cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Ertenmedia.kz

Ertenmedia.kz ақпарат агенттігі

Show more
Advertising posts
2 327
Subscribers
-1724 hours
-907 days
-29530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Repost from Fragment ®
⚡️ Қайрат Нұртастың АЭС-ті қолдаудан өзге амалы болмады... Танымал әнші Қайрат Нұртастың АЭС құрылысын қолдап пікір білдіруі көптің көкейінде түрлі сұрақ тудырды. "Оның бұл әрекеті тек қарапайым қолдау ретінде қабылданбауы мүмкін, себебі бұрынғы тәжірибесі көрсеткендей, Қайрат елдегі үлкен саяси оқиғалар кезінде билік үшін халық назарын басқа жаққа бұратын "инструмент" рөлін атқарып келді", - деп жазады Fragment.
Мәселе мынада: Қайраттың халық алдындағы танымалдығы мен ықпалы барын жақсы білетін билік оны қолайлы сәтте өз мақсатына пайдаланудан тартынбайды.
Қандай да бір саяси оқиға алдында әншінің абыройын төгетін қаңқу әңгіме тарап, жұрттың назары соған қарай ауып кеткеніне талай мәрте куә болғанбыз. АЭС құрылысына қолдау көрсету арқылы Қайрат биліктің назарынан қашып, кезекті рет "инструментке" айналмау үшін алдын-ала қәрекет етті деп пайымдауға негіз бар. Референдум алдында әншілер мен әртістердің саясатқа араласуы жайдан-жай емес. Мұндай тәсіл қоғамды белгілі бір пікірге қарай бұру үшін қолданылады.
Алайда бұл жерде Қайраттың өзі де белгілі бір таңдау жасауға мәжбүр болғанын байқаймыз: егер ол биліктің талабын орындамаса, тағы да түрлі жанжалдар мен қаңқу әңгімелер арқылы қоғам назарын аударуға себепкер болуы мүмкін еді.
Әнші осы жолы өз беделін сақтап қалу үшін биліктің талабына көнуді таңдағандай көрінеді. Ол бұрынғыдай политтехнологияның пешкасына айналып кетпеу үшін осы мәлімдемені жасауға мәжбүр. Оның бұл әрекеті екі жақты болуы мүмкін: бір жағынан, халық алдындағы беделін қорғау; екінші жағынан, биліктің қыспағынан аман қалу. Оның АЭС туралы пікір білдіруі, бәлкім, «бір оқпен екі қоян ату» секілді көрінеді. Әрі ел алдында ашық мәлімдеме жасап, өзін тәуелсіз пікір иесі ретінде көрсету, әрі билікке қарсы келмейтін тұлға болып қалу. Биліктің мәдениет және шоу-бизнес өкілдерін саясатқа араластыруы жиі кездесетін құбылыс. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, көптеген елдерде орын алатын жағдай.
Тек осы жерде халықтың сенімі мен танымал әншінің тәуелсіздігі сынға түсіп отыр.
Қайрекеңнің АЭС қолдауы – тек қарапайым саяси мәлімдеме емес. Әншінің шешімі саяси конъюнктураға бейімделген және белгілі бір дәрежеде қорғаныс механизмін қамтыған деп айтуға болады. Ол ел алдында тағы да беделінен айырылмас үшін, әрі назарды басқа жаққа бұратын құрал болмас үшін осындай қадамға барған болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, Қайраттың АЭС-ті қолдаудан өзге амалы болмады. Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇 https://t.me/fragmentqaz
Show all...
Repost from Fragment ®
⚡️ Қазақстандағы ресейлік банктер мүсәпірдің күйін кешуде... Home Credit Bank-тің «ВТБ Қазақстанмен» қарым-қатынасты тоқтатуы Қазақстанның банк секторы үшін күтпеген және маңызды оқиға болды. Қазақстанның қаржы институты «ВТБ Қазақстан» клиенттерімен кез келген аударымдарды, мейлі ол теңгемен болсын немесе шетел валютасымен болсын, толығымен тоқтатты деп жазады Fragment. Халықаралық санкциялар жағдайында, әсіресе Ресейге қарсы қатаң шаралар қолданылып жатқан кезеңде, бұл қадамды банк өз қауіпсіздігі үшін жасағаны айқын. Негізінен, мұндай шешім Home Credit Bank-тің Қазақстандағы нарықтағы позициясын қорғауға және болашақтағы санкциялық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған. Мәселе мынада, ВТБ – санкцияларға тап болған ең ірі ресейлік қаржы институттарының бірі.
