cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

↝ dámelen

мән іздейміз.✨ өзім: @jazarymbar инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Show more
Advertising posts
1 883
Subscribers
-124 hours
-57 days
-4130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Кез келген жақсы сезімнің басы сондай ерекше тәтті болады, иә? Әсіресе, махаббаттың. Өзіңіздің сүйіктіңізбен өткізген алғашқы сәттерді еске түсіріңізші. Бөлек сезім. Сол тәттілік өн бойында сақталсын. Жоғалмасын. Басы тәтті болған махаббат ақыр аяғына дейін тәтті болсын.🕊️
Show all...
32
📕«Дайағашшы» 👤 Ұларбек Нұрғалымұлы 📖 253 бет Парақтарынан қазақылықтың иісі аңқитын кітап. Маған қатты ұнады! Өзім топшылағандай кітап екен. Автор кезіндегі көшпенді өмірдің қызығы мен қиындығын, ескідегі адамдардың есті сөздері мен есте қалар оқиғаларын жазып шыққан. Кітап «Кісі қадірі» және «Сөз қадірі» дейтін екі бөлімнен тұрады. Алғашқысында кей салт пен дәстүр, атбегілік, құсбегілік жайында әңгімелер сөз болса, екіншісінде «маймөңке», «қолқа», «боздақ» секілді көптеген сөз бен тіркестердің мағынасын ашады. Автор қазақтың көзсіз, сөзсіз түсінікті болатын дара даналығын жеткізе білген. Кей тұсында қатты таң болдым. Әсіресе, сыңсудың мәні мен маңызын түсіндірген тұсы ерекше ұнады. Дала пәлсапасы тұнып тұр. Шағын тақырыптарға бөлінгендіктен оқуға жеңіл келеді. Тіл байлығын көбейтемін деушілерге, атамның әңгімесін, ауылдың иісін сағындым деушілерге нағыз керек кітап. #оқығаным
Show all...
9
«Әңгіме ғана емес, көп тірлігіміз де сондай секілді. Тиянақ жоқ, байыз жоқ, не көзде, не көңілде тыныштық жоқ, бірдің басы, бірдің аяғы, жалтақ-жалтақ, алақ-жұлақ. Мұндай күйдегі адамға ғылым қона ма, білім жете ме, иман ұялай ма?..» Ұларбек Нұрғалымұды «Дайағашшы».
Show all...
13
Кейінгі жазбалар бір ай бұрын жарияланыпты. Жазбай кеткенімді білемін. Бірақ бұнша уақыт өткенін байқамай да қалыппын. Өмірімде орын алар, орындалар өзгеріс көп. Сол өзгерістердің өресінде жүріппін де қойыппын. Бірақ арнаны жауып тастау, мүлде жазбай кету деген ой болмапты. Бір бөлшегім – осында.✨
Show all...
15
Абайдың қара сөздерін кітап етіп шығарған қандай баспа бар? Әрі арзандау бағада, әрі көп данасын қайсы бере алады? Білетіндеріңіз болса жекеге жазсаңыздар: @jazarymbar
Show all...
12
Есейгендіктің белгісі – тыныштығыңды талан-таражға салатын адамдардан, жағдайлардан бойыңды аулақ ұстау.
Show all...
29
Ауылда, ата-анамның қасындамын. Еркелеп те жүрмін, есейгенімді көрсетіп те жүрмін. Шамамен төрт жылдай осылай келіп-кетіп жырақта жүріппін. Туыстарым: «бұ қыз ұстатпай жүр» деп жатыр) Өткенде тамақтан уланып қалдым. Негізі, олай тамақ іше алмай қалатындай ауырмайтын едім. Бұл жолы ауыр болды. Әкем дәрімді әкеліп, анам қасымнан бір елі кетпей қойды. Сол қамқорлықтары қашанда ыстық. Әупірімдеп, ептеп, ет жеп, реттеліп келеміз.🙃
Show all...
19
Адалдықтан сусындаған жүрек басқаның арамдығын байқай бермейді. Әділетсіздік осы жерде.
Show all...
19
Repost from Belgisiz ūly
Бір кітап сатып алып, екі кітап оқы. Алғаш рет twinbook (егіз кітап) форматындағы Телеграм арнаның кітап нұсқасы жарық көріп отыр. Жазбалар мен оқиғаларды оқығысы келетін кісілерге “Белгісіз” кітабын ұсынамын. Егер өлеңдер мен әдеби әңгімелерге жақын болсаңыз “ұлы” кітабынан бастағаныңыз жөн. Мағынасы терең иллюстрациялар арқылы әрленген кітап сізді еркін де әсерлі әңгімеге шақырады. Тапсырыс беру үшін : @qyisyq -қа жазыңыз #бүгін
Show all...
6
Өткенде журналист Дина Төлепбергеннің «Мамский әңгіме»-дегі сұқбатын қарағанмын. Баласына қатысты әңгіме өрбігенде жылап алдым. Қандай мықты әйел! Сұқбат бойы ауыр әңгіме айтып отырса да, күліп отыр. Көзі күліп тұр. Жалпы, өз миссиясын ғана емес, өзінің, өмірінің философиясын түсінген тұлға деп есептеймін. Тыңдап отырып, көкейге мынадай ой ұялады: біз денсаулық, уақыт, махаббат деген құндылықтардың бағасын білмейді екенбіз. Олардың қымбат екенінен бейқамбыз. Жұмыс істеу, ақша табу, үй алу, тойға бару, көбірек лүпіл жинау, танымал болу деп, жүгіре береді екенбіз, артынан қуа береді екенбіз. Әрине, қоғам өйтпесіңе қоймайды. Бірақ бәрібір құндылықты дұрыс бағалай алуымыз керек. Бірінші орында ішкі күйің, рухани әлеуетің болса, қалғандары кейінгі орындарға жайғассын.
Show all...
20
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.