cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

ИСЛАМ ӘДЕБІ

Advertising posts
1 781
Subscribers
-324 hours
-17 days
+1430 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

✨✨✨ 📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР 4️⃣-АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ӘРДАЙЫМ КӨРІП, БАҚЫЛАП ТҰРҒАНДЫҒЫН БІЛУ Алла Тағала - бүкіл жаратылысты бақылаушы әрі олардың істерін толық білуші. Құранда: «Ақиқатында, Алладан жердегі және аспандағы бірде-бір нәрсе жасырын қала алмайды» (21), - деген. Дінімізде Алла Тағаланың жақын екендігін жүрекпен сезінуді «мурақаба» деп атайды. Алланың әрдайым бақылап тұрғанын шынайы сезінген адам күнә атаулыдан өзін аулақ ұстауға тырысады. «Тариху димашқ» атты еңбекте мынадай қызықты оқиға баяндалады: «Хазреті Омар (Алла оған разы болсын) кешкі уақытта ел ішін аралап жүріп, сүтке су қосып сатпақ болған анасы мен қызының арасындағы әңгімені құлағы шалып қалады. Анасы қызына: «Сүтке су қос», - десе, қызы: «Омар халифамыз «сүтке су қосушы болмаңдар», деп ескерткен», деген уәж айтады. Анасы: «Қазір бізді халифа көріп тұрған жоқ қой», - дейді. Осы кезде қызы анасына: «Анашым, бізді халифа көрмесе де, Алла Тағала көріп тұр емес пе?!», деп жауап береді. Қыздың тақуалығына дән риза болған Омар, келесі күні құда түсіп, әлгі қызды өзінің ұлы Асымға алып береді. Осы некеден Ләйла атты қыз бала дүниеге келіп, Ләйладан «бесінші әділетті халифа» деген лақап атпен танымал болған Омар ибн Абдулазиз туады» (22). ❗(21) «Әли Имран» сүресі, 5-аят; ❗«Тариху Димашқ» (70/252); ©Думан Сайфулла 📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы" https://t.me/adep_daris
Show all...
6👍 2🔥 1
✍️ 📌 ШАПАҒАТҚА СЕБЕП БОЛАТЫН САЛАУАТ اللَّهُمَّ صَلَّ عَلَى مُحَمَّدٍ ، وَأَنْزِلْهُ المَنْزِلَ المُقَرَّبَ مِنْكَ يَوْمَ القِيَامَةِ. Аллаһумма солли 'әлә Мухәммәдин, уә әнзилһул мәнзиләл муқаррабә минкә йәумәл қиямати. "Уа, Аллаһым, хазіреті Мұхаммедке салауат ете гөр және Қиямет күні Өзіңе жақын дәрежеге (мәртебеге) көтере гөр!" Руайфағ ибн Сәбит әл-Ансариден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Кімде-кім: «Уа, Аллаһым, Мұхаммедке салауат ете гөр және Қиямет күні Өзіңе жақын дәрежеге көтере гөр» деп айтатын болса, менің оған шапағат етуім міндет болады». Ибн Кәсир бұл хадистің тізбегі жақсы екенін айтады. Басқа риуаятта: «Өзіңнің құзырыңнан жақын орын бер», - делінеді. [«Афдалу салауат ғала сайиди садат», 110 бет] ©Ұстаз Бағлан Шежімбай 📗"Сырға толы салауат" (Дәләилу Хайрат) https://t.me/turtip_algandarym
Show all...
6👍 3
✨✨✨ 📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР 3️⃣-ЫҚЫЛАС ТАНЫТУ Имам Ғазали: «Ықылас дегеніміз - амалдарыңның барлығы тек Алланың разылығына арналуы, жүрегіңнің адамдардың мақтауына назар аудармауы әрі олардың сөгісінен қорықпауы», деп түсіндірген. Алла Тағала тек Өзінің разылығы үшін жасалған амалды ғана қабыл етеді. Құранда: «Дінді ықыласпен, тек бір Аллаға ғана арнап, құлшылық қыл! Шынайы дін Аллаға тән» (19), - делінеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында Алла Тағала шынайы ықыласпен, тек қана Оның разылығын қалап жасалған амалдан басқасын қабыл етпейді» (20), - деген. ❗(19) «Зүмар» сүресі, 2-3-аяттар; ❗(20) Насаи (3140); ©Думан Сайфулла 📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы" https://t.me/adep_daris
Show all...