АҚШ пен басқа да батыс мемлекеттері бұл банкті бірқатар шектеулермен қамтыған, ал оның «еншілес» ұйымдары да санкциялардың ауыр салдарын сезіне бастады. «ВТБ Қазақстан» да осы санкциялардың қысымына ілініп, халықаралық деңгейде жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды.
Home Credit Bank мұндай жағдайда байланыстарды үзуді дұрыс деп шешті, себебі мұндай серіктестік банкке де санкциялық тәуекел тудыруы мүмкін еді. Home Credit Bank-тің өз тәуелсіздігін нығайтуға деген ұмтылысы да ескеруге тұрарлық. 2022 жылдың соңында банк ресейлік акционерлерден құтылып, Қазақстандағы дербес банк ретінде жұмысын жалғастырды. Бұл тек банктің емес, жалпы Қазақстанның да қаржылық жүйесінің тәуелсіздігін көрсетуге деген қадамдары ретінде көрінеді.
Қазақстан ресейлік қаржы институттарымен байланыстарды шектеу арқылы халықаралық қауымдастық алдында өзінің санкциялардан тыс қалуға тырысатынын дәлелдеп отыр.
Тағы бір назар аударарлық мәселе – бұл жағдай Қазақстанның Ресейге тәуелділіктен арылып, өз қаржы жүйесін жаһандық нарыққа бейімдеуге тырысып жатқанын көрсетеді. Сбербанк пен Альфа-Банк те қазақстандық нарықтан шығып кеткенімен, ВТБ соңғы болып қалған еді. Енді бұл банк те санкциялардың толық ауыртпалығын сезініп отыр, сондықтан Қазақстанның қаржы жүйесі үшін жаңа серпін қажет екені айқындалды. Қорытындылай келе, Home Credit Bank-тің бұл шешімі банк саласындағы жаңа кезеңнің басы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық қаржы нарықтарына интеграциялану жолындағы маңызды қадамы ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇 https://t.me/fragmentqaz
Show all...
Repost from Fragment ®
⚡️ Қазақ пен қырғыз көкпарға бола ырылдасып жүргенде, Әмірика адам миына шип салып жатыр... Илон Масктың жетістіктеріне қарап, оның тек жаңа технологияларды дамытумен шектелмейтінін байқауға болады деп жазады Fragment. Ол әрдайым бірнеше қадам алға ойланып, болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне қажет бағытты анықтайды.
Әлеуметтік желі X-ті сатып алу – Масктың кезекті стратегиялық қадамының бірі ғана. Бұл қадам оның тек бизнесмен ретінде ғана емес, саяси және қоғамдық ықпалы бар тұлғаға айналғанын көрсетті.
Маск АҚШ-та туылмаған, яғни натурализацияланған азамат, және оның «Америкалық арманды» іске асырып, кәсіпкерлік шыңына көтерілуі осы жүйенің өміршеңдігін тағы бір рет дәлелдеп тұр. Ол Tesla-ның табысына сүйеніп, жай ғана бай кәсіпкер болып қала салуы мүмкін еді, бірақ ол тоқтап қалмады. Оның бұл шешімі дұрыс болды, себебі қазіргі кезде электромобильдерге деген қызығушылық азая бастауда, ал Tesla әлі де үлкен табыс әкелсе де, бұл сегменттің болашағы күмәнді. Масктың болашақты алдын ала көре білуі оның Tesla-дан бөлек бірнеше табысты жобаларды қолға алуына себеп болды. Space X және Solar City секілді жобалар алғашында шығынды болғанымен, қазір олар пайда әкеле бастады. Starlink – ғаламдық деңгейдегі интернет тарату жүйесі де айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр.
Ең қызығы – Neuralink жобасы. Бұл компания болашақта адам миына нейроимпланттарды енгізу арқылы түрлі физикалық шектеулерді жеңуге мүмкіндік беретін технологияны дамытуды көздейді.
Neuralink-тің ең үлкен жетістіктерінің бірі – FDA-дан (АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы) «серпінді жоба» мәртебесін алуы. Бұл мәртебе құрылғылардың жылдам мақұлдануына мүмкіндік береді, әсіресе олар адамдардың өміріне айтарлықтай әсер ететін болса. Масктың айтуынша, бұл құрылғы екі көзінен айырылған адамдарға көру қабілетін қайтарады. Мұндай жобалар тек қана медициналық салада емес, жалпы технологиялық және ғылыми зерттеулерде үлкен төңкеріс жасауға дайын. Масктың барлық жобалары оның тек табысқа ғана емес, болашаққа да бағытталғанын көрсетеді. Ол адамның миы мен компьютер арасында тікелей байланыс орнатуды көздеп отыр, бұл болашақта адамның мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтереді.
