cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

Ілім талап етушілерге арналған фиқһ және усуль фиқһ каналы Каналды жүргізуші: Данияр Кенжеұлы 2015-2018 Сарыағаш медресесі 2018-2022 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Бакалавр) 2022 жылдан бастап Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Магистратура)

Show more
Advertising posts
6 655
Subscribers
-824 hours
+57 days
+10130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
💔 4😢 2🔥 1
Көзге ғана биік көріну дерт пе әлде алдамшы әусестік пе? Ғылымның ұлы жолы – терең теңізге ұқсайды. Әр толқыны – біліктің бір бөлшегі, әр тамшысы – ілімнің шексіздігінен хабар береді. Бірақ, сол теңізді кешпей жатып, жағада жүріп-ақ "мен жеттім" деп ойлайтындар бар. Бір топ шәкірттің "ұстазым, сізден асқан ғұлама жоқ" деген қошеметіне алданған ұстаздар бүгінгі күннің өкінішті көрінісі деп нық сеніммен айта аламын. Қасындағы шәкірті басқа ұстаздан білім алса, әлгі «ғұлама» көңіліне реніш байлап, шәкірттің жолын жабады. Шәкірітінің басқа ұстазға кетуін білгені азайып қалатындай сезінеді. Қайран ұстаз! Білім – шекарасыз теңіз емес пе еді? Одан қанша сусындасаң да, тартылмайды, қайта молая түседі. Ал өз шәкіртінің басқа бір ілім дариясынан білім алуы – ұстаздық беделге емес, керісінше, сол шәкірттің өсуіне ықпал ететін мүмкіндік. Бір бұлақтан ғана нәр алған ағаштың тамыры әлсіз болады, ал әр бұлақтан нәр алғаны берік өседі. Бірақ, кей ұстаздар осы шындықты түсінбей, 5-10 шәкірттің мақтауына арбалуда. "Менен басқа ұстаз жоқ, менің жолым ауыр" деп өзін мәртебе биігіне көтереді. Әр шәкірттің таңданысын сол ұстаз жалғыз өзіне ғана тәндей көреді. Бірақ бұл – көзіңе елестеген қиял ғана, оның шындығы жоқ. Қанша шәкірт сені мақтаса да, сенің шын ғалым екеніңді айқындай алмайды. Ғылым жолы – кеудені керетін мақтау емес, ол жүректі жұмсартатын, рухты өсіретін қасиет. Бес шәкірттің "уа, ұстаз" дегені – ғылым шыңына жеткеніңнің дәлелі емес. Көңілге сенім де емес, тек арбау салатын жалған даңқ. Есіңде болсын, ұстаздық – атақ үшін емес, ақиқат үшін. Бір шағын топтың қошеметіне алданып, өзіңді биікке қойма. Шәкірт – қанат, ұстаз – сол қанаттың желге қарсы ұшар бағыты. Егер шәкіртті тек өз қанатыңда ұстасаң, ол ұшуды үйрене алмайды. Қанат жаю үшін еркіндік керек, ал еркіндік – бірнеше ұстаздан ілім алу. Егер сен шәкіртті тек өзіңе байласаң, оның өсуін шектейсің, оны рухани дамудан тосаң. Былайша айтқанда топстандырасың. Туысқандыққа, жақындыққа, аз ғана мақтауға алданып қалу – сол бәйтеректің тамырын бір ғана топыраққа байлап қоюмен тең. Бір күні ол бәйтерек құлап, тамырынан ажырағанда, тек сыртқы көркі қалғанын түсінесің. Міне, осы кезде кеш болады. Қапыда "менен ғана үйренсін" деген ұстаз әлсіз тамырымен бірге құлауы мүмкін. Сол себепті, құрметті ұстаздар, өздеріңізді даңқтың арбауына түсірмеңіздер. Білімді шектемей, шәкірттің жан-жақты дамуына мүмкіндік беріңіздер. Себебі, ұстаздың міндеті – шәкіртті биікке шығару, ал ол биіктік тек шын жүректен берілген іліммен ғана келмек.