👍 5 5🔥 1
✨✨✨ 📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР 2️⃣-АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ЖАЛҒЫЗ ДЕП БІЛУ Ислам дінінің негізгі ерекшелігі - жаратушы Алла Тағаланы жалғыз деп тануында. Халқымыз «Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан» деп өте тура айтқан. Бұқар жырау бабамыз да өзінің «Он бір тілек» толғауындағы ең бірінші тілегін: «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа», - деуінде де осы мағына жатыр. Құранның «Ықылас» сүресінің алғашқы аятында: «Ол Алла жалғыз де», - делінеді. Алла Тағаланың жалғыздығы жайлы айтылғанда оның серігі жоқтығын әрі Оның ешбір сипаты жаратылғандардың сипатына ұқсамайтындығын түсінеміз. Қасиетті Құранда: «Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді, әлбетте екеуі де бұзылып кетер еді. Ғаршының Раббы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк» (17), - делінген. Алла Тағала бүкіл әлемді шеберлікпен жаратып, барлығы Оған бой ұсынуда. Жаратылыстарының арасында асқан тәртіп пен өзара үйлесімділік бар. Егер жаратушылар көп болғанда, әлбетте олардың қалаулары бір-біріне қарсы келіп, әлем бұндай үйлесімді жүйе мен өзара байланысын жоғалтар еді. Құран аятында бұл жайлы: «Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқанын алып кетер еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Алла олардың сипаттағанынан пәк» (18), - деп баяндалған. ❗(17) «Әнбия» сүресі, 22-аят; ❗(18) «Муминун» сүресі, 91-аят; 📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы" https://t.me/adep_daris
Show all...
7👍 3🔥 1
✨✨✨ 📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР 1️⃣-ИМАН КЕЛТІРУ Иман етудің мән-мағынасын тереңінен түсінген халқымыз иманды үлкен байлық санаған. «Иманы кеткеннің жиғаны кетеді» деу арқылы имансыздықты бүкіл берекенің жоғалуына теңеген. Жалпы, иман сөзінің тілдік мағынасы сену, нану дегенді білдірсе, дінімізде иман ету деп Аллаға және Оның елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сенімді жүрекпен бекітіп, тілмен жеткізуді айтады. Қасиетті Құранда Алла Тағала: يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا آمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي نَزِّلَ عَلَىٰ رَسُولِهِ «Уа, иман еткендер! Алла Тағалаға, Оның елшісіне және Оның елшісіне түсірілген кітапқа иман етіңдер» (15), - деп бұйырады. Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол сын) Жәбірейіл періште иман жайлы сұрағанда, Ол кісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): أَنْ تُؤْمِنَ بِاللهِ وَمَلائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَتُؤْمِنَ بِالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرِهِ. «Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға - оның жақсылығы мен жамандығына иман етуің», - деп жауап берген. Абай атамыз өлең жолдарында: Мумин болсаң, әуелі иманды бол, Пендеге иман өзі ашады жол, Шын илан да, таза ойла бір иманды, Мунафиқ намаз қылмап па, мағлум ғой ол, деп пенденің Жаратушысына иман етуінің маңыздылығы жайлы тоқталған. Қара сөзінде де «Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз» (16), деген. Осыған ұқсас Ахмет Иүгінеки бабамыздан қалған: «Бірлігіңді білуге ұмтылғандар, бір заттан мың түрлі дәлел табар», - деген де сөз бар. Расында, айналысына назар салып, ой жүгірткен адам бұл ғаламның өздігінен жаратылмағанын, оның ұлы бір Жасаушысы бар екенін ұғынады. Бұл ғаламда талай ғибраттың барын білген адам, өзіне берілген сансыз игілік пен нығметтің сұрауы болатынын түсініп, Аллаға деген шүкірлігін арттырады һәм алғысын амалымен көрсетуге ұмтылады. ❗(15) «Ниса» сүресі, 136-аят; ❗(16) Абайдың жиырма сегізінші қара сөзі; 📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы" https://t.me/adep_daris
Show all...