Егер бұл жоспарлар сәтті жүзеге асса, Масктың саяси ықпалы да күшейе түседі, себебі мұндай технологиялар адамдардың күнделікті өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Әрине, Маск АҚШ президенті бола алмайды, себебі ел конституциясы бойынша бұл қызметке тек елде туылған азаматтар ғана сайлана алады. Бірақ Марс президенті болуға толық мүмкіндігі бар. Масктың саяхат пен ғарыштық технологиялар саласындағы жобалары оны тіпті Жерден тыс әлемде де ықпалды тұлға етуі ғажап емес. Қорыта келе, Илон Масктың табыстары тек қана технологиялық жаңалықтармен шектелмейді. Оның жобалары – болашаққа бағытталған және адамзаттың мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін стратегиялық қадамдар. Мұндай контентті құптасаңыз лайк басуды және тіркелуді ұмытпаңыз👇 https://t.me/fragmentqaz
Show all...
👏 1
Repost from DALA INSIDE
⚡️ Берлин мен Астананың жасырын одағы: қазақ мұнайы Германияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етпек... Германияның Бранденбургтегі мұнай өңдеу зауыты Қазақстаннан мұнай жеткізуді ұзақ мерзімге созатыны мәлім болды. "Кәнцлер Олаф Шөлцтың Астана сапары барысында жария етілген жаңалық екі ел арасындағы энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашады", - деп жазады DALA INSIDE. Бранденбург федералды аймағындағы Шведт қаласында орналасқан Petrolchemisches Kombinat Schwedt (PCK) зауыты бұрын Ресей мұнайына басыбайлы тәуелді болып, елдің солтүстік-шығысын жанармай және басқа да өнімдермен қамтамасыз еткен-ді. Алайда, Кремльдің Украинаға басып кіруі және осыған байланысты санкциялар салдарынан, Берлин ресейлік мұнай импортына шектеу қойып, жаңа тасымал көздерін іздестіре бастады. Нәтижесінде Қазақстанмен арадағы мұнай жеткізу келісімдері маңызды рөл атқарып отыр.
2023 жылдан бері PCK зауыты төмен қуатта жұмыс істеп келгенімен, Қазақстаннан келетін мұнай көлемін біртіндеп арттыру жоспары жүзеге асырылуда.
Былтыр еліміз осы зауытқа 1 миллион тонна мұнай жеткізген, биыл бұл көлемді 1,4 миллион тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Жаңа келісімдер қазақтың "қара алтынын" 2024 жылдан кейін де үздіксіз жеткізуді көздейді. Айта кетсек, PCK мұнай өңдеу зауытының көп бөлігі "Роснефттің" неміс жеріндегі еншілес ұйымдарына тиесілі болғанымен (54%), Берлин 2022 жылы бұлардың бақылау пакетін сенімгерлік басқаруға алған. Бұл қадам Мәскеумен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында жасалған болатын. Қазір неміс шенділері Қазақстанмен Rosneft Germany арқылы қосымша келісімшартқа қол қойып жатыр. Осынау келісім мұнай тасымалын қауіпсіз ету және Rosneft Germany, PCK Schwedt, Miro және Bayernoil мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жасалуда.
Келіссөз нәтижесіне екі тараптың та көңілі толған тәрізді: немістерге 2025 жылдың аяғына дейін ай сайын 100 мың тонна мұнай жеткізіп тұруды мойнымызға алдық. Алдағы уақытта бұл көлемді ұлғайту мүмкіндігі де қарастырылуда.
