cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

экстаз

yeligimay

Show more
Advertising posts
425
Subscribers
+124 hours
+27 days
+1630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Тараздамын. Іс-сапармен келгенмін. «Ол үшін Қаратау құшағын жаятын» деген жолдарды жазған ақынның туған жері шынымен де жатсынбай, құшағын жайып тұрады екен. Бір қызығы, мүлдем бейтаныс адаммен қала кездім. Сырластым. Бәлен жыл аралас-құралас болғандай сезім. Ертең мен оны ұмытып кетемін, ол мені. Қазірдің өзінде бейнесі есімнен шығып барады. Нөмір де алмаспадық. Бірақ мына әңгімелер өмір бойы есте сақталады. Тіпті көп түйіткілдердің түйінін шешеді. Сенімдімін. Кейде Құдайдың ойлары адам кейіпіне енетін секілді.
Show all...
10💔 2
«Егер әлемде кешірілмейтін бір нәрсе болса, ол – кешіре алмау» Эмиль Ажар
Show all...
5💔 1
Тас сүйреген құл сынды бұлтты тартып барады жел. Уақыт, түсіме енші. Бір бақытты бәрінен күттім артық, Қанша жанды жылатып, түсінерсіз.
Show all...
7💔 4
Мені тозақтан жұмаққа жетелеген үш қана қадам еді. Оның алғашқысы жақсы ой, екіншісі жылы сөз, үшіншісі рақымды іс болды. (с) Ницше.
Show all...
10💔 4
құдай жөнінде ойларым қырық құбылып... сәттерден неге естелік қалмай барады? біреудің сенімін ақтағым келеді... біреуге сенгім де... мен ауыр ойларды... қатені... күнәні... кінәні... көтеріп жүремін... мені де көтеріп жүреді жер күнде... мен осы ғаламға өзімді тануға келдім бе? өзімді табуға келдім бе... күз өтіп кеткендей. қыс та ертең өтеді.... о, тағы алданыш етеміз біз нені?! о, тағы қаламыз келетін күндерге үүүп-үлкен арманды мақсат қып... көшкен бұлт. көшкен мұң. көшкен ел. өзінен қорқатын өзімнен сескенем... бәрі де баяғыдай баяғыдай көрпенің астында көзіңнің жасына булығып жатасың... өмірдің заңы екенін барлығы құдайдың жарлығы екенін барлығы шамаң жоқ ескерер.. шамам жоқ ескерер... Жұлдыз Молдағали
Show all...
5💔 3
Show all...
Marhaba-Sabi-Жүректің-жұлым-еті.m4a4.96 MB
5💔 2
Білесіз бе, әлсіздігіңген аса алмау соншалықты оңай. Бірақ ішкі арыңның сотында адалдығыңды, адамдығыңды сақтап қалу қиынның қиыны. Аппақ жаныңды кірлететін іс түгіл, ойлардың өзі мың мәрте күйретеді. Білмей-ақ, көрмей-ақ қойсам ғой дегеннің бәрін көріп, білесің. Сонда да таңғы шықтай кіршіксіз әлеміңді таптатқың келмейді. (С) Айтолған
Show all...
7💔 2
Адам ажалға амалсыз екенін түсінеді. Өлгеннің келмейтінін де біледі. Бірақ, іште бір сезім қоса өледіғой. Ауыры, азабы сол. Ол адам сыйлайтын жақындықты, көрсететін жылуды енді ешкім бере алмайды. Дәл сол адам секілді ешкім сөйлемеді, күлмейді, жүзіңе қарап жымимайды, құшақтамайды, ұрыспайды да… Сол адамның сезімі де өміріңінен ғайып болады. Жаныңа әрдайым бір сезім жетпей, жүрегіңнің бір бөлігі қуыс болып қалады. Бос орынды санада қалған естелік қана толтырар. Ал ол кейде жылытса, кейде өкініш… (С) Айтолған
Show all...
9💔 1
Бір-бірінен айнымайтын әлде мүлде ұқсамайтын күндерімнің санынан жаңылып қалдым. Әйтеуір, өтіп жатыр, өтіп жатыр. Күз де келіпті. Уақыттың еркіне жұтылып енді қанша күзді қарсы алар екенмін?! Қызық, осы мезгілдің сағынышқа ұқсайтын көңіл-күйі бар. Әлде ақындардың өлеңінің әсері ме, әйтеуір, ішіме бір сезім орнығып алады. Өзімнен-өзім құлазып, мұңдылау ән тыңдап, даладағы салқындықтан қашып жып-жылы жерде ып-ыстық шай ішіп отыра бергім келеді. Кейде жалғыз. Кейде біреумен. Одан соң пойызға мініп, алыс жолға шыққым келеді. Терезеден ештеңесі жоқ, жалықтырып жіберетін ұзыннан ұзақ созылып жатқан жазық далаға қарап отырып, ойыммен оңаша қалғым келеді. Ал ойымнан жалықсам ескірген әлде жап-жаңа кітаптарды парақтаймын. Сосын әдеттегідей әлдебіреудің пәлсапасына таңғалып, әлдебіреудікінен жиіркеніп, кейбіреуінен еш сезім кешпей жаба саламын. (С) Айтолған
Show all...
6💔 1
02:11
Video unavailableShow in Telegram
Бұл Шалқардың салған әні. Жүректі әлдебір сезімдер билей жөнеледі. Көзіңе жас келеді. Тілің «Шіркін-айдан» басқа ештеңе айтпайды.
Show all...
IMG_8712.MOV16.17 MB
3
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.