Show all...
👍 29🔥 11👏 9❤‍🔥 2🤔 2
Аспанға бой созған бәйтерек жерге қалай тамырын терең жайса, мекеменің де тірегі солай болуы керек еді. Бірақ кейде тамырлар тым жақын тартылып, бір топырақтың құнарына ғана арқа сүйегенде, сол бәйтеректің өзі әлсіздік танытады. Жел тұрса, бұтақтары майысып, тамырынан ажырай жаздайды. Себебі топырақтың әр қабатына таралуы тиіс тамырлар бір жерге шоғырланған. Кей мекемелер де сол бәйтерек секілді. Сыртқы көркі көздің жауын алғанмен, ішкі болмысы сынық. Туыстық байланыстардан өрілген жүйе – көзге көрінбейтін, бірақ жүректі салмақпен басатын жүк. Кемшілікті мойындауға батылы жетпейтін басшының қолы байлаулы, себебі бауырлас кірпіші сөгілсе, бүкіл қабырғаға сызат түсердей көрінеді. Сондықтан ол өзінің емес, бөтеннің қабырғасына тиеді. Жұмыс жүгі оңай ма? Әлбетте, емес. Алайда әділеттің орнына туыстықты үстем қылғанда, босаған жерді түзету мүмкін емес. Қайран, шынайы еңбекті бағалап, әділ таразыға салатын кез келер ме екен?
Show all...
🔥 23👍 9🤔 5 3💯 2👎 1🤯 1
Бауырлар! Ілім жолында жүрген бауырымыздың (өзімнің шәкіртім) кітабына шұғыл 70 000 тг қаражат қажет боп тұр екен. Соған қол ұшын береміз дейтіндер болса төменде каспи қалдырдым. Осы кітапты алып оқыған сайын сізге сауабы сөзсіз барып тұрады. Жақсылықта жарысайық 777 0549494
Show all...
👍 25🔥 7😁 2
Мына жеті жағдайда әйелге үйден шығуға рұқсат етіледі: «Мажмуғ ан-Нәуәзил» атты еңбекте ер адамның әйеліне сыртқа шығуға рұқсат беретін жеті нақты жағдай баяндалған. Бұл ережелер шариғат қағидаларына сай, отбасылық міндеттер мен жауапкершіліктерді анықтап көрсетеді: 1. Ата-анасына бару, оларды зиярат етіп, жағдайын сұрап, немесе қайғыға ортақтасып, көңіл айтуға рұқсат етіледі. 2. Туыстарын зиярат ету, жақындарымен қарым-қатынасты үзбеу мақсатында оларға зиярат етіп баруда әбестік жоқ. 3. Егер әйел босануға көмектесетін маман (акушер) болса, ол өз кәсібіне сай босануға жәрдемдесуге баруға құқылы. 4. Егер әйел мәйітті жуу қызметін атқарса, осы жауапкершілігін орындау үшін шығуына рұқсат беріледі. 5. Өзіне тиесілі қарызды алу мақсатында да әйелдің сыртқа шығуына жол беріледі. 6. Егер басқалардың оған қарызы болса, бұл жағдайда әйел күйеуінің рұқсатынсыз да шығуға құқылы. 7. Үлкен қажылықа бару, бұл да маңызды діни міндет ретінде әйелге рұқсат етілген жағдай. Осы аталған жеті жағдайдан тыс, бөтен адамдарды зиярат ету немесе шариғат талабына сай келмейтін басқа да жерлерге баруға рұқсат етілмейді. Егер күйеуі рұқсат берген күннің өзінде, шариғат бойынша екеуі де күнәлі болады. Имам Әбу Ләйс Самарқанди өзінің «Фатауасында»: «Егер әйелдің ата-анасы науқастанып, оларға күтім жасайтын басқа ешкім болмаса, әйел күйеуінің бұйрығына бағынбай, ата-анасына көмектесе алады. Бұл ереже әкесінің мұсылман немесе кәпір болуына қарамастан қолданылады. Себебі мұндай жағдайда ата-анасына қамқор болу — әйелдің мойнындағы қасиетті парыз. Ал бұл міндет күйеуінің құқығынан жоғары тұрады. Осылайша, әйелдің ата-анасына деген міндеті кей жағдайда күйеуіне қатысты міндеттерінен басым болмақ, әсіресе, ата-анасының күтімі қажет болған кезде.