Өз кезегінде Берлин "Роснефттің" Германиядағы еншілес кәсіпорындарына жаңа қожайын іздеп жатқан жайы бар. Жаңа меншік иесі табылса, Еурокомиссия тарапынан 400 млн еуро көлемінде қомақты субсидия бөлініп, Росток портынан Шведтке дейін созылып жатқан мұнай құбыры толық жаңарады. Бұл Қазақстаннан келетін мұнай көлемін арттыруға және жеткізу процесін жеңілдетуге ықпал етпек. Алайда, әлгі ақша тек "Роснефт" меншік иесі болмаған жағдайда ғана беріледі деген шарт бар. Қазақстаннан Германияға жеткізілетін мұнай Ресей аумағы арқылы өтеді. Мұнай тасымалы үшін қолданылатын негізгі маршрут — Ресейдегі "Дружба" мұнай құбыры. DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
Repost from Fragment ®
⚡️ "Менің сөзіме құлақ асатын кез келді...". Тоқаевтың Мәскеу мен Батысқа жолдаған қатаң месседжі Кремль пропагандасы Ресейдің әскери қуатына қатысты пікір білдірген Тоқаевтың мәлімдемесін сан-саққа жүгіртіп, бұра тартуда.
Неміс канцлері Олаф Шолцпен кездесуде ""Кремль Киевпен соғыста жеңілмейді" деген Тоқаев шын мәнінде не айтқысы келді?
"Мемлекет басшысының мәлімдемесін эмоциялық немесе моральдық тұрғыдан емес, прагматикалық көзқараспен қарастыру қажет", - деп пайымдайды Fragment. Ресей - ірі ядролық держава, оның әскери қуатын есепке алмау мүмкін емес. Президенттің "Ресей жеңілмейді..." деген сөзі шын мәнінде әскери-саяси жағдайдың шынайылығын ескеруге шақыру. Бұл - соғыстың ары қарай созылуы ешкімге пайдалы болмайтынын білдіретін ишара. Тоқаев әлемге, әсіресе соғысып жатқан тараптарға, "әскери шешім болмайды, енді дипломатиялық жол іздеңдер" деген месседж беріп отыр. Стамбұл келісімінің мүмкіндігінен айырылу туралы Тоқаевтың сөзі — соғыстың алғашқы кезеңіндегі дипломатиялық мүмкіндіктерді айқын көрсетеді. Ол келісім сәтінде әлемдік саясаткерлердің қателік жібергенін атап өтіп отыр. Бұл, бір жағынан, Тоқаевтың дипломатияға деген сенімін көрсетеді. Яғни, оның пікірі — тек келіссөздер арқылы ғана жанжалдың ұзақ мерзімді шешімін табуға болады дегенге саяды.
Шолцпен екеуарада әңгімеде Қазақстан басшысының Қытай мен Брәзилияны тілге тиек еткені бекер емес.
Қазақстан сияқты көпвекторлы саясат ұстанатын елдер үшін Қытай мен Брәзилияның бастамаларына қолдау білдіру — стратегиялық қадам. Бұл елдер тікелей қақтығыстарға араласпай, өздерін бейтарап медиатор ретінде көрсетіп келеді. Қазақстанға да осындай бейтарап ұстаным керек, себебі кез келген жаққа ашық қолдау білдіру елдің ішкі және сыртқы саясатына қауіп төндіруі мүмкін. Тоқаев бұл жерде тағы да балансты сақтап, бейбітшілікке бағытталған жоспарлардың жан-жақты қарастырылуы қажет екенін еске салуда. Қазақстанның Ресеймен әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекараға ие болуы — президент сөзінің маңызды бөлігінің бірі. Осы фактор Тоқаевтың әрбір қадамын абайлап жасауға мәжбүр етеді.
Кремльмен арадағы кез келген шиеленіс Астана үшін катастрофа: себебі, экономикалық, саяси, және әлеуметтік байланыстар өте тығыз.
Тоқ етерін айтқанда, Тоқаевтың кешегі мәлімдемесі — жан-жақты дипломатиялық маневр. Сонымен қатар, Қазақстанның Украинамен ешқандай қақтығысы жоқ, және украин халқының мәдениеті мен тәуелсіздігіне құрметпен қарайды. Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇 https://t.me/fragmentqaz
Show all...
👏 1
Repost from Fragment ®
⚡️ Өзбектің "Шораевы". Кремльге күн бермей жүрген Әлішер Қадыров жайлы не білеміз? Әлішер Қадыров – Өзбекстандағы батыл әрі шыншыл саясаткердің бірі. Ол Ресей шовинизміне қарсы өткір сындарымен әйгілі деп жазады Fragment. Бұл тұрғыда ол Қазақстандағы мыңдаған оқырманы бар және қоғамдық пікірге ықпал ете алатын - Мұхтар Тайжан мен Арман Шораевқа ұқсас. Жалғыз ғана айырмашылық - Қадыров билікте отыр. Әлішер мырза ауқымды электораты бар "Миллий тикланиш" (Ұлттық жаңғыру) партиясының көсемі және парламенттегі төменгі палата спикерінің орынбасары. Бір жылдары Мирзияевпен қатар президент сайлауына түскенін де ұмыта қойған жоқпыз.
