cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Usbanov ARNASY

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады. Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Show more
Advertising posts
2 862
Subscribers
+624 hours
+57 days
+1330 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
Польша СІМ басшысы Родослав Сикорский: Қырымды БҰҰ миссиясына беру керек! БҰҰ ондп әділ референдум өткізіп, оның кімге тиесілі болатынын анықтауы тиіс! Бұған шамамен 20 жылдай уақыт кетеді. Оның шын тұрғындары кім екенін анықтауға шамамен осынша уақыт қажет болады!
Show all...
😁 28👎 10👍 7🤡 1
Repost from Fragment ®
⚡️ Қазақстандағы ресейлік банктер мүсәпірдің күйін кешуде... Home Credit Bank-тің «ВТБ Қазақстанмен» қарым-қатынасты тоқтатуы Қазақстанның банк секторы үшін күтпеген және маңызды оқиға болды. Қазақстанның қаржы институты «ВТБ Қазақстан» клиенттерімен кез келген аударымдарды, мейлі ол теңгемен болсын немесе шетел валютасымен болсын, толығымен тоқтатты деп жазады Fragment. Халықаралық санкциялар жағдайында, әсіресе Ресейге қарсы қатаң шаралар қолданылып жатқан кезеңде, бұл қадамды банк өз қауіпсіздігі үшін жасағаны айқын. Негізінен, мұндай шешім Home Credit Bank-тің Қазақстандағы нарықтағы позициясын қорғауға және болашақтағы санкциялық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған. Мәселе мынада, ВТБ – санкцияларға тап болған ең ірі ресейлік қаржы институттарының бірі.
АҚШ пен басқа да батыс мемлекеттері бұл банкті бірқатар шектеулермен қамтыған, ал оның «еншілес» ұйымдары да санкциялардың ауыр салдарын сезіне бастады. «ВТБ Қазақстан» да осы санкциялардың қысымына ілініп, халықаралық деңгейде жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды.
Home Credit Bank мұндай жағдайда байланыстарды үзуді дұрыс деп шешті, себебі мұндай серіктестік банкке де санкциялық тәуекел тудыруы мүмкін еді. Home Credit Bank-тің өз тәуелсіздігін нығайтуға деген ұмтылысы да ескеруге тұрарлық. 2022 жылдың соңында банк ресейлік акционерлерден құтылып, Қазақстандағы дербес банк ретінде жұмысын жалғастырды. Бұл тек банктің емес, жалпы Қазақстанның да қаржылық жүйесінің тәуелсіздігін көрсетуге деген қадамдары ретінде көрінеді.
Қазақстан ресейлік қаржы институттарымен байланыстарды шектеу арқылы халықаралық қауымдастық алдында өзінің санкциялардан тыс қалуға тырысатынын дәлелдеп отыр.
Тағы бір назар аударарлық мәселе – бұл жағдай Қазақстанның Ресейге тәуелділіктен арылып, өз қаржы жүйесін жаһандық нарыққа бейімдеуге тырысып жатқанын көрсетеді. Сбербанк пен Альфа-Банк те қазақстандық нарықтан шығып кеткенімен, ВТБ соңғы болып қалған еді. Енді бұл банк те санкциялардың толық ауыртпалығын сезініп отыр, сондықтан Қазақстанның қаржы жүйесі үшін жаңа серпін қажет екені айқындалды. Қорытындылай келе, Home Credit Bank-тің бұл шешімі банк саласындағы жаңа кезеңнің басы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық қаржы нарықтарына интеграциялану жолындағы маңызды қадамы ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇 https://t.me/fragmentqaz
Show all...
👍 33🥱 6 2
Photo unavailableShow in Telegram
БАҚ: Израильдің әскери басшылығы премьер Нетаняху мен Қорғаныс министрі Галанттың Ливандағы “Хезболла” мен оның одақтастарына қарсы толық ауқымды соғыс бастау туралы ұсынысын қолдады!
Show all...
👍 25👎 24💩 1
Photo unavailableShow in Telegram
Германия Изральге қару-жарақ пен әскери техника экспорттауға тыйым салды!
Show all...
64👍 37👎 13🤔 1
Photo unavailableShow in Telegram
Ресей Думасының спикері Володин: Байденнің, Макрон мен Шольцтің ұстанған саясаты үшінші жаһан соғысына немесе ядролық соғысқа әкелуі мүмкін!
Show all...
🤡 50🖕 26💩 2👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
НАТО: Кремльдің “қызыл сызығы” бос былшыл!
Show all...
💯 68👏 5
00:11
Video unavailableShow in Telegram
Израиль соғыстың жаңа кезеңі басталғанын хабарлады! Израиль армиясы негізгі күшті солтүстікке, яғни Ливан жаққа қарай жұмылдырмақ!
Show all...
IMG_1650.MP49.18 KB
👎 43👍 17🖕 5
Photo unavailableShow in Telegram
Эстония да Ресей шекарасына әскерін әкелмек... Эстонияның оңтүстігінде Вору қаласына жақын жерде «Ридо» деп аталатын жаңа әскери база ашылды. Вору – Ресей шекарасынан шамамен 45 км қашықтықта, Псков облысындағы Печоры қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл база Эстонияның қорғаныс күштері мен одақтас елдердің, соның ішінде Америка Құрама Штаттарының әскери қызметкерлерін орналастыруға арналған және «НАТО қорғаныс жоспарларына сәйкес қажетті дайындықтан өту үшін» пайдаланылады. Кешен 14 ғимаратты қамтиды және 1 мыңға дейін әскери қызметкерді қабылдай алады. Олар базада тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін.
Show all...
🔥 39👍 21 1
Photo unavailableShow in Telegram
Финляндияда НАТО-ның 2 штаб-пәтері болады. Бұл туралы "Yle" басылымы жазды. Скандинавия елдеріндегі НАТО құрлық күштерінің штаб-пәтері елдің оңтүстігінде, Ресеймен шекараға жақын жерде, Миккели қаласында орналасады. Альянстың озық құрлық күштерінің штаб-пәтері Финляндияның солтүстігінде орналасады. Керемет: Ресей НАТО-ны шекарадан қуамын деп, Украинаға соғыс ашқанын айтып еді. Сөтсе, НАТО шекарасының дәл түбіне жетіп келіпті)
Show all...
👍 62🔥 5
00:16
Video unavailableShow in Telegram
Ливан. Бүгінгі жарылыстардан қаза тапқандар саны 9 адам. Жараланғандар саны 300 адам.
Show all...
IMG_3296.mp42.34 MB
😱 10👍 5🤬 3😢 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.