7👍 1🔥 1👏 1
Photo unavailableShow in Telegram
4
ҚҰРАН КӘРІМ АУДАРМАСЫ
ҚҰРАН КӘРІМ ТӘПСІРІ
ҚҰРАН ОҚЫП ҮЙРЕНУ
МӘҢГІ МҰҒЖИЗА
СИРА
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
ҰСТАЗ ЕРКІНБЕК ШОҚАЙ
ИСЛАМ ӘДЕБІ
АРАБ ТІЛІ ДӘРІСТЕРІ
АҚИДА САБАҚТАРЫ
ФИҚҺ ДӘРІСТЕРІ
ДӘРІСТЕР ТОПТАМАСЫ
САУАТТЫ ЖАЗ
✨✨✨ 📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР Аса қамқор, ерекше мейірімді, бүкіл әлемді аса шеберлікпен жаратқан, адамды сол жарытылыстың абзалы етіп, оған сансыз нығметтер берген Алла Тағала бүкіл мақтаулар мен мадақтарға лайық. Алла Тағала адам баласын қандай көркем бейнеде жаратқан болса, адам баласы Оған қатысты әдептерді де сондай ең көркем дәрежеде атқаруы қажет. Өйткені Алла Тағалаға қатысты әдептер - Ислам әдептерінің барлығын толығымен қамтитын, негізгісі әрі маңыздысы саналады. Құранда баяндалған пайғамбарлар қиссасына назар аударсақ, Алланың сүйікті құлдары болған пайғамбарлардын Алла Тағалаға қатысты әдептерді аса ұқыптылықпен атқарғандығын байқауға болады. Мысалы, Құранда Ибраһим пайғамбардың: الَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهْدِينِ وَالَّذِي هُوَ يُطْعِمُنِي وَيَسْقِين وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ «...Ол мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді. Ол мені тамақтандырып, сусындандырады. Ол ауырған болсам, шипа береді» (11), - деп айтқандығы баяндалады. Аятта Алла Тағалаға қатысты: «Мені жаратқан», «Маған тура жол береді», «Мені тамақтандырып, сусындандырады» деп айтылғанымен, сырқат мәселесінде «маған ауру берсе» деп емес, «ауырсам» деп келуінде үлкен әдеп бар. Жамандық адамның өзінің істеген ісінің себебімен келетіндіктен, ол Алла Тағалаға қатысты етіліп айтылмайды. Абай атамыз: «Ауруды жаратқан - Құдай, ауыртқан Құдай емес», - деуі осыдан. Құран аятында: مَا أَصَابَكَ مِنْ حَسَنَةٍ فَمِنَ اللَّهِ وَمَا أَصَابَكَ مِنْ سَيِّئَةٍ فَمِنْ نَفْسِكَ «Саған нендей жақсылық келсе, Алладан, ал бір жамандық келсе, өзіңнен» (12), - делінген. Құранның беташары болған, «Фатиха» сүресінде де, осы әдеп үйретіліп: اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ «Бізді тура жолға бастай гөр. Қаһарыңа тап болғандар мен адасқандардың жолына емес, Өзің нығметке кенелткендеріңнің жолына баста» (13), - деп айтылады. Бұл аяттарда тура жолдағылар жайлы: أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ «Нығметке кенелткендеріңнің», деп тура жол Алла Тағаланың қалауымен болатындығы айтылып, ал ашуға ұшырағандар мен адасқандарға қатысты: «Өзің қаһарына ұшыратқан», «Өзің адастырған» делінбейді. Тек: «қаһарына тап болғандар» немесе «адасқандар» деп, өздерінің істері себепті осылай болғандығы меңзелген. Исламның барлық әдептері осы Алла Тағалаға қатысты әдептен бастау алады. Мысалы мешітке баратын адамнын киім кию әдебіне қатысты Құранда: خُذُوا زِينَتَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدٍ «Әрбір мешітте (таза әрі әдемі) киімдерінді киіндер» (14), делінген. Яғни, мешітке Алла Тағалаға құлшылық қылуға баратындықтан әдемі әрі таза киім кию қажеттігі меңзеліп тұр. Сол сияқты ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: مَنْ أَكَلَ الْبَصَلَ وَالثُّومَ وَالْكُرَّاثَ فَلَا يَقْرَبَنَّ مَسْجِدَنَا «Кімде-кім сарымсақ, жуа, пияз жеген болса, біздің мешіттерімізге жақындамасын», деп, мешітке бұндай заттарды жеп баруға