Қадыровтың телеграм арнасы Ресейге қарсы контентке толып тұр. "Ресейлік-кеңестік идеологияға ел көлемінде толық тыйым салу керек" дейді саясаткер.
Бұл мәлімдемеге 74 жастағы Самарқан тұрғынының сот үкімі түрткі болды, ол Кеңес Одағын қайта қалпына келтіруді жақтап, Өзбекстанның тәуелсіздігін жоққа шығарған болатын. Қадыров бұл жағдайды ел тарихындағы ең ауыр кезеңдермен байланыстырды және мұндай пікірді "халқымыз бен ата-бабаларымызға жасалған опасыздық" деп атады. "Бірінші май" кезінде көшеге КСРО-ның туын алып шыққандар Қадыровтың қаһарына ұшырап, енді қайтып мұндайға бармастай болды. Әлішер Қадыровтың Мәскеуге және Кеңес Одағына қарсы ашық пікірлері – жай ғана сын емес, саяси мәлімдеме. Ол Кеңес Одағын тек өткеннің қараңғы парағы ретінде ғана емес, қазіргі Кремльдің империялық пиғылының жалғасы деп қабылдайды.
"Өзбекстан тәуелсіздігін бекем ұстау керек, дейді Қадыров, ал "Кеңес Одағын қайта құру" секілді әңгімелер – бұл біздің ата-бабаларымызға жасалған қиянат деп санайды.
Украинаға басып кіргеннен кейін ресейлік идеологтар Орта Азия елдеріне шүйліге бастады. Айталық, ресейлік саясаткер Захар Прилепин Өзбекстанды аннексиялау қажеттілігін айтып, онда жұмыс істеп жүрген миллиондаған мигранттардың санын сылтауратты. Ал ресейлік тарихшы Михаил Смолин өзбектерді ұлт ретінде жоққа шығарғаны белгілі. Бұған жауап ретінде Қадыров ресейлік телеарналардың Өзбекстан аумағында таралуына шектеу қоюды талап етті. Оның пікірінше, ресейлік пропаганда Өзбекстанның ақпараттық кеңістігін тұншықтырып отыр.
"Елдегі орыстың үлесі 3 пайыздан аспайды. Солай бола тұра ресейлік медиа контенттің ықпалы тым күшті. Үш пайыз орыс үшін ресейлік телеарналарға толық еркіндік бергеніміз ақылға сыймайды", - дейді саясаткер.
"Тәшкент сыртқы саясатта Кремльге қарсы келмегенмен, Қадыров сияқты саяси тұлғалар Ресейдің ықпалына ашық қарсылық білдіріп отыр. Өзбекстандағы саяси жүйеде сыртқы саясатқа қатысты кез келген ашық пікір елдің жоғары басшылығының мақұлдауынсыз айтылмайды" деп пайымдайды Fragment. Сондықтан, Қадыровтың пікірі Өзбекстан үкіметінің Ресейге қатысты ресми ұстанымы болмаса да, ел ішіндегі белгілі бір топтардың Кремльдің шовинистік саясатына қарсылық білдіретінін көрсетеді. Кремльдің империялық ойыны әлі тоқтаған жоқ. Қадыровтың сөздері – бұл Мәскеудің Орта Азияға қатысты агрессивті саясатынан сақтандыру, және мұндай ашық мәлімдемелер арқылы Тәшкенттің өзінің тәуелсіздігін қорғауға дайын екенін көрсетіп отыр. Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇 https://t.me/fragmentqaz
Show all...
Repost from Fragment ®
⚡️Трамптың тосын стратегиясы: Дөкеңнің Кремльді тізе бүктіру жоспары жүзеге аса ма? Әміриканың президенттік сайлауына түсіп жатқан екі кандидаттың өзекті саяси мәселелерге көзқарасы қызу талқылануда. Fragment осы тұста Доналд Трамптың Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі нақты жоспарына назар аударды. Жоспар алғаш рет Wall Street Journal-дың 25-ші шілдедегі санында жарияланып, қыркүйек айында Нью-Йорктегі Экономикалық клубта Трамптың өз аузымен айтылды. Жоспардың басты тармағы – Бәйден әкімшілігінің "жасыл экономика" аясындағы АҚШ-тың мұнай-газ өндірісіне енгізген шектеулерін алып тастап, әлемдік мұнай бағасын құлдырату.