Show all...
👍 66❤‍🔥 9🔥 8🤯 2
Ханафи мәзһабында жолаушы адам сапарда екі намазды біріктіріп (қосып) оқуы рұқсат етілмеген. Бұл мәзһабтың басқа мәзһабтардан ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Екі намазды қосып оқу мәселесі Ханафи мәзһабының негізгі қағидаларына сүйенеді, және бұл үкім фиқһтық еңбектерде нақты көрсетілген. Ханафи мәзһабының фиқһтық еңбектерінде, жолаушының сапарда намаздарды біріктіріп оқуы тек екі ерекше жағдайда ғана рұқсат етіледі: - Арафатта қажылық кезінде Зуһр мен Аср намаздары біріктіріледі. - Муздалифада Құрбан айт түнінде Магриб пен Иша намаздары біріктіріледі. Бұл жағдайлардан басқа кезде, сапарда болсын немесе басқа жағдайда болсын, жолаушыға намаздарды қосып оқуға рұқсат етілмейді. Бұған негізгі дәлел ретінде Ханафи ғалымдары намаздың әр уақытын өз уақытында оқу қажеттігін көрсетеді. Ибн Абидин "Радд әл-Мухтар" еңбегінде былай дейді: "Ханафи мәзһабында сапар кезінде намаздарды қосып оқу рұқсат етілмеген. Тек Арафат пен Муздалифа жағдайында ғана намаздарды біріктіру шариғи дәлелдерге сүйене отырып жүзеге асырылады. Басқа жағдайларда әрбір намаз өз уақытында оқылуы тиіс." "әл-Хидая" кітабында Имам Марғинани жолаушының намазды қосып оқу мәселесін талқылай отырып: "Бізде (Ханафи мәзһабында) жолаушының намаздарды қосып оқуы рұқсат етілмейді. Әр намаз өз уақытында орындалуы қажет. Ал басқа мәзһабтарда бұл рұқсат етілсе де, біздің мәзһабымызда намаздардың уақыттарын сақтауға үлкен мән беріледі." Қорыта келе, Ханафи мәзһабында жолаушының намаздарды қосып оқуы тек белгілі жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Ал жалпы сапарда екі намазды біріктіріп оқу мүмкін емес және әрбір намаз өз уақытында орындалуы тиіс. Бұл қағида Ханафи фиқһының негізгі еңбектерінде нақты көрсетілген
Show all...
👍 59🔥 17
Show all...
Фиқһ дәрістері / Мұхтасар Әл-Уиқоя / 7 дәріс / Данияр Кенжеұлы

Бұл бөлімде тазалануға жарамды сулар баяндалған.

🔥 20👍 9
Жауапсыз жанға көңіл арнау – құрғақ шөлге гүл егіп, оның мәуесін күтумен тең. Өнімсіз, ренішке толы бос әуре. Алла Тағала әрбір сезімді өлшеулі етіп береді, оны лайықсыз жанға ұсыну – аманатқа қиянат. Өз жүрегіңді қадірле, сезіміңді бағалай біл. Адалдықты іздеген жүрек бір күні өз сыңарын да табады. Сезіміңді құрметтейтін, оны мәңгілік нығмет ретінде көретін жанға жолыққанда ғана жүректің тыныштығы орнайды. Жүрегіңді ұсақ, өткінші сезімдерге емес, Алладан берілген мәңгілік шындыққа бұр. Сонда ғана сезіміңнің құны артып, жаныңның тыныштығын табасың.
Show all...
❤‍🔥 9👍 6👏 3
Сбор тоқтатылды Пополнение: 500 ₸ Мерей Ш. Доступно: 149 626,85 ₸
Show all...
👍 12❤‍🔥 2
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.