тыйым салған. Жаман иіс періштелерді қашырады, мешітке келушілерге де жағымсыз әсер қалдырады. Дегенмен, бұл хадистің негізгі мақсаты - Алла Тағалаға құлшылық жасалатын қасиетті жерде жаман, жағымсыз иістердің болуына жол бермеу. Мұсылманның құбылаға қарап дәрет сындырмауының себебінде де Жаратушыға деген әдеп жатыр. Өйткені құбыла - Алла Тағалаға құлшылық жасалатын тарап. Осы сияқты мұсылманның ата-анасын сыйлауы, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен жақсы қарым-қатынаста болуы, бауырмашылдық сақтауы сияқты әдептерге аса мән беруі - ол әдептерді әлемдердердің Раббысы Алла Тағаланың бұйырғандығынан. Ендеше, Алла Тағалаға деген әдептер Исламның барлық әдептерін қамтитын негізгі әдеп болғандықтан, әрбір мұсылманның бұл әдептерді білуі әрі амал етуі аса маңызды. ❗(11) «Шұғара» сүресі, 78-80-аяттар; ❗(12) «Ниса» сүресі, 79-аят; ❗(13) «Фатиха» сүресі, 6-7-аяттар; ❗(14) «Ағраф» сүресі,31-аят; 📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы" https://t.me/adep_daris
Show all...
4👍 1🔥 1
✨✨✨ 📌ӘДЕПТІҢ ТҮРЛЕРІ Ғалымдар әдепті үш топқа бөліп қарастырады: 1️⃣. Алла Тағалаға қатысты әдептер. Әдептің бұл түріне: Алла Тағалаға иман ету, ешқандай серік қоспау, жақсылықта да, таршылықта да Жаратушы жөнінде жақсы ойда болу, амалдарында ықылас таныту, Аллаға деген махаббатын барлығынан да жоғары қою, Оның бақылап, көріп тұрғандығын әрдайым есте ұстау, тағдырына ризалық таныту, тәуекел ету, шүкірлік қылу, тәубе ету, қорқу, ұялу, үміт ету сияқты т.б. істер жатады. Әлемдердің Жаратушысы, құдіреті күшті Алла Тағала адам баласын көркем етіп жаратқанындай, адам баласы да Жаратушысына қатысты әдептерді меңгеріп, ең көркем түрде орындай білуі тиіс. 2️⃣. Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты әдептер. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) - Алла Тағаланың адамдар арасынан таңдалған ең сүйікті құлы әрі адамдарға Алланың аманатын жеткізуші елшісі. Сондықтан да дінімізде ол кісіге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген ерекше әдеп қағидалары бекітілген. Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты: пайғамбарлығына иман ету, әкелген хабарларына сену, бұйрықтарына бағыну, жақсы көру, үлгі ету, есімін естігенде салауат айту, сүннет амалдарын құрметтеу, өмірімен танысу, хадистеріне амал ету, сахабаларын құрметтеу, атынан жалған сөйлемеу сынды т.б. әдептер бар. 3️⃣. Алла Тағаланың жаратылыстарына қатысты әдептер. Алла Тағаланың жаратылыстарына қатысты әдептер екі түрлі болады. Олар: Адамның жеке басына қатысты әдептер және өзге адамдармен қарым-қатынастағы әдептер. Бірінші: Адамның жеке басына қатысты әдептер. Оларға: тамақтану, ұйықтау, сапарға шығу, тазалық, құлшылық ету, білім алу, еңбек ету әдептері т.б. сияқты адамның жеке өз басына қатысты мәселелер кіреді. Екінші: Өзге адамдарға қатысты әдептер. Бұған: ата-ананы сыйлау, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасы, ұстазға құрмет, туыстық қатынасты сақтау, көршімен араласу, қонақ күту әдептері т.б. сынды өзге адамдармен қарым-қатынас жасаудағы әдептер жатады. Алла Тағаланың жаратылыстарына қатысты әдептерге жан-жануарларға да қатысты: оларды жазықсыз өлтірмеу, азаптамау деген секілді әдептер кіреді. 📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы" https://t.me/adep_daris
Show all...