Осы арқылы Ресейдің бюджетінің негізгі табыс көздерін бітеп, Кремльдің соғысты қаржыландыру мүмкіндігінен айыру. Айталық, егер мұнай бағасы баррельге $60-тан $30-ға дейін түссе, Ресейдің бюджеттік кірістері шамамен екі есе қысқарады. Ендеше Пүтин үшін соғысқа қажетті қаржы табу қиынға соғады деген сөз.
Трамптың осынау жоспары 80-ші жылдардың соңында Ақ үйдің Кеңес Одағына қарсы қолданылған стратегиясына ұқсас. Сол тұста әлемдік мұнай бағасының күрт төмендеуі Одақтың экономикалық жағдайын нашарлатып, Михаил Горбачев АҚШ президенті Рональд Рейганның аяғына жығылған. Нәтижесінде, "қырғи қабақ" соғыс аяқталып, Кеңес Одағы ыдырап тынған еді. Дөкең дәл осы әдісті қолдану арқылы Ресейге қысым көрсетуді ұсынып отыр.
Трамптың бұл идеясы Украинадағы соғысты тоқтатудың тың әдісі болғанымен, оппоненттері оны "Ресейге қолдау көрсетеді" деп жиі сынайды. Трампқа қатысты "Путиннің досы" деген пікірлер әлемжеліні әлі күнге кезіп жүр.
Алайда, өткенге көз жүгіртсек, Обама-Бәйден әкімшілігінің Ресейге қатысты саясаты әлдеқайда "жұмсақ" болғаны айқын көрінеді. Мысалы, 2009 жылы басталған әйгілі "перезагрузка" бағдарламасы Кремльмен қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған болатын. Бұл АҚШ-тың сол тұстағы ұлттық мүдделерінің нәтижесі еді. Бұл саясат Бейжіңнің экспанциясын тежеу мақсатында Ресейді қолдауды көздеген "кері Киссинджер жоспары" (The Reverse Kissinger) ретінде сипатталады. 1970-жылдары Генри Киссинджер дипломатиялық әдістер арқылы АҚШ-тың Қытайды қолдауын бастап, сол арқылы Кеңес Одағына қарсы тұруға күш салған-тын. Иә, Бәйден-Хәррис әкімшілігі соңғы екі жыл Украинаға әскери және қаржылай көмек көрсетуде. Бірақ оның әсері аздау болып тұр. Зеленский бұған дейін Батыстың Украинаға қажетті деңгейде көмек көрсетпейтінін айта келе, батыстық қару-жарақты Ресей аумағына қолдануға тыйым салуы Киев үшін үлкен шектеу екенін атап өткен.
"Кремль кез-келген қаруды еркін пайдалана алады, ал Украина өзіне тиесілі қарумен жауап қайтара алмайды..." деген Киев бұл жағдайды "абсурд" деп атаған.
"Трамптың "Украинадағы соғысты тоқтату жоспары" қарапайым әрі тиімді болып көрінуі мүмкін, алайда бұл шешім қаншалықты тез нәтиже берері белгісіз" деп пайымдайды Fragment. Бәйден әкімшілігінің Зеленский сынға алған стратегиясы да Киевке толық жеңіске жетуге мүмкіндік бермей отырғанын аңдауға болады. Соғысты тоқтату мәселесінде екі үміткер де өз жолдарын ұсынып отыр, бірақ кімнің жоспары шынайы нәтиже берері уақыт еншісінде. Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇 https://t.me/fragmentqaz
Show all...
👍 1🔥 1👏 1
Repost from Fragment ®
⚡️ Кремль АЭС-тың үгіт-насихатына кірісіп кетті! РосАтом "миссионерлері" Орта Азияны шарлап жүр... Соңғы кезде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның медиа алаңында "ядролық энергия арқылы Орта Азияны энергетикалық кризистен құтқарамыз" дейтін Кремль агитациясы күшейіп барады деп жазады Fragment. Бұл бастаманың астарында Ресейдің саяси және экономикалық мүддесі жатқаны айдан анық. Fragment-ке жеткен мәлімет бойынша аймақ елдерінде ядролық энергияны балама шешім ретінде қарастыру үшін ауқымды ақпараттық кампанияны басталған.
Мұның төбе басында - Ресейдің "Росатом" корпорациясы тұр.
