cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Áitarym bar

Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын Жарнама, пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay

Show more
Advertising posts
2 419
Subscribers
+524 hours
+517 days
+13630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

2400+ болыппыз ғой🤩🕊️
Show all...
10🎉 4
Сен кеткелі жүректі құлыптағам, Сенің жарқын жүзіңді ұмытпағам. Болашаққа тапсырдым екеумізді, Сен аман бол, аман жүр сүйікті адам! Динара @md_aitarymbar
Show all...
19💔 9💘 2😇 1
Бүгін арбатта Кітап Fest өтіп жатыр. Жұмыстың арасында ұшып сонда барып, дос-құрбы, таныс, ұстаздарымды көріп қуанып қалдым. «Көңіл көңілден су ішеді» дейді ғой. Әр баспа, кітап дүкенінде жұмыс істейтін құрбыларыма арнайы соқтым. Қайтып бара жатқанымда «Тармақтардың» шатырына екі езуімді жимастан кіріп бардым. Сонда қарбаласқа толы адамдар ішінен Рысгүл ханым мені көріп, «Күн сияқты келдіңіз ғой күлімдеп», - деп қарсы алмасы бар ма🥹🥰 Аңғарымпаз, әрі кең пейілді, энергиясы тым нәзік автордың ол көңіліне бір марқайып, суретке түсіп қайттым. Еламан аға мен Рысгүл ханымның әр жасаған жобасы, кітабы асқан махаббатпен жасалады. Сол жұпқа қатты қызығамын. Шатырда Рысгүл ханым соңғы шыққан күнделікті сондай махаббатпен таныстырып жатыр. Өз ісін шын жақсы көретін адамды көрдім. Сөйтіп, өзіме айтылған сөзге мәәәәз болып жұмысқа келдім)))
Show all...
15🥰 1
Адамның жасы емес, санасы толысқан соң шығар тыныштықты, жай ғана бақытты болуды қалайтыны. Бұрын бақытты екенімді, жеткен жетістіктерімді, мықты екенімді көпке айтуға, көрсетуге құмар болатынмын. Бәлкім менің сол қуанышыма мендей қуанып, дәл мендей шаттанар деп ойлаған шығармын. Бірақ мен ойлағандай емес, қате ой. Ал қазір мен өзімде бар бақытқа көз, сөз тигізуден барынша сақтанамын. Жарияға жар салатын жетістіктерімді арагідік жасырып қаламын. Арзан ой, сөз жүрген жерден қашамын. Тыныштықтан жаным жай табатынды шығарды. Мен де пендемін, ара-тұра өсек-аяңға құмартып, біреу туралы жаман ой ойлап қоямын. Нәпсінің жетегіне еріп кететін кездерім болады. Пендешілік қой… Солай, солай өмір көшінде өздігімізше із салып жүре береді екенбіз. Кім қандай із? Өзіне ғана мәлім. Динара Боранбай @md_aitarymbar
Show all...
17
Бүгін мені өмірге әкелген анамның туған күні. Жыл сайын арнайы тілекпен инстаға жазба салатынмын. Биыл мүлдем шабытымнан ба, әлде басқа себеп пе білмеймін, бұрынғыдай жаза алмадым. Бәлкім өрем жетпеді. Сонда да жүректен шыққанды жазғаным бар. Әйтеуір бар білерім анам бар кезде жүрегім тыныш. Құдайға шүкір, биыл қолымыздан келгенше туған күнін ерекше атап өтуге тырыстық. Желіге салып, өзіне хабарласып құттықтаудың ретін алдында тұрып алғыс айту, сыйлық табыстаумен алмастырдым. Шүкір! Тілек айтып тұрып өткенім көз алдымнан өтті. Үнімде бір діріл пайда болды, бәлкім ата-ана алдындағы балалық толқу шығар… Отырыс соңында папа мен мама екеуі: «Ризамыз, бәріне рақмет! Бүгін күшті күн болды» – деді. Іштей марқайып, бір жасап қалдық. P.S. Маманың туған күнін желеу етіп, туысқандардан дипломға көрімдік жинап алар түрім бар😅
Show all...
22😍 2