👍 6 2🔥 1
✨✨✨ 📌 ӘДЕПТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Мұсылман адам үшін әдептің мән-мағынасы өте үлкен. Қасиетті Құранда әдепке қатысты аяттар көп. Алла Тағала мүміндерге бөтен үйге рұқсат сұрап әрі сәлем беріп кіру, сәлем берген адамға одан да көркем жауап беру, аманатқа қиянат жасамау, өзгені тәлкек қылмау, ғайбаттамау, жаман ойдан сақтану сияқты т.б. әдептерге қатысты көптеген істерді бұйырған. Құран аяттарында әдепке қатысты «хулуқ» сөзі келген. «Қалам» сүресіндегі: وَإِنَّكَ لَعَلى خُلُقٍ عَظِيمٍ «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (5), - деген аяттағы «хулуқ» (мінез) сөзіне ғалымдар «әдеп» деген түсіндірме берген. «Тахрим» сүресіндегі: يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنْفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ «Уа, мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар» (6), - деген аятқа Ибн Аббас (Алла оларға разы болсын) және басқа да тәпсірші ғалымдар: «Оларға әдеп пен білім үйрет», - деп түсіндірген. Ибн Масғудтан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ أَدَّبَنِي فَأَحْسَنَ أَدَبِي «Расында, Алла Тағала мені тәрбиелеп, әдебімді көркем қылды» (7), - деген. Бұрынғы өткен ғасырларда білім ізденушілер ғалым адамнан білім алмас бұрын, оның әдебін үйренетін болған. Адам қанша білімді болғанымен бойында әдебі болмаса, білімі оны көркем ете алмайды. Адам өзінің әдебімен көрікті. Ғалымдар арасында: «Тәрбиесіз білімді қолға салма» деген даналық сөз бар. Әл-Фараби бабамыздың: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», - деуі осыдан. Ибн Мубарак: «Адам білімін әдебімен көркемдемейінше, ешқандай білімнің шыңына шықпайды»(8), тағы бір сөзінде: «Біз көп білімнен гөрі аз әдепке мұқтажбыз. Әйтпесе білімді тұлғалардан адамдар олардың әдепсіздігі себепті сырт айналып, білімдерін алмауда», - деген. Ол кісі өзінің қалай білім алғандығына қатысты: «Алдымен отыз жыл әдепті үйрендім, сонан соң жиырма жыл білім алдым», - дейді. «Олар (ғалымдар) бірінші әдепті үйреніп, кейін білім алатын болған» (9), - деген. Нахафи: «Кезінде, кандай да бір ғалымнан білім алу үшін, оның мақсатына, намазына, өзін ұстауына қарап барып, одан кейін білім алатын», - дейді. Әл-Қарафи атты ғалымның «әл-Фаруқ» деген еңбегінде: «Көп амал жасағаннан гөрі, бойыңда аз да болса әдебің болғаны жақсы. Сол үшін салихалы ғалымдар қатарында болған Руайм өз ұлына: «Әй, балам! Амалың тұз болса, әдебің ұн болсын (яғни, ұн мен тұзды араластырғанда ұнның мөлшері қаншалықты көп болса, әдебің де соншалықты болсын)», - деп өсиет айтқан екен. (10) Ілгеріде өткен ғалымдардың тағы бірі баласына: «Әй, балам, мен үшін басқа ғылымның жетпіс бабын үйренгенше, әдептің бір бабын үйрену абзал», - депті. Имам Заһабидің айтуынша, Имам Ахмадтың тәліміне, яғни сабағына бес мыңдай адам қатысатын көрінеді. Соның бес жүзі имамның айтқанын жазып отырып ілім алса, қалғандары оның көркем мінезі мен әсем әдебінен өнеге алатын болған екен. ❗(5) «Қалам» сүресі, 4-аят; ❗(6)«Тахрим» сүресі, 6-аят; ❗(7) «Кашфу әл-хәфә», 1-том, 72-бет; ❗(8) Хаким өзінің тарих кітабында келтірген; ❗(9) «Мәусуғату әл-әдәбу-л-Ислам әл-мураттабату ғәлә-л-хуруфи-л-һижаия», Әбду-л-Ғазиз ибн Фатхи Әс-Сәид Нәдә, Дәру Таийбәту Ли-н-нашр уә-т-тәузиг. Рияд 1425 һ.5-бет; ❗(10) Әл-Фаруқ (3/96, 4/272); 📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы" https://t.me/adep_daris
Show all...