Алдағы екі-үш айдың көлемінде компания өкілдері (барлаушылары) аймақтағы соның ішіндегі Қазақстандағы ресейшіл медиаға жаппай сұхбат беріп, "РосАтом" қауіпсіз әрі экологиялық таза технология ұсынады" дегенге ел-жұртты иландыруға тырысады. "РосАтомның" Орта Азиядағы өкілі (кураторы) Дмитрий Константинов ресейлік алпауыттың имиджін жақсартуға білек түре кіріскен жайы бар. Ресейлік реакторлардың қауіпсіздігіне кепілдік берген Димекең, олардың 8 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алатынын алға тартып отыр. Fragment-ке пікір білдірген, алайда аты-жөнін атамауды өтінген физик-ядерщиктің айтуынша Орта Азия сейсмикалық белсенділікке жиі ұшырайтындықтан, жер сілкіністерінің ықтималдығы әрқашан жоғары. Бұл аймақта АЭС салу үлкен тәуекелге алып келеді. "Росатом" ұсынып отырған РИТМ-200Н реакторлары бұған дейін тек теңізде, атап айтқанда, Арктикадағы мұзжарғыш кемелер мен "Академик Ломоносов" атты қалқымалы АЭС-те қолданылған. Бұл реакторлардың құрлықта қаншалықты қауіпсіз жұмыс істері белгісіз", - дейді маман.
Оның атап өткеніндей, Ресей ядролық қалдықтарды үтилизациялауға атүсті қарайды. "Росатом" корпорациясы өз ядролық қондырғыларында жүйесіз әрекеттер жасап, қауіпсіздік талаптарын ескермейтін жағдайлар жиі орын алады.
Мәселен, 2023 жылы ядролық отынды тасымалдауда пайдаланылған кеме қауіпсіздік талаптарын бұзған. "Чернобыль апаты мен "Курск" трагедиясы – бұл Ресейдің ядролық саладағы немқұрайдылығының нақты мысалдары. Арктика аймағындағы ядролық қалдықтарды тазалау жұмыстары тоқтатылып, бұл аймақ экологиялық қауіпті аймаққа айналуда.Ресейдің Украинадағы соғысы оның ядролық саладағы ресурстарын сарқып отыр, бұл атом энергетикасына байланысты қызметтердің дұрыс орындалмауына алып келеді", - деді бізге пікір білдірген спикер. Референдум жақындаған сайын Қазақстанның медиа алаңында РосАтом-ның мақтауын асыратын жалдамалы блогерлер мен саясаттанушылардың "сараптамасы" көбейе бастайды. Кремль мен Росатомнан аулақ болу – Қазақстанның өз егемендігін және қауіпсіздігін сақтаудың бірден-бір жолы. ☑️ Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇 https://t.me/fragmentqaz
Show all...
👍 2🔥 1
Repost from DALA INSIDE
⚡️ Менде ешқандай фобия жоқ! Тоқаев Жаңа Қазақстанның жауларына жауап қатты... Президент Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанға сес көрсетуге тырысатын түрлі теріс пиғылды күштерге жауап қатты. DALA INSIDE Тоқаевтың фобия деген сөзге ерекше акцент бергеніне назар аударды.
Президент осы арқылы қазіргі биліктің ескі Қазақстан өкілдерінен де, Кремль проғапандасынан да және басқа да радикалдарды тараптардан қаймықпайтынын көрсетті.
"Кейбір теріс пиғылды күштер, оның ішінде шетелде жүргендер де бар, мәселені ушықтыру арқылы қоғамдық пікірге ықпал еткісі келеді, елімізге орынсыз шүйлігеді", - деді Мемлекет басшысы. Тоқаевтың атап өткеніндей қазіргі жүйе әлгіндей провокацияларға төтеп беретін имминутетке ие. "Қазақстанның қоғамында да, билігінде де ешқандай "фобия" болған емес, қазір де жоқ, болашақта да болмайды. Сондықтан ақша үшін ел ішіне іріткі салуды көздейтін мұндай жымысқы әрекеттерден түк шықпайды", - деді ол. Тоқаев әділетті қоғам құрудағы күресті тоқтатпайтынын тағы бір рет шегелеп, халықты түрлі арандатушылық әрекеттерден биік тұруға шақырды.
Ескі Қазақстан? Президенттің пайымдауынша өткенмен өмір сүруге болмайды. Ескі жүйеден кінә іздей беру адамның еңсесін түсіріп, өзгеге өкпе артуға алып келеді.
