйіне апарып тастағанда қыздың өзіне айтпаған сөзі жоқ еді. Сондықтан барынша ренжігенін білдіргісі келіп тұрғандай. Илона орнынан тұрып: - Кейін сөйлесерміз, Адис, - деп жымиып кетейін деп жатқанда Каспиан қолынан ұстап қалып: - Оны Адис деп тек жақындары айтады! Илона қолын жұлып алып: - Маған солай атаған ұнайды! Сенен сұрамайтын шығармын! - деп кетіп қалады. Адис досының қылығын түсінбей қалып: - Сонша ашуланып не көрінді? Әлде қызғанып тұрсың ба? - деп Каспианға бір қарап. - Кеттік Джан, - деп ой үстінде тұрған досының иғына қолын қойып жоғарыға көтеріліп бара жатады. Каспиан өз қылығын өзіде түсінбегендей, басын шайқаған күйі достарының артынан көтеріледі. *** Айлиш айна алдында өзіне олай да, былай да қарап тұрады. Қыздың үстіне киген тізесінен жоғары ақ көйлегі өзіне сондай жарасып тұрғандай. Айлиш өзінің ұзын шаштарын бір түзеп қойып, енді артына бұрылғанда бөлмеге Алан кіріп келеді. Жігіт бірнеше минут үнсіз қарап, артынша жәймен жанына келіп:
Show all...
𝓐 𝓲 𝓴 𝓪👑 +14❗ 𝓑 𝓡 𝓔 𝓐 𝓣 𝓗 𝓔🔥 𝓒 𝓱 𝓪 𝓹 𝓽 𝓮 𝓇 _ 9🗝️ Бен Амар жеке-жайы🖤 Үлкен бөлмеде алтын түстес диванда отырған Айлиштің жанында бірнеше қызметші қыздар айналшықтап, дайындап жатады. Біреуі қыздың бетіне крем жағып жатса, біреуі ұзын шаштарын тарап, енді біреуі аяғының тырнақтарын бояп жатады. Айлиш өзін жайсыз сезініп, қанша жерден керек емес дегенімен Сюзана болмай қызды отырғызып қойған болатын. Айлиш аяқтарына тиген қолдарды сезген сайын қытықысы келіп, күлкісін әзер ұстап, аяғын жыбырлата берді. - Ханым, 5 минут қимылсыз отыра аласыз ба? Өтінем, - деді бір тырнақты бояймын деп есі шыққан қызметшы қыз, алдында жоғары - төмен қозғалып жатқан Айлиштің аяғына қарап. Айлиш ұялып қалып: - Аа...иә😅 кешіріңіз, қытықым келетіні бар еді... - деді басын қасып. Сол сәтте үлкен есіктер ашылып, ішке қара костюм - шалбар киіп алған қызметшілердің бастығы кіріп келеді. Барлық қыздар орындарынан тұрып бас иіп жатқанға Айлиште орнынан атып тұрып, басын иеді. Флоренсо(қызметшілердің басшысы) қыздың қылығын түсінбей қалып: - Ханым, мұныңыз не? Маған бас июдің қажеті жоқ, - деді басын төмен түсіріп. Айлиш сәл қысылып: - Менен үлкен екенсіз сіз демей, сен дей беріңіз, - деді жылы жымиып. Қыз мына үйде өзін құдды әлем патшайымындай сезініп тұрғандай. Бұл бір жағынан ұнаса, бір жағынан ұнамады. Тіпті 60 - жасар әжесімен жасты қызметші әйелдердің де өзіне "сіз, ханым" дегені Айлишті ұялтып жатқандай. Бұл қызға мүлдем ұнамады... Флоренсо сәл жымиып: - Болмайды жас бикеш. Дайын болсаңыз төменге түссеңіз, сізді жас мырза күтіп отыр, - деп есікті ашады. Айлиш ұзын шаштарын бір түзеп қойып, сыртқа шығып кетеді. Кең холл бойы. Үлкен аспалы шамдар мен неше - түрлі мүсіндер, әдемі үлкен - үлкен гүлдер. Айлиш аузы ашыла жан - жағына қарап келе жатады. Қыздың аяғына бірер минут бұрын ғана қызметші қыз крем жаққандықтан жылтыр еденде қайта - қайта тайғанап, құлап қала жаздап келе жатады. Айлиш холлдың екінші жағына өткенде үлкееен хауыз болады. Көк теңіз сияқты көгілдір суы тап - таза хауыз. Қыз үйдің ішіндеде хауыз болатынын алғаш көруі. Кенет Айлиштің көзі хауыздың жанындағы ақ шезлонгта жатқан Аланға түседі. Жігіттің көздері жұмулы жатқандықтан Айлиш оған ашықтан - ашық қарады. "Неге ол менен әдемі?" деген ой келді бірден қыздың басына. Адамба бұл өзі? Осынша мінсіз болармеді. - Құдды бір теңіз жағасында жатқандай ғой тегі... - деді Айлиш ойындағы сөзді естілер - естілмес дауыста айтып қалып. Бірақ көзі жұмулы жатқан жігіт оның сөзін анық естігендей көздерін ашпастан: - Келдің бе? - деді қарылған дауысымен. Айлиш оны ұйықтап жатыр деп ойлағандықтан шошып кетіп: - Эм...