👍 8 6🔥 1
✨✨✨ 📌КІРІСПЕ «Әдеп» сөзі араб тіліндегі «ә-дә-бә» (أَدَبَ) етістігінен туындап, «адамдардың дастарханға жиналуы» деген мағынаны білдіреді. Осыған орай адамның бойында жақсылық қасиеттердің, көркем сипаттардың жиналуын «әдеп» деген. «Әл-әдибу» (الآدِبُ) деп - дастарханға адамдарды шақырушыны айтады. Ибн Манзур: «Әдептің «әдеп» деп аталуы адамдарды жақсылық амалдарға шақырып, жаман істерден тыятындықтан» (1), - деп айтқан. Осыған орай «әдеп» деген сөзді біз тәрбие, сыпайылық, көркем мінез, кемелдік деп түсінеміз. Терминдік тұрғыда әдепке берілген анықтамалар өте көп. Кей ғалымдар: «Әдеп - көркем мінезді кемеліне жеткізе білу» (2), десе, енді бірі: «Әдеп адам бойындағы жақсы сипаттардың жиынтығы» (3), деген. «Надрату-ән-нағим» атты еңбекте: «Әдеп - сөзбен де, іспен де мақтауға лайықты болған амалдарды атқару. Басқаша айтқанда, көркем мінез-құлыққа ие болу, мақтауға лайықты істерде тұрақты болу» (4), деп келеді. Бұл айтылған анықтамалардан «әдептің» тәрбиеге қатысты ілім екендігін түсінеміз. Себебі, әдеп адамның іс-әрекетін түзеп, сол арқылы қоғаммен байланысын реттеп, өзгелерді құрметтеуді, көркем қарым-қатынас жасауды үйретеді. Дініміз Исламда әдептің маңызы өте зор. Әдептің маңыздылығына қатысты ғалымдардан «әдеп дінді толығымен қамтиды» деген сөз қалған. Мұсылман адам дінде қамтылған көркем әдептерді үйрену арқылы өмірде кездесетін түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, не істеу қажет екендігін біледі. Әдеп бізге күнделікті өміріміздегі: тамақтануымызда, сусын ішуімізде, отырып-тұруымызда, ұйықтауымызда, сәлем беруде, рұқсат сұрауда, туыстармен, көршілермен қарым-қатынаста, достықта, қысқаша айтқанда қай кезде де аса қажет. Яхия ибн Муғаз: «Кім Алла Тағаланың әдебімен әдептенсе, Алланың сүйген құлдары қатарында болады», деген. Халқымызда да: «Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық», «Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала» деген мағынада мақал-мәтелдер көп. Ғылымда әдепті «этика» деп атайды. Бұл гректің «ethos» - ғұрып деген сөзінен шыққан. Тұңғыш рет ғылымға Аристотель енгізген деп есептелінеді. Жалпы антикалық уақыттан бастап, көптеген ойшылдар әдепті философияның бір бөлігі деп қана емес, оның негізгі мән-мағынасы деп түсінген. ❗(1) «Маусуғату надрату ән-нағим», ІІ-том, 141-бет; ❗(2) «Таһзибу мадарижу әс-саликин», (448); ❗(3)«Мадарижу әс-саликин», (2/356); ❗(4) «Маусуғату надрату ән-нағим», ІІ-том, 142-бет; 📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы" https://t.me/adep_daris
Show all...
👍 15 4🔥 3
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.