Кейде өмірден баз кешіп кеткім келетін сәттер болады. Морально сынғанда, тіпті өзіңді де ойламайсың. Жоқ болып кеткің келеді. Себеп көп, сол сәтте соған ем болмайтындай көрінеді. Сынасың, іштей мүжілесің. Жалғыз қалғанда басыңа сан түрлі ой келеді. Өлуді де таңдайсың. Шешім сол сияқты көрінеді. Осындайда не құтқаратынын білесің бе? Ол – сөз. Жаныңнан шыққан үн. Бір ғана айтарым, өзіңді өлтіру – оңай нәрсе. Бірақ ол – әлсіздік. Қай кезде де шешім бар. Тек кейде мен айтқан ішкі дауысқа құлақ салу керек. Динара @md_aitarymbar
Show all...
33
Мен өмірге реалистік көзқараспен қарасам да, қиялға жиі берілетін адаммын. Түн батса болды белгісіз бір әлемге енемін. Арманым көп. Түптің түбінде жететініме сенемін. Сенгім келеді. Өзім бар әлемді жақсы көремін. Мейлі қандай болса да. Мен әлсіз де емеспін, мықты да емеспін. Бірақ сезімімді жеткізуде батылдық алға шығып кете береді. Оны мойындаймын. Бойымда бар қабілетті көбіне басқаның игілігі үшін жаратып жіберемін. Кейде бағаламаймын. Қазір сол қабілеттерімді сатуды, өзімді құнсыздандырмауды үйрендім. Мен әділетсіздікті көтере алмаймын. Жаным қас дүниелерге бойымды жуытпаймын. Табиғатым жат еткен дүниелерді жасамауға тырысамын. Өтірік сөйлеу, жасандылық, екіжүзділік, алдау, арбау қолымнан келмейді. Аузымнан шыққан уәдемді қолымнан келгенше орындап беремін. Білмеймін, мен қандай адаммын? Жақсы да емеспін, жаман да емеспін. Бірақ мен атымды, адамдығымды кірлетпеуге өзіме серт еткенмін. Адамның кемшілігін бетіне айта алмаймын. Көбіне тілге тиек ете отырып, осында жазатыным бар. Өзімде барды да солай. Көңілге жәмәән қарап қоя беремін. Менің жанарым бәрін айтып қояды. Оны жақын адамдарым біледі. Өтірік айтып тұрғаным, бірдеме жасырғаным, мұңым, сырым бәрі – жанарымда ап-анық. «Сен сезімнің адамысың. Көзің мөлдіреп бәрін айтып тұрады» – дейді құрбым. Бәлкім солай да шығар. Әйтеуір өзіме тасжүрек секілдімін. Әлемге және адамдарға қандай екем? Мен адал болғым келеді, боламын да. Мені дос деп сыр ашқан адамға үнсіз доспын, керек кезде ақылшымын. Үнсіз бәрін мақұлдап, артынан түйген ойларыммен оның жанын осып жіберетінім бар. Кейде өзімнің де. Адал болуға айналамды үгіттемеймін. Кім маған қалай, мен сол адамға сондаймын. Кейде өзім көп беріп қоямын… Мөлшерлеп үйрене де алмадым. Санам өссе қоярмын…) Өзімді толықтай тани алмадым. Зерттеп жүрмін. Өзгергенімді байқаймын. Бәлкім есейдім. Осы жасыма дейін жоғарыдағыларды нақты қалыптастырғанымды білемін. Мен қазіргі қоғамнан, ойланғысы келмейтіндерден, сезімсіз адамдардан қорқамын. Өзім сүріп жатқан қоғамнан не күтетінім, не пайда беретінім әлі қызық… Қайырлы түн!!! @md_aitarymbar
Show all...
14
Жанарымнан ыршып шыққан жас мықты болуды көтере алмаған соңғы жас болар… деппін өзіме Динара @md_aitarymbar
Show all...
16💊 3😇 1
М: Жылау әлсіздік дейсің бе? Д: Әлсіздік дер едім-ау, бірақ… М: Сонда сені жібергім келмейтіні әлсіздік пе? #өзіміздіңдиалог
Show all...
💔 18 5
02:08 Сағынышқа толы күндерден қашып, Мұңайтар ылғи түндерден қашып, Сезімді елемес сәттерден қашып, Төзімді сарқытқан әттеңнен қашып, Жылулық сыйламас қоғамнан қашып, Сұлулық сүймес ғаламнан қашып, Мейірім жоғалған әлемнен қашып, Пейілін суытқан пендеден қашып, Ызғар танытқан көңілден қашып, Көңілді сыздатқан сөздерден қашып, Сүйкімі жоғалған көздерден қашып, Сүйікті бола алмас жерлерден қашып, Өзімнен кейде мезі болғанда, Құшағыңа келіп енсем бола ма? Рұқсат етсең… Динара Боранбай
Show all...
15😍 3💔 2💘 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.