неге шақырдың? - деді тезірек кетіп қалғысы келіп. Алан ұзын кірпіктерін көтеріп, көздерін ашып орнынан тұрды. Сосын асықпай жәй қадамдармен қыздың жанына келді де, жүзін зерттеп жатқандай көз алмай қарап тұрды. Айлиш терең жұтынып: - Не?...неге қарайсың? - Бірер сағаттан соң қалыңдығым болатын қызға қарап тұрмын. Болмай ма? Айлиш еш эмоциясыз өзіне қараған жігіттің жанарынан қысылып: - Қарап болған шығарсың енді? Не үшін шақырдың? Тез айт, - деді ұялып тұрғанын білдіргісі келмей. Алан қыздан көздерін тайдырып әкетіп, артына бұрылды да, орындықтың үстінде тұрған үлкен қорапты қолына алып қызға ұсынады. Айлиш қорапты алып: - Бұл не? Алан қызға жақын келіп, бетінен нәзік қана қолымен сипап өтті де: - Сені бүгін ханшайымым еткім келеді. Осыны киіп шық, - деді жымиып. Айлиштың жүрегі дүрсілдеп, кеудесінен атып шығатын сияқты болып тұрды. Үш-төрт секундтан кейін қыз есін жиғандай басын тартып қалды да: - Несіне шынайы үйленейін деп жатқандай сөйлейсің? Басыңды соғып алмадың ба? - деді қастарын көтеріп. Алан Айлиштің қызара бастаған беттеріне қарап: - Сен осылай сүйкімді бола берсең, мен сені тастап Лондонға қалай кетемін, жаным? - деді жынды қылып жымиып жіберіп. Айлиштің "жаным" деген сөзге аллергиясы бардай ашуланып кетіп:
Show all...
- Сен.. оңбағансың(ықылып атып) Каспиан, - деп Адистың бетінен әлсін ұрып-ұрып жібереді. - Сау болғаныңда көрер едің көресіңді, - деп Адис қызды қолына алып қайта сыртқа шығады. Жігіт көлігіне беттеп бара жатқанда аулаға қара көлік тоқтап, ішінен Каспиан мен Джан шығады. - Оу, бро, ұялсаң етті! мас қызды пайдаланайын деп жатырсың ба? - деді Каспиан жігіттің қолында шаштары жалбырап жатқан қызға қарап, жынды қылып. - Сенің кесіріңнен ақымақ! Қыздың сезімімен ойнаған сен жындысың бар ғой! - деген Адистың сөзінен кейін Каспианның қабағы түйіліп жанына жетіп барады. Сосын қыздың шаштарын бетінен алып, Илона екенін көргенде өзін кінәлі сезініп қалады. - Қане, маған бер, - деп Каспиан қызды қолына алып, көлігіне жатқызады. Адис: - Қайда апарасың? - Уайымдама, өзім қараймын! - деп есігін жауып, рульге отырып кетіп қалады. Адис қолдарын қалтасына салып, жанында тұрған Джанға қарайды. Олда дәл қазір Илонаны бұл ойынға араластырғанына өкініп тұрғандай. Адис: - Ертең Алан мен Айлиштің атастырылуы екен. Барасың ба? - деді жігіттің реакциясын күткендей. Джан бірден езу тарта жымиып: - Барамын әрине, оларға керемет тосын сыйым бар! - деп клубқа кіріп кетеді. - Эй, не ойлағаның бар? - деп Адис түсінбей қалып, жігіттің артынан жүгіріп кетеді. *** Айлиш ой үстінде отырғандықтан көліктің тоқтағанын бірден байқамады. Алан қыз қашан шығады деп күтіп отырғандай Айлишке қарап отырды. Сосын шаршағандай жақын келіп, қолымен көзінің алдынан жүргізіп еді, Айлиш есін жиғандай бірден басын бұрып қалғанда өзіне тым жақын отырған Аланның бетіне ерні тиіп кетеді. - А?...не... - деді сасқалақтап қалған қыз кері шегініп. Алан басымен есікті нұсқап: - Шық, келдік, - деді еш эмоциясыз. Оның дәл қазір дауысы қарлығып шығып ерекше естілгендей. Айлиш терең жұтынып: - Иә, рахмет, - деп көліктен атып шығады. Қыздың жүрегі дүрсілдеп, аяқтары тез-тез жүріп келе жатады. Аланның құбылмалы мінезі оған ауа-райы сияқты болып көрінгендей. Біресе өзін жақсы көретін сияқты көңілді көрінсе, біресе мүлдем ұнатпайтындай өзінше болып көрінеді.
Show all...
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.