Президент төңірегіндегі менеджерлерге Әділетсіз, Қауіпсіз және Таза Қазақстан құру туралы талап қойған. Бектенов үкіметі осы бір стратегиялық мақсатқа жету үшін тынбай әрекет етуі тиіс. Жолдауды олигархат өкілдері де мұқият тыңдағаны анық. "Өткен отыз жылдағы дүние-мүлкіңізді заңдастырам дейсіз бе? Онда Қазақстан экономикасына ақша құй! Әр теңге үшін саудаласпай, қажетті шараның бәрін өз еріктеріңізбен жасаңыздар. Мұндай кәсіпкерлердің есімі жомарт жандардың "алтын тізіміне" жазылады. Ал одан бас тартқан немесе сөзбұйдаға салған кәсіпкерлерге қатысты әңгіме қысқа болады", - деді Президент. Бүгінгі мәлімдемеден кейін "комфорт зонадан" шыққысы жоқ кейбір олигархтардан маза қашты деседі. Бұл туралы алдағы күні айтамыз. Бізге қосылыңыз👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 1
⚡️ Суға с..ю күнә! Алакөлдік кәсіпкерлер кардиналды қадамға бармақ... Алакөлдегі туалет тапшылығы тазалыққа қатты мән беретін туристердің жүйкесіне тиюде деп жазады Ertenmedia. Жағажайдан жырақта орналасқан дәретханаға жету азап. Содан болар онсызда алыс жолдан шаршап-шалдығып келген кейбір жолаушылар дәретті тап сол жерде (көлде) сындыра салатын жаман әдет тапқан. Әлемжеліде кешке таман көлдің түсі өзгеріп (сарғайып) кетеді деген әзіл-оспақ өріп жүр. Әр әзілдің астарында шындық жататыны белгілі... "Туризм туалеттен басталады. Алакөлдегі дәретхана дефициті тез арада ретке келмесе, демалыстың ақшасын Түркияға бағыттаймыз. Бұл араға туалет іздеу үшін келген жоқпыз. Дәрет сындырып, беті-қолды жуатын орын қолсозым жерде орналасуы тиіс. Кейбір дәретханаларға тіпті кіру мүмкін емес, санитарлық талапқа мүлде сәйкес келмейді", - дейді тазалықты сүйетін туристер. Дегенмен, алакөлдік кәсіпкерлердің бұған айтар өз уәжі бар. Олардың пікірінше Алакөлге аунап-қунап қайтатын кейбір келушілердің туристік мәдениеті тым төмен. Жүз метр жердегі туалетке баруға ерінеді. Туалетке кірген тәпішкемен көлге қойып кететіндері бар. "Соңындағы қоқысты жинастырып кет..." деген талапқа көбіне-көп құлақ аса бермейді.
Көлдің маңында қақырып, түкіріп, шемішке шағып, шашлық пісіріп, әлі де болса "советский" шаблонмен өмір сүретіндер көп.
"Кейбір туристер менен кейін топан су қаптаса да мейлі деген түсінікке бекіп алған. Кешке таман судың түсі сарғайып жатса, оған мына біздердің жазығымыз жоқ. Айтудайын айтып жатырмыз. Тазалық тұрғысында біздерге мін тағу орынсыз. Алакөлге демалып келетін халықтың нөпірі көп. Арасында аласы да, құласы да бар", - дейді Ertenmedia-ға пікір білдірген, алайда аты-жөнін атамауды өтінген кәсіпкер. Суға с..етіндерге тоқтау салу үшін Алакөлдегі бір топ кәсіпкер әлемжелі арқылы (негізінен Тикток) үгіт-насихат жүргізбек.
Соның ішінде: "Суға дәрет сындырғанның арғы өмірде де сұрауы болады". "Қолындағы қоқысты отырған орнына тастап кететіндер Сират көпірінен өте алмай, азап шегеді" деген уағыздарға басымдық беріледі.
"Бұдан өзге амалымыз жоқ. Ескертуді елемеген кейбір туристерді о дүниемен қорқытып, тазалық сақтауға тәрбиелеуіміз керек. Суға дәрет сындыратын кейбір есерсоқтарды өстіп тәубесіне түсірмесе болмайды. Тұтастай алғанда біздің халықтың экологиялық сауатын арттыру қажет", - дейді кәсіпкер. Алдағы уақытта Алакөлден қайтып келе жатқан туристерді пәлцейлердің қалай тонайтынын егжей-тегжейлі айтамыз. Бізге қосылыңыз 👇 https://t.me/ertenmedia
Show all...
💯 5😱 3🔥 1👏 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.